Украинада дрон нысанасы дипломатиялық пойыз болуы мүмкін деген болжам жасалды
Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Бұған дейін Киевтен Польшаға бағыт алған, ішінде Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсон және Еуропа елдерінің өкілдері отырған арнайы пойыз дрон қаупіне байланысты тоқтатылғаны хабарланған, деп жазады АА.
«Украин темір жолы» компаниясы Ягодин станциясында Польша шекарасына жақын маңда жолаушылар пойызының локомотивіне соққы жасалғанын растады. Мониторинг тобы дронды алдын ала байқап, шамамен 15 минут бұрын эвакуация туралы белгі берген. Соның арқасында жолаушылар мен теміржол қызметкерлері зардап шеккен жоқ.
Компанияның мәліметінше, дронның нысанасы дипломатиялық пойыз болуы мүмкін. Ол станциядан жоспарланған уақыттан ертерек шыққан.
Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибига бұл оқиғаны «Еуропа мен НАТО есігін қағып тұрған террор» деп атады. Ол одақтастарды Ресейге қарсы толыққанды санкциялар: сауда эмбаргосы, кіруге толық тыйым және әскери-өнеркәсіптік кешенге қарсы шаралар енгізуге шақырды.
Кеше, 12:37
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:107
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қыркүйек 2026 02:50 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















