Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Визалар, миллиардтаған еуро және жаңа ұшақтар Тоқаев пен ЕО лидерлері бірлескен мәлімдеме қабылдады

Визалар, миллиардтаған еуро және жаңа ұшақтар Тоқаев пен ЕО лидерлері бірлескен мәлімдеме қабылдады

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Бельгиядағы келіссөздер қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Еуропалық кеңес президенті және Еуропалық комиссия президенті бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

23 маусымда Қазақстан Президенті Брюссельге ресми сапармен барып, Еуропалық кеңес басшысы Антониу Коштамен және Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйенмен кездесу өткізді.

Көшбасшылар Президент Қ.К. Тоқаевтың сапарын өзара көлік байланысының, энергетикалық қауіпсіздіктің және орнықты жеткізу тізбектерін қамтамасыз етудің геосаяси маңызы артып отырған кезеңде Қазақстан мен Еуропалық Одақ (ЕО) арасындағы стратегиялық әріптестіктің нығаюын айқындайтын маңызды белгі ретінде құптады.

Олар 2025 жылы қол қойылғанына 10 жыл толуы аталып өткен Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейілділігін растады.

Президенттер Еуропалық Одақтың Қазақстанның жетекші сауда және инвестициялық серіктесі ретіндегі рөлін атап өтіп, инвестициялық ахуалды одан әрі жетілдіруге және стратегиялық секторлардағы, оның ішінде ЕО-ның "Жаһандық қақпа" стратегиясының Орталық Азияға қатысты қолданылатын ережелері шеңберінде, атап айтқанда, аса маңызды шикізат материалдары, энергетика, көлік, цифрландыру және жаңа технологиялар салаларында ынтымақтастықты нығайтуға келісті.

"Олар Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің стратегиялық маңызын атап өтіп, Еуропалық Одақтың "Жаһандық қақпа" стратегиясы шеңберіндегі ынтымақтастықтың кеңеюін құптады. Көшбасшылар Горизонталды авиациялық келісімге қол қойылғанын және виза беруді жеңілдету туралы келісім мен реадмиссия туралы келісім бойынша келіссөз жүргізушілер деңгейіндегі талқылаулардың сәтті аяқталғанын құптады, бұл Қазақстан мен Еуропалық Одақ азаматтары арасындағы өзара байланыс пен халықтар арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал етеді", - делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тараптар аса маңызды шикізат материалдары саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын растады және Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы орнықты шикізат, аккумуляторлар және "жасыл" сутегі құн тізбектерін құру салаларындағы стратегиялық әріптестікті іске асыру жөніндегі Жол картасын орындауға бейілділігін білдірді.

Сонымен қатар президенттер Қазақстанның Еуропаға мұнай мен уран жеткізудегі маңызды рөлін және жаңартылатын энергетика мен атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану салаларындағы неғұрлым тығыз ынтымақтастықтың әлеуетін мойындай отырып, сенімді энергетикалық әріптестіктің маңыздылығын атап өтті. Олар санкциялар мәселесі бойынша жалғасып жатқан сындарлы диалогты құптады.

Ақорда баспасөз қызметінің фотосы

Көшбасшылар Еуропалық инвестициялық банкпен және Еуропалық қайта құру және даму банкімен ынтымақтастықтың нығаюын құптады. Атап айтқанда, ЕИБ-мен жасалған өзара көлік байланысын қолдау жөніндегі келісімге (150 миллион еуро) және Қазақстанда халықаралық деңгейде аккредиттелген ұлттық химиялық-талдамалық зертхана құру туралы Еуропалық қайта құру және даму банкімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылуын жоғары бағалады.

Аталған бастамалар Еуропалық Одақпен әріптестікте "Team Europe" тәсілі шеңберінде іске асырылатын болады. Сондай-ақ 2025 жылғы "Орталық Азия – Еуропалық Одақ" саммитінің декларациясында көзделгендей, ЕИБ-нің Астанадағы өкілдігін ашуға қолдау білдірілді.

Президенттер "Air Astana" мен "Airbus" арасында жалпы құны 7,145 миллиард еуроны құрайтын 50-ге жуық әуе кемесін сатып алуды көздейтін Сертификаттық келісімге қол қойылуын құптады. Олар бұл келісімді авиация, инновациялар, көлік байланысын дамыту және жеке сектор инвестицияларын тарту салаларындағы Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықтың тереңдеп келе жатқанының нақты көрінісі ретінде атап өтті.

Президенттер климат саласында белсенді іс-қимылдарға және "жасыл" энергетикаға көшуге өздерінің бейілділіктерін растады, сонымен қатар бәсекеге қабілеттілікті арттыру және экономикалық ынтымақтастықты күшейту мақсатында тығыз диалогты қолдады. Олар сондай-ақ білім беру, зерттеулер жүргізу және инновациялар саласындағы ынтымақтастықтың кеңеюін, оның ішінде "Erasmus+" және "Horizon Europe" бағдарламалары аясындағы ынтымақтастықты құптады.

Еуропалық Одақ Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалардың күн тәртібін танып, 2026 жылғы наурызда республикалық референдум арқылы жаңа Конституцияның қабылданғанын атап өтті. Көшбасшылар адам құқықтары, құқық үстемдігі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша диалогтың жалғасуын, соның ішінде Венеция комиссиясымен ынтымақтастықты, сондай-ақ "TAIEX" және "Twinning" бағдарламалары шеңберіндегі практикалық ынтымақтастықты құптады.

Президенттер бейбітшілікке, қауіпсіздікке және тұрақтылыққа, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының қағидаттарына, оның ішінде егемендікке, аумақтық тұтастыққа және дауларды бейбіт жолмен реттеуге деген ортақ бейілділіктерін растады. Олар Біріккен Ұлттар Ұйымының қағидаттарына негізделген тиімді көпжақты тәсілдің маңыздылығын атап өтіп, қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуді қолдайтындарын растады. Көшбасшылар сондай-ақ қарусыздану мен таратпау жөніндегі жаһандық режимді нығайтудың, оның ішінде ядролық қарудан азат аймақтарды қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Еуропалық Одақ БҰҰ жүйесі аясында су ресурстарына байланысты жаһандық мәселелерді шешу мақсатында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі Қазақстанның бастамасын назарға алды.

Президенттер Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасындағы қатынастардың стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілгенін құптап, 2026 жылғы сәуірде Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммиттің қорытындыларын атап өтті. Олар ортақ өркендеуді, орнықтылықты, тұрақты дамуды және тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықты нығайтудың маңызды екенін атап көрсетті.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:178
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Маусым 2026 20:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see134

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see131

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see128

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see128

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see128

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see127

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see126

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see125

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see124

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see124

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see124

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see124

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see124

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see123

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see122

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see122

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see122

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see121

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see121

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see120
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары