Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Тұрғын үйлерге күн сайын үш сағат тегін электр энергиясы беріледі

Тұрғын үйлерге күн сайын үш сағат тегін электр энергиясы беріледі

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Aikyn.kz энергияны тегін таратудың өндірістік, экономикалық себептерін zmescience.com сайтына сілтеме жасай отырып түсіндіреді.

Климаттың өзгеруімен күресті, жаңартылатын энергияны жаһандық деңгейдегі алаяқтық деп санайтындар бар. Дәл осы «алаяқтық» деп сипатталатын жүйе жақын арада миллиондаған австралиялықтарға күн сайын кемінде үш сағат тегін электр энергиясын ұсынуы мүмкін. Бұл үшін үйде күн панельдерінің болуы да міндетті емес.

Үкімет жоспарының басты мақсаты – тұрғындарды күндізгі уақытта көбірек энергия тұтынуға және кешкі уақытта тұтынуды азайтуға ынталандыру.

Австралия күн энергиясын мол өндіретін өзге де мемлекеттер секілді бірқатар энергетикалық дилеммаға тап болды. Күн энергиясы тұрақсыз сипатқа ие. Күндіз көп өндіріледі, ал түнде мүлдем жоқ. Сондықтан күндізгі энергияны жинайтын, сақтайтын аккумуляторлық құрылғылар жаңартылатын энергетиканың басты шектеуіне айналған.

Аптаның жұмыс күндері тұрғындардың көбі үйде болмайды. Күндізгі уақытта энергия тұтыну деңгейі төмен. Ал кешке қарай күн батып, күн панельдері жұмысын тоқтатады.

Осы кезде миллиондаған адам жұмыстан келіп, үйлерінде жарық, салқындатқыш, жылытқыш немесе пештерін қосып, электр желісіне төтенше жүктеме түсіреді. Энергияның түнгі тапшылығы көбінесе көмір және газ негізіндегі қымбат электр станциялары арқылы өтеледі.

Енді жаңа бағдарламаға сәйкес, австралиялықтар күндізгі уақытта кемінде үш сағат тегін электр энергиясын пайдалана алады. Бұл үшін олар тіркеліп, «ақылды есептегіш» орнатуы керек. Бұндай құрылғылар қазір көптеген үйлерде орнатылған. Осыдан кейін үйінде күн панелі болмаса да, олар электр қуатын тегін ала алады.

Жаңа бағдарламаға сәйкес, тұрғындар күндізгі уақытта 3 сағат бойы электр энергиясын тегін пайдаланады. Иллюстрация livejournal.com желісінен алынды. Авторлығы: dbalimov аккаунты

Бүгінде Австралияда 4,2 млн үй шаруашылығы күн панельдері арқылы энергия алады. Бұл жаңартылатын энергия тұтынушылардың шығындарын азайтып, төлемдерді шамамен 20%-ға төмендетеді. Алайда энергияны сақтау құнының жоғары болуы мен күннің белсенді уақытында тұтынудың аздығынан, материк өзінің күн энергиясы әлеуетін толық пайдалана алмай отыр.

Үкіметтің энергетикадағы жаңа саясаты «үйрек қисығы» деп аталатын құбылысты шешуге бағытталған. Бұл – желілік операторлар қолданатын термин. Ол электр энергиясына сұраныстың күндіз төмендеп, кешке күрт өсуін білдіреді. Күндізгі тұтынудың төмендігі «үйректің қарны» деп, кешкі уақыттағы жүктеменің өсуі – «үйректің мойны» деп аталды.

Үкімет тұтынуды күндізгі уақытқа ауыстыру арқылы бұл қисықты тегістеуді, сөйтіп электр желісін тұрақты әрі экологиялық тұрғыдан таза етуді көздеп отыр.

Бағдарлама мақсатына сәйкес  жұмыс істей ала ма? Жаңа бастаманың табысты болуы бір ғана сұраққа байланысты: адамдар өз тұтыну дағдыларын өзгерте ала ма?

Граттан институтының энергетика және климаттың өзгеруі жөніндегі директоры Тони Вуд: «Егер бұл мүмкін болса, онда елеулі пайда әкелуі мүмкін», – дейді.

Оның айтуынша, егер энергия тұтыну күндізгі уақытқа ауысса, кешкі жүйелік жүктемені азайтып, жалпы энергетика саласының тиімділігін арттырар еді.

Мынандай тұтынушылар үшін 3 сағат тегін электр энергиясы керек пе?

Басқа сарапшылар бұл идеяға скептицизммен қарайды. Виктория энергетикалық саясат орталығының директоры профессор Брюс Маунтин бұл жобаны «популистік сандырақ» деп атап, бұндай ұсыныстардың нарықта бұрыннан бар екенін және оларды міндетті түрде енгізудің қажеті жоқ екенін алға тартады.

Үкімет болса, ұсыныстың реттелуі тұтынушылар үшін әділеттілікті қамтамасыз етеді деп сендіруде. Профессор Маунтин бұл саясат ұзақ мерзімді перспективада бағалардың өсуіне әкелуі мүмкін екенін де ескертеді.

Алғашында бағдарламаны іске қосу 2025 жылдың шілде айына жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта билік қоғамдық пікір жинау кезеңінде. Ал бастаманың қаншалықты табысты болатыны әзірге белгісіз.

Австралиядағы бұл бастама – жаңартылатын энергияның жаңа, кемелденген кезеңіне өткенін көрсететін айқын дәлел. Енді басты мәселе энергияны өндіру емес, оны қалай тиімді сақтау мен тұтынуға бейімдеу. Миллиондаған үй шаруашылығына тегін электр қуатын берілуін ашық талқылаудың өзі әлемнің энергетикалық трансформацияда қаншалықты алға жылжығанын байқатады. Бұл бағдарлама жүзеге асса, экологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімді өзгерістерге жол ашуы мүмкін. Австралия 20 Гвт энергияны күн сәулесінен алады... 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:211
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қараша 2025 12:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see141

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see140

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see124

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see121

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары