Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Сауда серіктестігіне серпін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Тұрғын үй нарығы: баға мен болжам

Тұрғын үй нарығы: баға мен болжам

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Ұлттық статистика бюросының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының деректері негізінде жариялаған мәліметіне сәйкес биыл мамыр айында елімізде тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 30,4 мың мәміле тіркелген. Бұл сәуір айымен салыстырғанда 13,5 пайызға төмен.

Дәстүрлі түрде ең көп мәміле Алматы мен Астана қалаларында жасалған. Екі мегаполистің үлесіне шамамен 10 мың келісім немесе республикадағы барлық мәміленің үштен бірі тиесілі. Мамыр айында тұрғын үйге сұраныс елдің басым бөлігінде төмендеген.

Тек Атырау мен Түркістан облыстарында мәміле саны артқан. Ал ең үлкен құлдырау Қызылорда облысында, бір айдың ішінде 35,5 пайызға қысқарған. Батыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 18,5 пайыз болса, Алматы қаласында тұрғын үй нарығының белсенділігі бірден 24,2 пайызға кеміген.

Жылдық көрсеткіштер де на­­рық­­тың салқындағанын аңғар­тады. Былтырғы мамырмен салыс­тыр­ғанда тұрғын үй мәмілелерінің жалпы саны 10,5 пайызға азайған. Ең үлкен төмендеу Алматы қа­ла­сын­да байқалып, мәміле көле­мі 31,2 пайызға қысқарған. Батыс Қазақстан облысында құлдырау 22,2 па­йызды, Шымкент қала­сында 16,2 пайызды құраған. Ке­рісінше, жиырма өңірдің бесеуінде ғана өсім тіркелді. Оның ішінде Түркістан облысында мәміле саны бір жылда 69,6 пайызға көбейсе, Ақмола облысында 16,7 пайызға артқан. Сондай-ақ Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай облыстарында да оң қарқын байқалады.

Сатып алушылардың басым бөлігі бұрынғыдай бір және екі бөлмелі пәтерлерді таңдаған. Мамыр айында әр са­нат­тағы пәтерлердің үлесі жалпы мәмілелердің 28,5 па­йызын құрап, шамамен 8,7 мың келісім жасалған. Дегенмен, бұл сегменттердің екеуінде де сұраныс былтырғыдан төмен. Бір бөлмелі пәтерлерге қатысты мәмілелер саны 10,9 пайыз, екі бөлмелі пәтерлерде 14,7 пайыз қысқарған. Жеке тұрғын үйлер де сұранысқа ие санаттардың бірі болғанымен, бұл бағыттағы мәмілелер көлемі де 9,1 пайыз азайған. Ал үш бөлмелі пәтерлер сегментінде төмендеу байқалып, бір жыл ішінде сатып алу көлемі 7 пайыз кеміген.

Коллажды жасаған – Алмас МАНАП, «EQ»

«EnergyProm» сарап­шы­ла­рының сөзінше, на­рықтағы құлдырауды тек жағым­сыз үрдіс ретінде бағалау дұрыс емес. Өйткені кейінгі жылдары тұрғын үй нарығында дәл осы кезеңде белсенділіктің бәсеңдеуі қалыпты құбылысқа айналған.

«Мәселен, 2024–2025 жылдары мамырдағы мәмілелер саны сәуірмен салыстырғанда төмен болған. Алайда биылғы ерекшелік – төмендеудің ауқымы бұрынғы жылдарға қарағанда әлдеқайда жоғары. Жалпы ал­ғанда, тұрғын үй нарығында маусымдық цикл сақталып отыр. Кейінгі екі жылда мәмілелер саны жылдың екінші жартысында, әсіресе шілде мен қазан айлары аралығында тұрақты өсіп отырған. Ал ең жоғары көрсеткіш желтоқсан айына тиесілі. 2024 жылдың желтоқсанында – 50 мың, ал былтырғы желтоқсанда 53,1 мың мәміле жасалған. Қаңтар-наурыз айларында тұр­ғын үй нарығы дәстүрлі түр­де ­баяулайды. Нарықтағы сал­қындау баға динамикасынан да байқалады. Жаңа тұрғын үй қым­баттап жатқанымен, өсім қарқыны бәсеңдей түсті», дейді сарапшылар.

Ұлттық статистика бюро­сының мәлі­метінше, жаңа пәтерлер бағасының жылдық өсімі қаңтар айында ең жоғары деңгейге жетіп, индекс 117 пайыз болған. Ал мамырда бұл көрсеткіш 114,5 па­йыз­ға дейін төмендеді. Екінші нарықтағы тұрғын үй бағасының өсуі де баяулаған. Былтыр желтоқсанда индекс 114,6 пайыз болса, биыл 110,8 пайызға дейін төмендеген. Бұл ретте қай­та­лама нарықтағы баға өсімі бүкіл кезең бойы жаңа тұрғын үй баға­сынан төмен қалып отыр. Сарап­шылар мұны екі нарықтың экономикалық өзгерістерге әр­түр­лі бейімделуімен байланыс­тырады.

Өңірлер арасындағы айыр­­­ма­шылық та айқын сезіледі. Мәселен, жаңа тұрғын үй баға­­­­сын­ың жылдық өсімі Ақтөбеде 19,5 пайызға, Астанада 18,2 пайызға жеткен. Сарапшылар мұның инфрақұрылымдық жобалардың көбеюі мен бастапқы нарықтағы ұсыныстың шектеулі болуына қатысты екенін айтып отыр. Ал Жезқазғанда жаңа тұрғын үй бағасы небәрі 1 пайыз ғана өскен, Петропавлда баға мүлде өзгермеген.

Қайталама нарықта жағдай өзгеше. Кейбір қалаларда ескі тұрғын үйдің бағасы жаңа үй­лер­ден жылдамырақ өсіп келеді. Мысалы, Талдықорғанда қай­­та­лама тұрғын үй бағасының индексі 114,4 пайызға жетсе, жаңа тұр­ғын үй небәрі 3,5 пайыз қым­бат­таған. Көкшетауда да осындай үрдіс байқалады.

Тұрғын үй нарығының сарапшысы Диляра Сейітнұрованың айтуынша, қазіргі жағдайдың негізгі себептерінің бірі – ком­мерциялық ипотеканың қым­баттауы.

«Бүгінде Алматыдағы коммер­ция­лық ипотеканың жылдық мөлшерлемесі 22-24 пайызға жетіп отыр. Мұндай жағдайда көп­теген отбасына несиеге пәтер алу тым қымбатқа түседі. Нарық мұны сезіне бастады. Сарап­шы­лар­дың бағалауынша, биылғы жылдың алғашқы жартысында жаңа тұрғын үйлердің сатылымы былтырғы сәйкес кезеңмен салыс­­тыр­ғанда 20-25 пайыз қысқарды. Қазіргі сұраныстың негізгі бөлігін мем­лекеттік бағдарламалар қам­та­масыз етіп отыр, ал коммер­ция­лық ипотека нарығы іс жүзінде тоқырауға ұшырады», дейді ол.

Диляра Сейітнұрованың айтуынша, бұған бірнеше фактор әсер еткен. Ең алдымен, инфляция деңгейі шамамен 10 пайыз төңірегінде сақталып отыр­ған­дық­тан Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тез төмендете алмай отыр. Сонымен қатар биыл қаңтардан бас­тап бастапқы тұрғын үйге қосылған құн салығы енгізіліп, жаңа бас­паналардың бағасы орта есеппен 10-12 пайызға қымбаттаған. Бұған қоса жылжымайтын мүлік иелеріне түсетін салық жүктемесі де артқан.

«Соның салдарынан көптеген сатып алушы күту тактикасын таңдады. Бірнеше жыл бұрын жеңілдетілген ипотека рәсімдеген азаматтар өз баспанасын сатып, жаңасына көшуге асығар емес. Соның салдарынан тұрғын үй нарығының қозғалысы баяулады. Қазір негізгі мәмілелер «Алматы жастары», «7-20-25», «Наурыз», «Отбасы банкінің» тұрғын үй бағдарламалары арқылы жүзеге асып жатыр. Бірақ қатысушылар саны бөлінетін қаржы көлемінен жыл­дам өсіп келеді. Сондықтан кезек те ұзаруда», дейді Д.Сейітнұрова.

Сарапшының пікірінше, жыл соңына қарай базалық мөл­шер­леме 12-14 пайызға дейін төмен­деген жағдайда ғана коммер­ция­лық ипотеканың құны шамамен 15-16 пайызға дейін арзандауы мүмкін. Бұл келер жылы тұрғын үй нарығындағы сұранысты қайта жан­дан­дыруға мүмкіндік берер еді. Алайда қазіргі эко­­но­­­микалық жағдайда мұндай жыл­дам төмен­деу ықтималдығы өте төмен.

«Егер инфляция жоғары деңгейде сақталса, тұрғын үй на­рығы кемінде бір жыл бойы мем­лекеттік бағдарламаларға тәуелді болып қала береді. Ал шағын құрылыс компаниялары үшін бәсеке­лес­тік күшейе түседі. Бұған қоса көпшілік ескере бермейтін тағы бір жайт бар. Биылғы 1 шілдеден бастап жаңа Құрылыс кодексі күшіне енді. Құжат сараптама мен техникалық қадағалауға қойылатын талаптарды күшейтеді. Бұл бірқатар жаңа жобалардың іске қосылуын баяулатып, болашақта тұрғын үй ұсынысының қысқаруына ықпал етуі мүмкін», дейді ол.

Диляра Сейітнұрова қа­зір­гі жағ­дайда жеңілдетілген ипо­те­ка­лық бағ­дар­ламаларға қа­тысу мүмкіндігі бар азаматтарға уақыт оздырмауға кеңес береді. Ал ком­­мерциялық ипо­теканы жыл­дық 20 пайыздан жоғары мөл­шер­­лемемен рәсімдеуді жос­пар­­ла­­ғандар Ұлттық банктің база­лық мөл­­шерлемеге қатысты шешім­де­рін мұқият бақылауы қажет деп есептейді.

«Егер тұрғын үйді инвестиция ретінде сатып алуды жос­пар­ласаңыз, тек пәтер баға­сы­ның қымбаттауына емес, жалға беру­ден түсетін табысқа да назар аударған жөн. Қазір Алматы мен Астанада жалға берудің орташа табыстылығы жылына 6-8 пайыз шамасында. Сондықтан қазіргі бағалар мен мөлшерлемелерді ескерсек, кей жағдайда депозит те тиімдірек болады», деп қорытындылады сарапшы.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:106
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Шілде 2026 00:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see131

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see131

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары