Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Сүю деген тек әдемі сөздер айту емес : Динара Сәтжан ұлына кеңес берді (видео)

Қорғаныс министрлігі алғашқы әскери дайындық пәніне қатысты өзгерісті түсіндірді

Франкфурт әуежайында өлімге әкелетін инфекцияның көзі іздестірілуде

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Жастар неге шетелге кетеді?

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Үш облыста газдандыру деңгейі 6% ға да жетпейді

Үш облыста газдандыру деңгейі 6% ға да жетпейді

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. 2026 жылдың басындағы мәлімет бойынша Қазақстанда газбен қамту деңгейі 64%-дан асты. Бұл көрсеткіш 2016 жылы 43% болған. Осылайша, кейінгі он жыл ішінде газдандыру деңгейі 21 пайызға артты, деп хабарлады Ranking.kz.

Биыл 11 маусымда парламент газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіруге бағытталған заң қабылдады. Жалпы, Қазақстанды газбен қамту 2035 жылға дейінгі газбен қамтудың бас схемасы аясында іске асырылып жатыр.

"2025 жылдың қорытындысында газдандыру бойынша 84 жоба іске асырылып, 94 елді мекеннің 354 мыңнан астам тұрғыны табиғи газға қол жеткізді. Бір жыл ішінде 2 мың шақырым газ тарату желісі салынды. Нәтижесінде 20,5 миллион халықтың 13 миллионнан астамы табиғи газбен қамтылды", - деп жазды портал.

2026 жылы газ тасымалдау инфрақұрылымын дамыту жобаларын жүзеге асыру нәтижесінде тағы 36 мың тұрғын табиғи газға қосылады. Биыл бұл бағытқа республикалық бюджеттен 27,3 млрд теңге бөлінді.

Магистральдық газ инфрақұрылымын дамытуға басымдық беріліп отыр. Мәселен, Қостанай облысындағы ірі өнеркәсіптік жобаларды табиғи газбен қамтамасыз ету үшін КС-14 компрессорлық станциясы мен "КС-14 – Қостанай" магистральдық газ құбырын салу жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Сондай-ақ катарлық инвесторлардың қатысуымен "Бейнеу – Бозой – Шымкент" магистральдық газ құбырының екінші желісін салудың бірінші кезеңі жалғасуда. Биыл жыл соңына дейін жылына 10 млрд текше метрге дейін газ өткізуге мүмкіндік беретін ұзындығы 1,5 мың шақырым газ құбырының желілік бөлігін аяқтау жоспарланып отыр.

2027–2029 жылдарға жоспарланған жобаның екінші кезеңінде компрессорлық станциялар салынып, газ құбырының өткізу қабілеті жылына 15 млрд текше метрге дейін ұлғайтылады.

Тағы бір стратегиялық жоба – Алматы және Жетісу облыстарын қосымша газ көлемімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін "Алматы – Талдықорған" магистральдық газ құбырының екінші желісін салу.

Өңірлердегі жағдай

Ел бойынша газбен қамту деңгейі артқанымен, өңірлер арасында айтарлықтай айырмашылық сақталып отыр.

Газбен қамту деңгейі жоғары өңірлер:

Атырау облысы – 99,8%;

Маңғыстау облысы – 99,8%;

Батыс Қазақстан облысы – 99,7%;

Алматы қаласы – 99,6%;

Шымкент қаласы – 97,8%;

Ақтөбе облысы – 94,2%;

Жамбыл облысы – 92%.

Газбен қамту деңгейі төмен өңірлер:

Қарағанды облысы – 5,8%;

Ұлытау облысы – 4,3%;

Шығыс Қазақстан облысы – 3,3%.

2026 жылдың басындағы жағдай бойынша Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Абай облыстарына табиғи газ толық жеткізілмеген.

Сонымен қатар бірқатар өңірде халықтың табиғи газға қолжетімділігін арттыруға бағытталған жобалар іске асырылып жатыр.

Түркістан облысы

2025 жылы өңірде газ инфрақұрылымының 87 нысанын салуға 20,7 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 45 нысан пайдалануға берілді, ал 42 нысан бойынша жұмыстар 2026 жылға ауыстырылып, жалғасып жатыр.

2025 жылдың қорытындысы бойынша 41 елді мекеннің 102 мың тұрғыны табиғи газбен қамтамасыз етілді. Нәтижесінде Түркістан облысындағы 801 елді мекеннің 606-сы табиғи газға қосылды. Өңірдің газбен қамту деңгейі 88%-ға жетті. 2026 жылы 74 нысанның құрылысына 13,7 млрд теңге бөлінді. Оның 2,4 млрд теңгесі республикалық бюджеттен, 11,3 млрд теңгесі облыстық бюджеттен қарастырылған.

Жыл соңына дейін 33 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл 34 елді мекеннің 35 мыңнан астам тұрғынын табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде өңірдің газбен қамту деңгейі 89,5%-ға жетеді.

Қостанай облысы

2030 жылға дейінгі газбен қамтудың бас схемасы негізінде әзірленген өңірлік схема аясында облыста жоспарланған 56 жобаның 22-сі іске асырылды. Қалған 34 жоба аяқталғаннан кейін газбен қамтылған елді мекендер саны 116-ға дейін өседі. Бұл жалпы елді мекендердің 23,1%-ын құрайды. Ал халықты газбен қамту деңгейі 67,7%-ға, яғни 556 685 адамға дейін жетеді.

Газбен қамту деңгейін арттыру үшін 2026–2028 жылдарға арналған жалпы құны 6,1 млрд теңге болатын 8 жобаны қаржыландыруға өтінім берілді. Оларды жүзеге асыру нәтижесінде халықты газбен қамту деңгейі 60,4%-дан 61,1%-ға дейін көтеріледі. Сонымен қатар өңірде тұрғын үй құрылысы мен өнеркәсіптің дамуына байланысты табиғи газ тұтыну көлемі артып келеді. Осыған байланысты мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ақтөбе облысындағы КС-14 компрессорлық станциясынан Қостанайға дейін магистральдық газ құбырын салу жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Жобаны іске асыру өңірдің газбен қамтылуын арттырып қана қоймай, жаңа өндірістер ашуға, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға және қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:120
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Шілде 2026 08:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Сүю деген тек әдемі сөздер айту емес : Динара Сәтжан ұлына кеңес берді (видео)

26 Тамыз 2026 22:37see148

Қорғаныс министрлігі алғашқы әскери дайындық пәніне қатысты өзгерісті түсіндірді

26 Тамыз 2026 21:39see143

Франкфурт әуежайында өлімге әкелетін инфекцияның көзі іздестірілуде

26 Тамыз 2026 18:14see143

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

27 Тамыз 2026 16:19see141

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

27 Тамыз 2026 14:49see140

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

27 Тамыз 2026 13:10see139

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

27 Тамыз 2026 14:11see137

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

27 Тамыз 2026 14:10see135

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see134

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see127

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see121

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see119

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see118

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see118

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see115

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see111

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see111

Жастар неге шетелге кетеді?

27 Тамыз 2026 13:10see109

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see109

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары