Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Түркі мемлекеттері ортақ әліпби арқылы бірлікке ұмтылады шетелдегі қазақ баспасөзі

Түркі мемлекеттері ортақ әліпби арқылы бірлікке ұмтылады шетелдегі қазақ баспасөзі

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Шыңжаң халық өнері маусымының үздік бағдарламасы Үрімжіде қойылды — Халық газеті

22 қазанда Үрімжі халық саябағының Шайбақ ауданында бірінші Қытай Шыңжаң халық өнері фестивалінің көрнекті спектакльдерінің туры өтті, деп хабарлайды Халық газеті басылымы. 

Фото: Халық газеті

Қытайлық БАҚ-тың келтірген дерегіне сүйенсек, іс-шара Үрімжідегі саябақтар, көрікті жерлер мен сауда аудандары сияқты адам көп шоғырланатын жерлерде төрт күн қатарынан өтеді.

Айта кетейік, фотосуретте бишілердің халық билерін орындап, тұрғындар араласында билеп жүргені бейнеленген.

Сонымен қатар, осы аптада Халық газетінде «Қорғас портының импорт пен экспорт көлемі алғашқы үш тоқсанда 34,881 млн тоннаға жетті» деген тақырыптағы ақпарат жарық көрген болатын. 

Фото: Халық газеті

Қорғас кеденінің статистикасына сәйкес, Қорғас портының импорт пен экспорт көлем биыл қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 34,881 миллион тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8%-ға артты. Бұл көрсеткіш Шыңжаңдағы барлық кеден бекетінің арасында бірінші орын алады.

Айта кетейік, осы жылдан бастап Қорғас порты Қытай, Орталық Азия және Еуропа арасындағы экономикалық және сауда алмасуларының маңызды торабы ретінде жүктердің импорты мен экспорты көлемінің өсу тенденциясын көрсеткен.

Шымкентте алғаш рет ауған тауарларының көрмесі өтеді — Eurasia Today

2025 жылдың 26 қазанында сағат 15:30–да Шымкент қаласының Көрме орталығында ауған тауарларының көрмесі ашылады.

Фото: Eurasia Today

Бұл туралы осы аптада Қырғызстанда шығатын Eurasia Today ақпарат агенттігі хабарлады.

Аталған БАҚ-тың дерегінше, Ауғанстан шеберлерінің төл өнімдері ұсынылатын көрме Шымкент қаласында алғаш рет өтеді. Ауған тауарларының көрмесі осымен Қазақстанда үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Мұның алдында 2023 жылы 3-5 тамыз аралығында Астанада, 2024 жылдың 20-22 қазан аралығында Алматы қаласында өткен болатын.

Көрменің басты мақтанышы — әлемнің әр бұрышында үлкен сұранысқа ие атақты ауған қолөнер кілемдері.

Сонымен қатар келушілерге құрылыс материалдары, тұрмыстық және өндірістік химия, көкөністер мен жемістер, кондитерлік өнімдер, сусындар және ерекше хош иісті шафран шайы сияқты ауған тауарларының кең таңдауы ұсынады.

Ташкентте Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстан кинологтары тәжірибе алмасуда — ӨзА

Ташкент қаласындағы Мемлекеттік кинология орталығында «Шекара кеден бекеттерінде есірткі заттарын іздеу бойынша қызмет иттерін дайындау және пайдалану ерекшеліктері» атты аймақтық оқу-тәжірибелік семинар өз жұмысын бастады.

Бұл туралы «ӨзА» ақпарат агенттігі мәлімдеді. 

Фото: ӨзА

Хабарламада айтылуынша, бұл семинар ТМД-ға мүше мемлекеттердің кеден қызметтері басшылары кеңесінің тұрақты жұмыс істейтін органы — құқық қорғау бөлімшелері басшылары комитеті қызметі аясында ұйымдастырылып отыр. Іс-шараға Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстанның кеден қызметі мен кинология орталықтарының өкілдері қатысуда.

Өзбекстандық БАҚ-тың дерегінше, семинардың алғашқы күнінде қатысушылар Мемлекеттік кинология орталығының қызметімен, оның құрылымы мен оқу базасымен, сондай-ақ қызметтік иттерді даярлау үдерістерімен танысты. Қатысушыларға иттерді іздестіру, жаттықтыру және кедендік бақылау бекеттерінде пайдалану тәжірибесі көрсетілді.

Сондай-ақ осы аптада «ӨзА»-да «Ташкентте Өзбекстан-Қазақстан бизнес форумы өтті» деген тақырыптағы ақпарат жарияланды

Фото: ӨзА

Аталған ақпарат көзінің дерегінше, Ташкент қаласында Өзбекстан Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігі мен Қазақстан Сауда және интеграция министрлігінің бірлесіп ұйымдастыруымен Өзбекстан–Қазақстан бизнес форумы өтті.

Жиында екі елдің министрліктері, салалық бірлестіктері және компанияларынан 100-ден астам өкілі қатысты. Олар қатарында «QazTrade» АҚ, «Kedentransservis» АҚ, «iMas Group», «Medial Group», «Asyl Dan Trade», «StalTsink», «Empire Food» және басқа да ұйымдар бар.

Іс-шара барысында Өзбекстан Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Хуррам Тешабаев пен Қазақстан Сауда және интеграция министрінің орынбасары Айдар Әбілдабеков сөз сөйлеп, қазіргі экономикалық байланыстар және оларды жаңа деңгейге көтеру мәселелеріне тоқталды.

Сондай-ақ әртүрлі салалар бойынша бірнеше ынтымақтастық келісімдерге қол қойылған.

Арақчи Қазақстан Ұлттық күнімен құттықтады — ParsToday

Фото: ParsToday

ИИР Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи 25 қазан — Ұлттық күн және Қазақстан Республикасы күніне орай Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермак Көшербаевқа құттықтау хатын жолдады, деп жазды ParsToday ақпарат агенттігі. ParsToday ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, бұл жолдауда Иран Сыртқы істер министрі достық және бауырлас Қазақстан үкіметі мен халқын осы ұлттық мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, екі ел арасындағы достық қарым-қатынастар мен екіжақты ынтымақтастық барлық салада одан әрі кеңейе түседі деген үміт білдірді.

Сондай-ақ осы аптада ParsToday басылымында «Үндістан дипломаты: Иранның Орталық Азияға тікелей шығу жолындағы орны ерекше» деген тақырыптағы ақпарат жарияланды. 

Ирандық БАҚ-тың мәліметінше, бейсенбі күні үндістандық дипломат Чабахар портындағы Үндістанның қызметіне сілтеме жасай отырып, Иранның Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне тікелей шығу тұрғысынан ерекше жағдай екенін айтты.

Фото: ParsToday

Алматыдағы Үндістан елшілігінің басшысы ИИР-ның қаладағы Бас консулы Сона Ахмадимен кездесті. Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынас мәселелері талқылаған. Үндістан елшілігінің басшысы Чабахар портындағы Үндістанның қызметіне тоқталып, Иранның Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне тікелей шығу орының ерекше деп атап, барлық елдер бұл мүмкіндікті пайдалануы керек, деген.

Түркі мемлекеттері ортақ әліпби арқылы бірлікке ұмтылуда — TRT

Түркі Мемлекеттері Ұйымының 12-ші саммитінде көшбасшылар тілді біріктіруге, мәдени байланыстарды нығайтуға және түркі елдерінде цифрлық инновацияларды арттыруға бағытталған 34 әріптен тұратын ортақ түркі әліпбиін таныстырды, деп хабарлайды Түркия Радио Телевизия порталы.

Фото: TRT

Түркі Мемлекеттері Ұйымының (ТМҰ) 12-ші саммиті «Аймақтық бейбітшілік пен қауіпсіздік» тақырыбына арналған болатын.

«TRT»-ның дерегінше, алайда көптеген адам үшін түркі көшбасшыларының бұл жиналысынан ең есте қаларлық маңызды хабарлама қауіпсіздік тақырыбында емес. Ең есте қаларлығы — әліпби туралы хабар.

Атап айтқанда, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған саммитке қатысқан көшбасшыларға екі кітап сыйлады. Бірі қырғыз жазушы Шыңғыс Айтматовтың шығармалары, ал екіншісі түркі халықтарының аңыздарына негізделген «Оғызнама». Бұл кітаптар жаңа ұсынылған 34 әріптік Ортақ Түркі Әліпбиімен басылып шыққан.

Түркиялық БАҚ-тың мәліметінше, бұл қадам саяси, мәдени және технологиялық тұрғыдан терең мағынаға ие.

Айта кетейік, Түркі тілдес халықтар арасында ортақ әліпби жасау идеясы жаңа емес.

Бұл идея 1926 жылы Бакуде өткен Бірінші Түркология Конгресінде алғаш рет көтерілген болатын, сол кезде ғалымдар мен мемлекет қайраткерлері латын негізіндегі әліпби туралы ой қозғаған.

Алайда Кеңес Одағының билігі кезінде бұл жоба тоқтап, түркі республикалары кириллицаға көшуге мәжбүр болған.

1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін бұл арман қайта жанданды.

«TRT»-ның дерегіне сүйенсек, қазіргі уақытта бұл бастама ТМҰ аясында жаңа серпінге ие болды.

2024 жылдың қыркүйегінде Әзербайжанда ортақ түркі әліпбиі комиссиясы жиналып, түркі тілдерінің фонетикалық түрлілігін ескере отырып, шекарааралық сауаттылықты қамтамасыз ететін 34 әріптік жүйені бекітті.

Түркиялық басылым Түркі мемлекеттері ортақ әліпбиі туралы шағын мақалада ары қарай «Әліпби мен технология» және «Мәдени үйлесім» деген екі тақырып бойынша кеңінен тоқталған.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:139
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қазан 2025 13:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see158

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see148

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see148

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see147

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see146

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see144

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see143

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see139

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see139

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see133

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see130

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see129

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see124

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see121

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see120

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see120

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see119

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары