Түркия Украинадағы атысты тоқтатуға әлі де үміт артады Хакан Фидан
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Түркия Украинадағы атысты тоқтату мүмкіндігі әлі де бар деп есептейді. Бұл туралы Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан Киевте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
"Осы қою қараңғылықтың соңында жарық көріне бастаған шығар. Сондықтан үмітімізді үзбейміз", – деді Фидан.
Оның айтуынша, Анкара дипломатиялық байланыс орнатуды жалғастырып, тараптардың келіссөз үстеліне қайта оралуына үміт артады.
Министрдің сөзінше, қазіргі күрделі жағдайға қарамастан, Түркия атысты тоқтату және қақтығысты саяси жолмен реттеу мүмкіндігі сақталып отыр деп санайды.
Сондай-ақ Хакан Фидан Анкара бейбіт шешім табу үшін барлық тараппен жұмысты жалғастыратынын атап өтті.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:96
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Шілде 2026 14:05 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















