Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Елу жолаушы мінген автобус жол апатына түсті

Анна Данилина Аделаида жарысының ширек финалына шықты

Шымкентте жас қыз кісі қолынан қаза тапты полиция оның танысын іздеп жатыр

Павлодар облысында жасөспірімдердің қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді

Грузияда Қазақстанда соғылған коллекциялық монета таныстырылды

Шахтинск маңында 50 жолаушысы бар автобус жол апатына ұшырады

Ақауы бар жолдар: Қазақстандықтар жаңа учаскелерде төлемнен босатылады

Сұлы жармасының пайдасы: күнде жесеңіз, ағзаңыз қалай өзгереді?

Жаңа кодекс бойынша кәсіпкерлер салықты қалай төлейді

Жараланғандар тым көп: Иран дәрігерлері наразылықтарға байланысты дабыл қақты

Алтай, Тарбағатай және Іле күй өнері ескі сарынды сақтаған көне мектеп

БҚО да жоғары лауазымды шенеунік ұсталды: видео

Трамп Масктен Ирандағы интернет байланысын қалпына келтіруді өтінбек

Бельгияның жоғарғы оқу орындарымен байланыс артып келеді

Ердоған демография мәселесі бойынша мәлімдеме жасады: Кем дегенде үш балалы болуы тиіс

Анар Бурашева әлемнің ең биік 7 шыңын бағындырған қазақ альпинисі атанды

Тарбағатайда жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Берік Асылов прокурорлық қадағалаудың нәтижелерін жариялады

Көлік ғылымдары мен технологияларының институты құрылады

Алматыда ЖРВИ және тұмаумен ауырғандар саны азайды

Ұлт театрының тұңғыш қойылымы

Ұлт театрының тұңғыш қойылымы

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бүгін Мемлекеттік ұлт театрының ашылғанына 100 жыл толды. М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық академиялық драма театры ресми шымылдығын 1926 жылы 13 қаңтарда қаламгер Қошке Кемеңгерұлының «Алтын сақина» драмасымен ашты.

Ұлт театрының тұң­ғыш қойы­лымына байла­нысты ақтаң­­­дақ жа­йында Р.Рүс­тем­бекова, Б.Қой­шы­баев, Д.Қамзабек­ұлы, Г.Орда есімді ғалымдар зерттеуін, соғыс және еңбек ардагері Н.Сансыз­баев танымдық мақаласын жазды. «Мем­ле­кет театрының туған күні» атты зерттеу мақа­ла­да былай көрсетілген: «Еңбекші қазақ» газетінің 1926 жылы қаңтар айындағы бір­неше санының бірінші бетінде басылған хабарландыру тексі төмендегідей: «Ғи­­нуардың 13-і күні кешкі сағат 6-да Мем­ле­кеттік ұлт театры­ның ашылу мерекесі болады. Театр әртістері Кемеңгерұлының «Алтын сақинасын» ойнайды. Оның соңынан – концерт, демалыс уақыттарында оркестр ойнап тұрады. Театр директоры Дінше» («Руханият» кітабы. Алматы, «Білім» баспасы, 1997, 207–208 б.). 

Халық ағарту комиссары (бүгінгіше – министр) Смағұл Садуақасұлы 1925 жылы жоғары лауазымды мемлекеттік қызметке келгенде, қолға алған маңызды жұмысының бірі – Ұлт театрын ұйымдастыру болды. Осы мақсатта ел астанасы Қызылорда қаласына болашақ театр өнерпаздары шақы­рыл­ды. Қазақ­стан­ның әр аймағында әуесқой театр­ларда қойы­­лып жүрген пьесалар сара­­­ланды. Солар­­­дың қатарында Қ.Кемеңгерұлының «Алтын сақина» драмасын да театрды ұйымдастыратын комиссия назарға алды.

Қошке Кемеңгерұлы – қазақ халқының алғашқы кәсіби драматургтерінің бірі. Қаламгер ХХ ғасыр басында қазақ әдебиетінде қалыптаса бастаған жаңа жанр – драматургия саласының дамуына үлес қосты. Қ.Кемеңгерұлы қала­мынан мынадай пьесалар туды: «Әулие-тәуіп» (1918), «Бостандық жемісі» (1919), «Қас­қы­р­лар мен қойлар» (1920), «Алтын сақина» (1920), «Арманда» (1923), «Шәкең молда» (1925), «Парашылдар» (1926), «Ескі оқу» (1927), «Күнәсіз күйгендер» (1930). Бұл пьесалардың ХХ ғасыр басында еліміздің әуесқой театрларының сахнасында қойылғаны туралы ақпаратты «Жас азамат», «Бостандық туы», «Ақ жол», «Еңбекші қазақ» басылымдарынан оқи аламыз.

«Алтын сақина» драмасы 1920 жылы Қызылжар қаласында жазылды. «Ақ жол» газетінің 1921 жылғы 16 қаңтардағы санында мынадай хабарландыру берілген: «Қызылжардағы қазақ жастарының «Талап» иірімі атынан «Новый совет» театрында тамашаға Қ.Кемеңгерұлының «Алтын сақинасы» қойылды. Ойнаушылар «Талаптың» драма бөлімшесінің мүшелері еді. Ойын әйел рөлін алып ойнаған еркектің, денесінің нақ әйелдей болып келмегенін есептемегенде, жақсы шықты. Иін тіресіп отырған тамашашылар ойнаушыларды перде түскенде қол шапалақтап қайта-қайта шақырды... (Үнемші)». «Алтын сақина» драмасы жеке кітапша болып Орынбор қаласынан 1923 жылы жарық көрді.

Қошмұхаммет Кемеңгерұлы.
Алтын сақина. Драма. 4 бөлімді.
«Қазақстан мемлекет баспасы».
Орынбор, 1923 ж.

Қайраткер С.Садуақасұлы Қызылордада театрдың ашыл­ғанына байланысты бірнеше мақала жазды. Олар биліктің ресми басылымы – «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланды. Га­зеттің 1926 жылғы 20 қаң­­тар­дағы санында «Баянды еңбек күтеміз» атты ма­­­қа­ла­сын­да қа­зақта мә­де­ни­ет жө­нінен жетіс­пеген көп нәрселер бар, соның бірі – ұлт театрының жоқтығы еді деп көрсетті. Театр өнерінің сипаты, оның мәдениетті жұрттарда болуы, қазақта театрдың ашылуы – тарихи оқиға екені, бұрын Қазақ елінің әр аймағында сауық кештердің болып тұрғаны, сол кештерде ойын көрсеткен өнерпаздар бір театрға жиналғаны жайында жазды. «Ғинуардың 13-і күнгі Ұлт театрының ашылу күніне арнап қойылған ойындарында ойнаушылардың келешегінен үміт тудырғандай болды» деген баға берді.

«Еңбекші қазақ» газетінің 24-ші қаңтар күнгі санында шыққан «Алтын сақина» ойыны туралы» атты мақаласында қайраткер былай деп көрсетті: «Ғинуардың 13-і күні Кемеңгерұлының «Алтын сақинасын» ойнады. Концерт бөлімінде ән салынып, күлдіргі тақпақтар айтылды. Сауық кеші ұлт театрының ашылуына арналды» (С.Садуақасұлы. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-том. – Алматы, «Алаш» баспасы, 2003, 270-б.).

Сауық кеші театрдың ашылуына арналғандықтан, оған халық ақы төлемей тегін кірді. «Алтын сақина» езілген қазақ әйелдерінің тұрмысын бұлжытпай суреттейді» деп жазды С.Садуақасұлы. Сауық кешінде Қалибек Қуанышбаев, Иса Байзақов, Елубай Өмірзақов, Құрманбек Жандарбеков, Әміре Қашаубаев сынды әртістер өнер көрсетті. С.Садуақасұлының дерегі бойынша Ұлт театрының ресми шымылдығын ашқан сауық кешінде «Алтын сақина» пьесасы ғана аталады. Одан басқа пьеса көрсетілмейді.

Ұлт театры туралы [Мәтін] / С. Садуақасұлы; Бастырушы: «Еңбекші қазақ»... – Қызылорда: Қазақ мемлекет баспасы, 1926. – 30 б. 17х12,5 см – («Еңбекші қазақ» кітапханасы № 2. - Мәтін араб графикасымен жазылған. – 5000 дана: 10 т. https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1661638

Қызылорда қаласында 1926 жылы «Алтын сақина» ойынын көруге алаш ұрпағы, асылдың сынығы Гүлнар Міржақыпқызы әкесімен бірге барғанын сұхбатында айтады. Гүлнар Міржақыпқызы сауық кеші Мемлекеттік ұлт театрының ашылуына арналды деп растайды. Бұл сұхбат 2002 жылы «Хабар» телеарнасынан көрсетілген «Көзкөрген. Қошке Кемеңгерұлы» деректі филімінде сақталған. Фильмнің авторы – журналист, әдебиет тарихын зерттеуші ғалым, бұл күнде ҚР ҰҒА академигі Бауыржан Омарұлы.

Театрдың ресми шымылдығын ашқан тұңғыш қойылым туралы шындықтың кеңес­­тік кезеңде бұр­малануының сая­­си себебі бол­­­ғаны бел­­гілі. Ұлт театрын ұйым­­дас­тырған қай­­­раткер Смағұл Садуақасұлы (1900–1933), театрдың тұңғыш директоры Дінше Әділұлы (1900–1931), тұңғыш қойылым авторы Қошке Кемеңгерұлы (1896–1937) сталиндік тоталитарлық жүйе заманында қуғын-сүргін құрбаны болды.

Олардың есімі кеңестік кезеңде мансұқталып, мұрасын насихаттауға тыйым салынды. Алайда тәуелсіздіктің 35-жылында әлі күнге дейін кеңестік ұстаныммен тарихымызды танығанымыз ешбір қисынға келмейтіні ақиқат. Мысалы, кеңестік дәуірде оқулықтарда, ресми деректе қазақтың тұңғыш романы С.Көбевтің «Қалың мал» шығармасы деп білдік. Кейін алаш қайраткері М.Дулатұлы ақталғаннан кейін бұрмаланған шындық түзетілді. Осы күнде біз қазақ халқының тұңғыш романы – «Бақытсыз Жамал», оның авторы Міржақып Дулатұлы деп танимыз. Осылайша, театр тарихына қатысты сайттарда, оқулықтарда әлі күнге дейін бұрмаланып келе жатқан қате түзетіліп, өнер ордасының тұңғыш қойылымы Қошке Кемеңгерұлының «Алтын сақина» драмасы екені жазылады деп сенеміз.

Біз қазақ әдебие­тінің классигі, заң­ғар жазушы Мұхтар Әуезовтің театр өнерінің тари­­хындағы орнын биік бағалаймыз. Сонымен бірге тарихи шындықтың бұр­маланбауын, әділ­діктің орна­ғанын да қалаймыз. Әлі күнге дейін театр тарихы жазылған мақа­лаларда, хабар­ларда жаңылыс ақпарат жиі кездеседі. Оларда ескіше театр шымылдығы М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегімен» ашылды деп қате көрсетілген. Біле білсек, Мұхтар Әуезов, Қошке Ке­мең­герұлы, Смағұл Садуақас­ұлы – ниет­тес, қаламдас, дос адамдар болған. Олар да тарихи шын­дықтың бұр­ма­ланбағанын ті­лер еді. «Әдебиет тарихы» кітабында М.Әуезов: «Тарих­тың дәл суре­тімен толығырақ танысамын деген кісі болса… Қошмұхамбет Кемең­герұлының «Қазақ тарихынан» еңбегін қарап өтсін дейміз», деп жазды. Қошке Кемеңгерұлымен қаламдас достығын, алаш рухында ниеттес жан болғанын Мұхтар Әуезов жоғары бағалаған.

Қ.Кемеңгерұлының қысқаша өмірбаянын жазған
М.Әуезовтің қолтаңбасы

Қос қаламгер 1918 жылы сәуір айында Омбы қала­сында өткен Қазақ жастарының тұңғыш сиезінде танысқан. Мұхтардың тырнақалды мақалалары Қошкенің редакторлығымен Қызылжардан шыққан «Жас азамат» газетінде басылды. Екі қаламгер 1924 жылдың жазында Германиядан келген неміс профессоры Макс Кучинскимен бірге Абай елінде, Шәкәрім ауылында экспедицияда қатар жүрген. Туған жұр­тына риясыз қызмет етуді көздеген қос білімпаз 1928–1930 жылдары Ташкент қаласында САГУ-дің аспи­рантурасында қатар оқыған. 1930 жылдың күзін­де аспирантурадан бір бұйрықпен шығарылып, тұт­қын­ға алынып, абақтының азабын екі жылдай бірге тартқан. Мұхтар бостандыққа шығып, Қошке қуғын-сүр­гін­нен құтыла алмай Валуйкеге жер аударылып, ақы­ры 1937 жылдың күзінде Омбы қаласында оққа ұшты.

Қ.Кемеңгерұлы бір мақаласында қазақ кітап­та­рын­дағы қателер жайында: «Қазақ баспасөзінің қатесін көрсе, Еуропа әйелдері бала тастар еді», деген Ә.Бөкей­ханның сөзін тілге тиек етеді. Арада бір ғасыр уақыт өтсе де, ұлт театры тарихындағы қатені әлі де түзете алмай жатқанымыз өкінішті. Биыл театрдың ресми ашылғанына 100 жыл толса, қаламгер Қошке Кемең­герұлының туғанына 130 жыл. Осынау мерейлі жылда Ұлт театры тарихы жазылған ресми ақпа­ратта, оқулықтарда, мектеп оқушыларының тест сұрақтарында, әлеуметтік желідегі өзге де дерек көз­дерінде тарихи шындық қатесіз дұрыс жазылса деп тілейміз.

Қайырбек КЕМЕҢГЕР,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 7,3 млн теңгенің жерін алаяқтықпен сатқан экс-директор сотталды

Заң • Бүгін, 00:19

ҚМДБ: фолловер санын бот арқылы көбейтуге тыйым салынады

Қоғам • Кеше

Алматыда құны 300 млн теңгеден асатын институт мемлекет меншігіне қайтарылды

Алматы • Кеше

ЕАЭО-да шетелдік маркетплейстерден сатып алынатын тауар бажсыз жеткізіле береді

Сауда • Кеше

Тілсіз жау бір отбасын ойрандап кетті

Төтенше жағдай • Кеше

Жалған нөмірмен жүрген көліктер анықталды

Заң • Кеше

Yenlik Colors ән жобасына қатысатын алғашқы қазақстандық әнші болды

Жасанды интеллект • Кеше

TikTok-та қазақ ұлтына тіл тигізген Қостанай тұрғыны 2 жылға сотталды

Қоғам • Кеше

Иран келіссөз жүргізуді ұсынды, бірақ АҚШ диалогқа дейін әрекет етуі мүмкін

Әлем • Кеше

Қонаевтың рухына тағзым етті

Тұлға • Кеше

Биыл Павлодарда 10 балабақша мен 13 мектеп жөндеуден өтеді

Құрылыс • Кеше

Атырау облысында жоғалып кеткен отбасы: марқұм әйелдің соңғы аудиожазбасына қатысты жаңа дерек шықты

Қылмыс • Кеше

Ұлттық ұланның «BURKIT TEAM» командасы AMMA Азия чемпионатында жүлдегер атанды

Әскер • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады

Президент • Кеше

Депутат өңдеу өнеркәсібінің проблемаларымен танысты

Экономика • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:25
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қаңтар 2026 08:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Елу жолаушы мінген автобус жол апатына түсті

12 Қаңтар 2026 11:06see111

Анна Данилина Аделаида жарысының ширек финалына шықты

12 Қаңтар 2026 13:21see110

Шымкентте жас қыз кісі қолынан қаза тапты полиция оның танысын іздеп жатыр

12 Қаңтар 2026 10:51see108

Павлодар облысында жасөспірімдердің қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді

12 Қаңтар 2026 09:31see108

Грузияда Қазақстанда соғылған коллекциялық монета таныстырылды

12 Қаңтар 2026 09:46see107

Шахтинск маңында 50 жолаушысы бар автобус жол апатына ұшырады

12 Қаңтар 2026 11:58see107

Ақауы бар жолдар: Қазақстандықтар жаңа учаскелерде төлемнен босатылады

12 Қаңтар 2026 14:58see106

Сұлы жармасының пайдасы: күнде жесеңіз, ағзаңыз қалай өзгереді?

11 Қаңтар 2026 12:57see106

Жаңа кодекс бойынша кәсіпкерлер салықты қалай төлейді

11 Қаңтар 2026 16:11see106

Жараланғандар тым көп: Иран дәрігерлері наразылықтарға байланысты дабыл қақты

11 Қаңтар 2026 14:39see105

Алтай, Тарбағатай және Іле күй өнері ескі сарынды сақтаған көне мектеп

12 Қаңтар 2026 11:58see105

БҚО да жоғары лауазымды шенеунік ұсталды: видео

12 Қаңтар 2026 11:42see105

Трамп Масктен Ирандағы интернет байланысын қалпына келтіруді өтінбек

12 Қаңтар 2026 12:22see104

Бельгияның жоғарғы оқу орындарымен байланыс артып келеді

11 Қаңтар 2026 18:36see104

Ердоған демография мәселесі бойынша мәлімдеме жасады: Кем дегенде үш балалы болуы тиіс

12 Қаңтар 2026 12:17see104

Анар Бурашева әлемнің ең биік 7 шыңын бағындырған қазақ альпинисі атанды

11 Қаңтар 2026 14:53see103

Тарбағатайда жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

12 Қаңтар 2026 12:26see103

Берік Асылов прокурорлық қадағалаудың нәтижелерін жариялады

12 Қаңтар 2026 13:21see102

Көлік ғылымдары мен технологияларының институты құрылады

12 Қаңтар 2026 16:40see102

Алматыда ЖРВИ және тұмаумен ауырғандар саны азайды

12 Қаңтар 2026 12:58see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары