Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді заңсыз жинағандар ұсталды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді заңсыз жинағандар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін өсімдіктерді заңсыз жинаумен айналысқан тұлғалар тобының әрекетіне тосқауыл қойылды.
Полицейлер таулы аймақтарда тыйым салынған өсімдік түрлерін жинады деген күдікпен Төлеби ауданының алты тұрғынын ұстады.
"Тексеру және тінту жұмыстары кезінде жалпы салмағы шамамен 100 келіден асатын 3000-нан астам макротомия өсімдігінің тамыры және арнайы қолдан жасалған күректер тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.
Аталған дерек бойынша сирек кездесетін, жойылу қаупі төнген және айналымына тыйым салынған өсімдіктермен заңсыз әрекет ету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бүгінде істің барлық мән-жайын толық әрі жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:41
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қараша 2025 21:46 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















