Үш жылдың ішінде энергетика секторына 900 млрд теңге инвестиция тартылды
Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Былтыр салаға бөлінген қаржы көлемі 348 млрд теңгені құрады.
Қомақты қаржы тозған инфрақұрылымды жаңғыртуға жұмсалды. Алда бұл көрсеткіш көбейе түседі. Себебі Мемлекет басшысы ескірген нысандарды жаңалауды тапсырды. Президент пәрменімен бес жылда 200 орталық реконструкциядан өтіп, 86 мың шақырым инженерлік желі жаңғыртылады.
Сұлтан Асылханов, ҚР ЭМ Электр энергетикасын дамыту департаментінің басқарма басшысы:
- Қызыл аймақта Солтүстік, Батыс Қазақстан облыстары мен Көкшетау қаласындағы жылу электр орталықтары бар. Өткен жылдан бастап Үкімет, соның ішінде Энергетика министрлігі коммуналдық секторларды жаңғырту бойынша ірі жобаны бастады. Бұл бағдарлама бес жылға жоспарланған. Аталған жоба аясында шамамен 80 мың шақырымнан астам инженерлік желілер жөндеуден өтеді. Бағдарламаны қаржыландыру көздері бюджеттен тыс қаражаттардан қаралады.
Қазір жөндеу жұмыстарының арқасында жылу орталықтарындағы апат 27 пайызға азайған. Сондай-ақ, 9 нысан қауіпті «қызыл» аймақтан шығып, үш станция жасыл деңгейге өтті.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:52
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қаңтар 2026 20:30 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















