Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

​Яна Легкодимованың өлімі: сүйегі табылмаған айғағы жоқ істі тергеушілер қалай ашты?

​Яна Легкодимованың өлімі: сүйегі табылмаған айғағы жоқ істі тергеушілер қалай ашты?

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Сурет: polisia.kz

Атыраудағы кісі өлтіру фактісі туралы ақпарат қоғамда резонанс тудырғаны хақ. Қыздың өліміне себепкер болған қаскөйлердің әрекетін полиция қалай әшкереледі, жедел уәкілдер күдіктілерді қалай құрықтады, тергеушілер бұл істі қалай ашты - толығырақ Polisia.kz материалында. 

23 жастағы Яна Легкодимова 2024 жылғы 18 қазаннан 19-на қараған түні өлтірілген. Қыздың сүйегі тек сегіз ай өткен соң Жайық өзенінің жағасынан табылды.
- Бірінші адам жоғалу фактісімен іс тіркелді. Хабар түскен бойда біз оны іздеуге кірістік. Бірқатар жұмыстар атқарылды. Адам ұрланғаны жөнінде мәліметтер жинақталған соң істі адам ұрлау дерегі бойынша жүргіздік. Одан соң іс кісі өлтіру дерегіне өзгертілді, - деді Атырау облысы криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Ерлан Құсайынов. 

Полицияға хабар 20 қазан күні қыздың анасынан оның хабар-ошарсыз кеткені жөнінде түскен. Тәртіп сақшылары Янаның түр-сипатына, ерекшеліктеріне қарай сұрау салып, іздестіру жұмыстарын жүргізген.
- Біз оның үйден шыққан сәтінен бастап жүрген бағытын қалпына келтіре бастадық. Камералар қыз мінген ақ түсті көлікті көрсетті. Жанында есікті ұстап тұрған екінші ер адам болған. Кейін ол да автокөлікке отырған. Одан соң олар Талдыкөлге қарай бағыт алған, - деді Атырау облысы ПД тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Темірхан Хажмұратов.

Оқиғаның жай хабар-ошарсыз кеткен адам туралы емес, қылмыстық сипаты барын жедел уәкілдер анықтады. Қаладағы бейнекамералардың жазбалары қаралып, күдікті көліктің жүру бағыты тексерілді. Осылайша қызды алып кеткен екі жігіт анықталды. Бірі қылмысты өз қолымен жасаса, екіншісі оған ізін жасыруға көмектескен.
- Күдіктілер екі күннен кейін ұсталды. Бірі Құрманғазы ауданына кетіп үлгерген, екіншісі көлікті жуатын орынға апарып, іздерді және марқұмның телефонын жойған, - деді  тергеуші Хажмұратов. 

Айғақтардың жойылуына қарамастан, полиция қызметкерлері істі ашты. Тергеу материалдарына сәйкес, Хайржанов көліктің ішінде Янаны тұншықтырған, ал досы Катимов қызды қашып кетпесін деп есікті ұстап тұрған. Бұдан кейін олар денені қала сыртына апарып, өзенге лақтырған.

- Алдымен біз Хайржановты анықтадық. Оның жауабы бойынша екінші күдікті Катимовты таптық. Күдіктілер ұсталып, бірақ сүйектің табылмағаны менің тәжірибемде алғаш рет болды. Соған қарамастан күдіктінің сөзі бойынша қылмыс болған орынды анықтадық, - деді Ерлан Құсайынов.
Қылмыскер мен марқұм бір университетте оқыған және бірін-бірі 2022 жылдан бері білген. Қыз-жігіт ретінде қарым-қатынаста болған. Қаскөйлер бұрын-соңды сотты болмаған, қандай да бір есепте тұрмаған. Жедел уәкілдің айытуынша, мұндай жағдайларда ұсақ-түйектің өзін ескеру маңызды.

- Қылмыс тіркелген уақытта жедел уәкіл ұсақ-түйек мән-жайларға назар аударады. Оны ескермесең, қылмыс ашылмай қалуы мүмкін. Адамның сөйлегеніне назар аударамыз. Психологиялық жағдайына мән береміз. Күдіктіні сөйлетуге тырысамыз, - дейді жедел уәкіл. 

Қылмыстың жасалуына Янаның Хайржановтың басқа қызбен кездесіп жүргенін және оған үйленбек екенін біліп қоюы, қалыңдығына шындықты айтамын деп оқталуы түрткі болған.

Тергеушінің айтуынша, басты күдікті әуелде тергеуді шатастыруға тырысқан. Алайда тәртіп сақшылары тактиканы өзгертіп, қылмыскердің жауапкершіліктен жалтаруына жол бермеді. 

– Сот санкциясы бойынша біз олардың парақшаларын тексердік. Хат алмасу барысында олар кісі өлтіру жоспарын талқылаған. Сондай-ақ ғаламтордағы іздеу жүйесінде Қазақстанда адам өлтіру үшін қандай жауапкершілік қарастырылатыны және бейнебақылау камераларындағы жазбалар қанша уақыт сақталатыны туралы сұрақтар болған, – деді тергеуші Темірхан Хажмұратов. 

Полиция қызметкерлері барлық қажетті процесстерді жүргізіп, дәлелдемелерді жинақтады. Бүгінде екі күдікті де жауапқа тартылды. Екеуі де өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Бүгін, 15:24

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:154
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қараша 2025 18:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see138

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see120

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see118

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары