Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ата аналар Бейнеу гарнизонына барып, жеке құрамның жағдайымен танысты

Қанша уақыт жатқанын білмеймін… : Атырау облысында 70 жастағы зейнеткердің мәйіті табылды (ФОТО)

Мысырда 1 наурыздан бастап шетелдіктер үшін виза ақысы көтеріледі

Футзалдан Чемпиондар лигасы: Қайрат пен Семей 1/4 финалдағы алғашқы ойынын өткізеді

Президент тапсырмалары: Шымкентте фармацевтикалық өндірісті кеңейту үшін 39,5 миллиард теңге жеке инвестициялар бағытталады

Түркістанда полиэтилен қаптама өнімдерін және скотч өндіретін зауыт ашылды

Иран Ресеймен құпия келісім жасап, зымыран кешендерін сатып алуға келісті Financial Times

Түркістан облысында салынғанына бір жыл толмаған ғимараттың қабырғалары жарыла бастады

​Бас прокуратура Олеся Кексель ісіне қатысты пікір білдірді

Орталық референдум комиссиясы 21 шетелдік байқаушыны аккредиттеді

Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге 40,7 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді

Риддерде жанармай тапшылығына қатысты ақпаратқа әкімдіктен жауап берді

Астанада дәрігерлерге түсетін әрбір бесінші шақырту шетелдіктерден

Қазақстанда үндістандық препаратты қолдануға тыйым салынды

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

​Қазақстан Лукойл активтеріне басым құқығын мәлімдеді

Ауыл шаруашылығы мамандарының стипендиясы тек 2028 жылдан кейін өсуі мүмкін

Алматыда Ольга Әбдіғаппароваға қатысты сот үкімі жарияланды

БҚО да ауыл тұрғындарының жайылымдық жері сатылып кеткені рас па

Онлайн казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті

Тұрақты өркендеудің үлгісіне айналған өңір

Тұрақты өркендеудің үлгісіне айналған өңір

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Түркістан облысы – жаңадан құрылса да, тұрмыс-тіршілігі жүйеленген, қай тұрғыдан алсаң да даму әлеуеті жоғары өңір. Бүгінде Президент тапсырмасына сәйкес, экономиканы әртараптандыру жүргізіліп, аз ғана уақытта бірқатар көрсеткіш бойынша республикада алға шығып жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарда технопарктер мен индустриялық аймақтар құруды тапсырған. Түркістан облысында құрылған 20 индустриялық аймақта 99 инвестициялық жоба жүзеге асырылып келеді. Әлбетте олар беталды басталған емес, әбден талқы таразысынан өткен жобалар. Алдымен облысқа сырттан келетін тауарларға, яғни, құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау сияқты салалар бойынша талдау жүргізілген. Нәтижесінде, импорт көлемінің 98 млрд теңгеге жеткені анық­талған. Сөйтіп, облыс әкімдігі атал­ған тауар түрлерінің тізімін жасап, соған қарай инвестициялық жобалар тізбесін әзірлеп, өңірдің өндірістік әлеуетін жүйелі түрде дамытуға ден қойды. Бүгінде құны 152 млрд теңгені құрайтын 99 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланса, оның 50-і жұмыс істеп тұр. Онда 3 мыңдай адам еңбек етіп жүр.

Айта кетерлік ауқымды жоба­ның бірі – Отырар ауданындағы мақта зауыттары. Оларда мыңға жуық ауыл тұрғыны жұмыс істеп жатыр. Кәсіпорын мақта егуден бастап, талшығын өңдеу, жіп иіру, мата тоқу, киім тігуге дейінгі кластерлік жүйемен жұмыс істейді. Ол жерге жұмысшылар арнайы дипломсыз да қабылданып, керекті тәжірибесін жұмыс барысында жинап жатыр. Бұл деген – ауыл халқына берілген тамаша мүмкіндік.

Ақпарат көздеріне сенсек, Қытайда жастардың 17 пайызы жұмыссыз жүр екен. Оған себеп бұрын олар меңгерген мамандықтар бүгінгі күннің сұранысына сәйкес келмей қалған. Бұл нені көрсетеді? Біздің елге де келешекте сан-салаға керекті мамандарды жоспарлы түрде дайындау керек. Президент елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуды тапсырған еді. Түркістанда IT мамандарын даярлайтын «Woosong University Kazakhstan» универсеті ашылды. Бұл ЖОО-ның 2 мың студент қабылдауға мүмкіндігі бар. Бүгінде онда 108 отандық, 70 оңтүстіккореялық студент білім алып жатыр. Әкімдіктен 100 грант бөлінген.

Облыста 50 колледж бар. Онда 46 мыңнан аса студент 84 мамандық бойынша білім алады. Былтыр колледж бітірген 15 мыңдай түлектің 79 пайызы жұмысқа орналасты. Оның 5 мыңға жуығы – жұмысшы мамандық иелері екен. Алдағы жаңа оқу жылына жұмысшы мамандықтарға 9 мыңға жуық грант бөлініп отыр. Бірінен кейін бірі ашылып жатқан кәсіпорындарға жұмысшы мамандар барынша қажет. Бұл игіліктің бәрі жергілікті жұртшылықты жұмыспен қамту мақсатында жүзеге асырылып отыр.

Отандық өндіріс пен қайта өңдеуді дамыту бағытындағы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 100 гектар жер бөлініп, Түркістанда «Шағын өнеркәсіптік парк» пайда болды. Жоба аясында 152 ғимарат салып, 6 040 жұмыс орнын құру жоспарланған екен. Қазірдің өзінде 40 ғимарат бой көтеріп, жиһаз, жаңбырлатып суғару, сусын, мұздатқыш және құрылыс заттарын шығаратын 32 зауыт ашылып, 1 200-ден аса адам жұмыс істеп жатыр. Бұл – импорттық тауарларды алмастыруға әрі ішкі нарықты қамтамасыз етуге ашылған мол мүмкіндік. Өңір кәсіпкерлері алдағы уақытта елімізді бейне­ка­мера, медициналық жиhаз, тұрмыстық-химиялық бұйым­дармен қамтамасыз етіп қана қой­май, өнімді экспорттауға ықылас танытып отыр.

Сауран ауданында жеке инвестиция есебінен құрылған 5 ша­ғын өндірістік алаңда 30 млрд теңгеге 115 жоба іске асырылмақ. Бүгінде «Қарашық», «Иассы», «Шорнақ», «Үшқайық» және «Жүйнек» өндірістік алаңдарында 37 ғимарат салынып жатыр. Ал Ордабасы ауданындағы «Темірлан» өндірістік алаңында 5 ғимарат бой көтеріп келеді. Облыс басшылығы жобаның мультипликативтік тиімділігін ескеріп, барлық ауданда осы тәжірибені енгізуге кіріскен.

Облыста «Келешек мектептері» жобасы аясында 28 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Онда 23 мың бала білім алып жатыр. Бұдан бөлек, облыс бюджеті есебінен 17 мектеп бой көтеріп келеді. Мәжіліске келген кезде өңірдің мектеп мәселесін түпкілікті шешу үшін республикалық қаржыландыру көздерінен 344 млрд теңгеден аса қаражаттың бөлінуіне ықпал еттім. Соның нәтижесінде екі жылда алпыс­тан аса мектептің құрылысы жүргізіліп, алды пайдалануға беріліп те жатыр. Уәделер орын­далған сайын халықтың жүзіне ұялмай қарай алады екенсің. Өңірде атқарылып жатқан игілік­ті іс өте көп. Бұл – аймақ бас­шы­ларының жұмысты жоспарлы әрі жүйелі жүргізуінің жемісі.

Көптеген елді мекенде жолдар жаңаланып, газ бен су жеткізіліп, емханалар ашылып жатыр. Был­тырдың өзінде 34 ауылдық емхана салынса, 3 аудандық орталық ауруханаға күрделі жөндеу жұ­мыстары жүргізіліп жатыр. 60 жедел жәрдем көлігі ел игілі­гіне берілді. Біз 2024 жылы облыс орталығынан шалғайда жат­­қан Сарыағаш, Келес, Мақ­таарал, Жетісай, Шардара ауда­ны­ның тұрғындары үшін ке­шенді орталық аурухана салуды Үкіметке ұсынған едік. 2025 жылы бес ауданға арналған перинаталды орталықтың құрылысы бас­талғанын естіп, қуанып қалдық.

Мемлекет басшысының Орта­лық Азия елдерімен эконо­ми­калық байланысты күшейту бастамасы бойынша Өзбекстанмен бірлескен «Орталық Азия халық­аралық кооперация орталығы» құрылған. 100 гектар аумақта орналасқан нысанда кеден беке­тімен заманауи қоймалар және өндірістік нысандармен инте­грацияланған логистикалық ор­талық қызметін үйлестіреді. Қазірдің өзінде 7 инвестор қызы­ғушылық танытып, 185 млрд теңге инвестиция құймақшы. Нәтижесінде, 1 175 адам жұмыспен қамтылып, бюджетке 355 млн теңге төңірегінде салық түседі деп күтіліп отыр. Президент неғұрлым кәсіпорын көбейсе, солғұрлым салық төлеушілер көбейетінін айтқан.

Түркістан облысында халық көбейген сайын, электр энергия­сына деген қажеттілік те артып келеді. Тапшылық туындатпау үшін күн, су және жел электр станса­ларын көбейту бағытында да инвесторлармен келіссөздер жүргізу жалғасын тапты.

«Самұрық-Қазына» қорының көмегімен Сайрам ауданында қуаттылығы 1000 МВт болатын бу-газ стансасы салынып жатыр. Сол сияқты Кентау қаласында қуаты 240 МВт болатын газ турбина стансасы іске асады. Түлкібас және Сауран ауданында екі жылда 2 бу-газ, күн электр стансасы салынады. Ал Бәйдібек ауданында қуаттылығы 350 МВт болатын жел электр стансасының құрылысы жоспарланған. Бұл жобалар облыс экономикасына 1,8 трлн теңге инвестиция тартып, 2,4 ГВт электр қуатын өндіруге мүмкіндік береді. Әйтпегенде облыс электр энергиясының 75 пайызын сырттан тасымалдап отыр. Баламалы энергия көздері біршама тәуелділіктен арылтады. 2 жылда 66 елді мекеннің электр жүйелері жаңғыртылып, сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілген.

Бүгінде облыс халқының саны 2,5 миллион адамнан асады. Ал 763 елді мекен ауызсумен қамтылған. Десе де 70 жыл ілгеріде жүргізілген су құбырларының тозығы жеткен. Биыл 30 елді мекен жаңадан ауызсу желісіне қосылып, 11 ауылдың тозған су жүйелері жаңартылып, халықты ауыз сумен қамту деңгейін 100%-ға жеткізу жұмыстары жүргізіліп келеді. Жазғы маусымда ауызсуды кестемен ішетін 192 елді мекен бар. Өңірде үш су қоймасын салу арқылы, бұл мәселені де алдағы 3 жылда толық шешу жоспарланған. Сол сияқты Шардара ауданының тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету үшін ауылдарға «Тама-Тастанбек» су жүйесін тартуға республикалық бюджет есебінен 17 млрд теңгеден аса қаражат бөлінуіне ықпал еттік. Сөйтіп, қырық жылдан бері ше­шімін таппай келген мәселенің шешімін табуына көмегіміз тиді. Бұл да болса Президенттің ауыл халқына көңіл бөлуінің шарапаты.

Облыста күн сайын жақсы жаңалықтардың шығып жатқаны көңіл қуантады. Бұл деген тынымсыз жұмыстың нәтижесі. Облыс басшылығы жұмысты жүйелі атқарып жатыр. Ал жоспарлы жұмыс жүйелі жемісін береді.

Бүгінде Кентау, Созақ, Бәйдібек аудандарына көгілдір отын жетті. Яки, өңірде табиғи газбен қамтамасыз ету 85,5%-ды құрап отыр. Биыл 37 елді мекенге газ құбыры тартылып жатыр.

Былтыр 289 нысанға немесе 1 236 шақырым жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2025 жылдың қорытындысымен 951,4 шақырым жол пайдалануға беріліп, жолдардың нормативті үлесін 94,7%-ға жеткізу көзделген.

Өздеріңізге белгілі, Түркістан облысы бақша өнімдерімен кеңінен танылған еліміздің жылыжай шаруашылығының негізгі орталығына айналған десек әсте жа­ңылмаймыз. Еліміздегі жылыжайлардың 76%-ы осы өңірде. Былтыр жылыжай алаңы тағы 75 гектарға ұлғайып, жалпы көлемі 1 715 гектарға жетіп отыр. Өткен жылы 1,1 триллио­н теңгенің өнімін өндіріп, ауыл шаруашылығы бойынша алғашқы орынға шықты.

Түркістан облысы агроөнер­кәсіптік кешен саласында 2025–2027 жылдарға арналған инвес­тициялық жобаларды іске асырудың Жол картасын әлде­қашан бекітіп қойған. Жол картасы шеңберінде жалпы құны 295,5 млрд теңгеге жоспарланған 78 инвестициялық жобаның, 30-ға жуығын жүзеге асырып үлгерді. Есесіне мыңнан аса тұрғын жұмыспен қамтылды.

Қазір еліміз бойынша егіс­тікті реттеу шаралары қабыл­данып жатыр. Бұл әлемде бар үдеріс. Былтыр өңірде ауыл ша­руашылығы дақылдары 907 мың гектарға егіліп, алдыңғы жылдан 34 мың гектарға артқан. Дала жұмыстарына қажет­ті жанар-жағар май босату, кредиттік ресурс­тар, минералды тыңайтқыштар, тұқым бөлу шаралары мерзімінде жүр­гізілді. Облыста мақта, ет және жүгері кластері құрылып, терең өңдеу қолға алынған. Бұл өлкенің географиялық-климаттық ерекшелігін ескере отырып, таң­далып алынған 3 кластерлік бағыт болып тұр.

Түркістан облысында жалпы өнім көлемі 4 триллион теңгеден асты. Ал кедейлік деңгейі 4,4 пайызға төмендеген.

Түркістан туристік әлеуеті де жоғары өлке. Бұрын киелі орындарды зиярат етуге туристер көптеп келсе, қазір Түркістанды тамашалайтын туристердің қарасы қалыңдаған. Президент пәрменімен қалаға ерекше мәртебе де берілді. Қырықтан аса мүмкіндік қарастырылған арнайы заң қабылданды. Жалпы қандай жақсылық жасалса да, бәрі де жергілікті жұртшылықтың жайлы өмір сүруіне арналған. Облыстың өсіп-өркендеген өңірге айналуына бірі білімі, бірі игі ісі, енді бірі өнері, жақсы тәлім-тәрбиесімен үлес қосу әрбір тұрғынның перзенттік парызы деп білемін.

Қайрат БАЛАБИЕВ,

Мәжіліс депутаты

Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар көлік жүргізіп келе жатып музыка тыңдау қауіпті екенін ескертті

Қоғам • Бүгін, 00:25

Отбасы банк Астанадағы жаңа деректер орталығына көшті

Қоғам • Кеше

Астанада жеңіл көлік автобус аялдамасына соғылды

Елорда • Кеше

Полиция: Маңғыстауда 362 нөміріне қатысты дүрбелең жоқ

Қоғам • Кеше

Астана мен еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы • Кеше

Сарапшылар 2026 жылы ең сұранысқа ие мамандықтарды атады

Жұмыс • Кеше

Жаңа жыл түніндегі жанжалдың соңы кісі өлімімен аяқталды

Қылмыс • Кеше

Павлодарда ауыл тұрғындары тағы бір аққуды құтқарды

Табиғат • Кеше

ТЖМ тікұшағы кішкентай нәрестені орталық ауруханаға шұғыл жеткізді

Денсаулық • Кеше

Мадуро Нью-Йорктегі федералды сотқа жеткізілді

Әлем • Кеше

Педагогтардың 82%-ы қазіргі қоғамда ұстаз еңбегінің бағаланатынына сенімді

Білім • Кеше

Депутат: Халықтың қартаюы болашақ мәселесі емес, бүгінгі күннің шындығы

Партия • Кеше

Шығыс Қазақстанда руда базасы сарқылып жатыр

Парламент • Кеше

Аты аңызға айналған футболшы әрі бапкер Марат Есмұратов өмірден өтті

Спорт • Кеше

Министрлік интернеттегі ақауға байланысты пікір білдірді

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:70
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қаңтар 2026 07:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ата аналар Бейнеу гарнизонына барып, жеке құрамның жағдайымен танысты

22 Ақпан 2026 17:21see111

Қанша уақыт жатқанын білмеймін… : Атырау облысында 70 жастағы зейнеткердің мәйіті табылды (ФОТО)

22 Ақпан 2026 15:58see110

Мысырда 1 наурыздан бастап шетелдіктер үшін виза ақысы көтеріледі

23 Ақпан 2026 03:15see110

Футзалдан Чемпиондар лигасы: Қайрат пен Семей 1/4 финалдағы алғашқы ойынын өткізеді

23 Ақпан 2026 01:26see109

Президент тапсырмалары: Шымкентте фармацевтикалық өндірісті кеңейту үшін 39,5 миллиард теңге жеке инвестициялар бағытталады

23 Ақпан 2026 11:19see108

Түркістанда полиэтилен қаптама өнімдерін және скотч өндіретін зауыт ашылды

23 Ақпан 2026 11:48see107

Иран Ресеймен құпия келісім жасап, зымыран кешендерін сатып алуға келісті Financial Times

22 Ақпан 2026 23:13see107

Түркістан облысында салынғанына бір жыл толмаған ғимараттың қабырғалары жарыла бастады

23 Ақпан 2026 16:29see106

​Бас прокуратура Олеся Кексель ісіне қатысты пікір білдірді

23 Ақпан 2026 11:34see106

Орталық референдум комиссиясы 21 шетелдік байқаушыны аккредиттеді

23 Ақпан 2026 15:04see106

Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге 40,7 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді

23 Ақпан 2026 15:03see105

Риддерде жанармай тапшылығына қатысты ақпаратқа әкімдіктен жауап берді

24 Ақпан 2026 01:26see104

Астанада дәрігерлерге түсетін әрбір бесінші шақырту шетелдіктерден

23 Ақпан 2026 15:36see104

Қазақстанда үндістандық препаратты қолдануға тыйым салынды

23 Ақпан 2026 09:31see104

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

23 Ақпан 2026 00:14see104

​Қазақстан Лукойл активтеріне басым құқығын мәлімдеді

23 Ақпан 2026 16:18see104

Ауыл шаруашылығы мамандарының стипендиясы тек 2028 жылдан кейін өсуі мүмкін

23 Ақпан 2026 13:06see104

Алматыда Ольга Әбдіғаппароваға қатысты сот үкімі жарияланды

23 Ақпан 2026 18:51see104

БҚО да ауыл тұрғындарының жайылымдық жері сатылып кеткені рас па

23 Ақпан 2026 15:56see103

Онлайн казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті

23 Ақпан 2026 13:52see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары