Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Үкімет тарапынан азық түлік бағасына бақылау күшейтіледі

Үкімет тарапынан азық түлік бағасына бақылау күшейтіледі

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Инфляцияны тұрақтандыру мәселелері бойынша өткен апталық кеңесте вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрлігіне азық-түлік қоржынына терең талдау жүргізіп, оның құрамына енетін тауарлардың бағасын тұрақтандыруға бағытталған нақты шаралар әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Ашық дереккөз

Қараша айының алғашқы екі аптасында Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы бағасы 0,1% өсті. Бірқатар көкөністің бағасы арзандап жатыр. Мысалы сәбіз 1,7%-ға, орамжапырақ 1,8%-ға, пияз 0,4%-ға арзандады. Дегенмен, картоп бағасы өсіп отыр. Ол соңғы аптада 0,2%-ға, қарашаның алғашқы екі аптасында 2,2%-ға көтерілді. Ел бойынша картоптың орташа бағасы – килограмына 188 теңге.

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың мәліметінше, картоп бағасының соңғы 4-5 аптада 4,5%-ға қымбаттауына экспорттың қайта жандануы әсер еткен.

«Екі айда картоп экспорты 300 мың тоннаны құрады. Ал жақын уақытқа жоспарланған экспорттық келісімшарттар көлемі шамамен 200 мың тонна. Осылайша, біз елдің азық-түлік қауіпсіздігі үшін қауіпсіз болып саналатын 500 мың тонналық жоспарлы шекке жақындап келеміз», деді Айжан Бижанова.

Вице-премьер Сауда және интеграция министрлігіне картоп қорының жеткілікті көлемін қамтамасыз ету мәселесін Сыртқы саясат және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізуді тапсырды.

Қарашаның екі аптасы ішінде тауық жұмыртқасы мен құс етінің бағасы да 0,4%-ға өсті. Бұған негізінен жем-шөп пен импорттық құрамдас бөліктердің қымбаттауы себеп болып отыр. Айжан Бижанованың айтуынша, күнбағыс майын өндірушілер құс фабрикаларын жем өндірісіне қажетті арзандатылған май көлемімен қамтамасыз еткен. Бағаны ұстап тұру үшін арзандатылған астық та қажет. Осыған байланысты Серік Жұманғарин Азық-түлік корпорациясына қысқа мерзімде құс фабрикаларын резервтен жемдік астықпен қамтамасыз етуді және ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде қолжетімді құс етінің көлемін арттыруды тапсырды.

Қарақұмық жармасының бағасы қараша айының алғашқы екі аптасында 1,3%-ға қымбаттағандықтан, Азық-түлік корпорациясына бұл өнімнің қосымша көлемін тұрақтандыру қорларына тікелей сатып алып беру арқылы толықтыру міндеті жүктелді.

«Коммуналдық қызмет тарифтерін өзгерту уақытша тоқтатылған. Қазіргі таңда инфляцияға ықпал етіп отырған және мемлекеттік шаралармен реттеуге болатын негізгі фактор – азық-түлік тауарлары. Бұл тек әлеуметтік маңызы бар өнімдерге ғана емес, азық-түлік қоржынына кіретін әрі мемлекеттік реттеу аясынан тыс қалған барлық тауарларға да қатысты. Сауда және интеграция министрлігі азық-түлік қоржынының құрамына талдау жүргізіп, бағаны тұрақтандыруға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеуі тиіс», деді Серік Жұманғарин.

Сондай-ақ тауар айналымы толық қадағалануы қажет. Артық делдалдарды жою, бақылау мен құжат айналымын күшейту – нарықтың ашықтығын арттыруға және шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде бағаның қолжетімді деңгейде сақталуына ықпал етеді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:189
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қараша 2025 16:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see133

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see120

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары