Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Кофені көп ішсе, не болады?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Ыстанбұлдағы жаһандық саммитте Қазақстан бейбіт саясат ұстанымын тағы растады

Ыстанбұлдағы жаһандық саммитте Қазақстан бейбіт саясат ұстанымын тағы растады

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Жаһандық саммитте Мәжіліс төрағасы сөз сөйледі. Палата төрағасы қазір біз халықаралық құқықтың беделі әлсіреп, қақтығыстар шиеленіскен, экономикалық дағдарыстар белең алған күрделі де тұрақсыз әлемде өмір сүріп жатқанымызды алға тартты.

Ерлан Қошанов мұндай алмағайып кезеңде парламенттік дипломатияның рөлі арта түсетінін атап өтті. Парламентаралық диалог мемлекеттер арасындағы құрмет пен сенімді, ынтымақтастықты нығайтуға, халықаралық құқықтың мүлтіксіз қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған. Сондықтан бүгінгі «Болашақ ұрпақ үшін үміт ұялату, бейбітшілікті нығайту және әділдікті қамтамасыз ету» тақырыбыбүкіл әлем парламентарийлеріне жолдаған үндеу екенін айтты.

Фото: Т.Таныбаева

– Қазақстан әрдайым Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын қатаң сақтауды, ашық әрі сындарлы диалогты, жанжалдардың бейбіт жолмен реттелуін қолдайды. Бұл – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дәйекті іске асырып келе жатқан еліміздің сыртқы саясатының іргелі қағидаттары. Біздің мемлекетіміз белсенді түрде бейбітшіл саясат ұстанып келеді. Астана мен Алматы бірнеше рет келіссөздер алаңына айналғаны өздеріңізге мәлім. Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымы миссиялары құрамында халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға зор үлес қосып отыр, – деді Мәжіліс спикері.

Ерлан Қошанов Қазақстанның бітімгершілік контингенті Голан биігіндегі атысты тоқтату режимін сақтауға, жағдайды тұрақтандыруға үш жылдан бері атсалысып келе жатқанына назар аударды.

Мәжіліс спикерінің айтуынша, бүгінде Орталық Азия өңірдегі үйлесімді және көпвекторлы дипломатияның үлгісін көрсетуде. Аймақтағы елдердің арасында шекара мәселесі толық реттеліп, гидроэнергетика, көлік, логистика салаларында ортақ ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асып жатыр. Сол жұмыстың бәріне Қазақстан Парламенті тікелей атсалысуда.

Бұдан бөлек, Қазақстан Орнықты даму саласындағы күн тәртібінде тұрған мәселелердің бәрін сапалы орындауға тырысып келеді. Парламентте Орнықты даму мақсаттарының іске асырылуын бақылау жөніндегі арнаулы комиссия жұмыс істейді.

Сонымен бірге Қазақстан азық-түлік пен су қауіпсіздігіне, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделу жайттарына ерекше көңіл бөліп отыр. Келесі аптада Астанада Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен Өңірлік экологиялық саммит өтеді. Бұл форумда су ресурстарын басқару, «жасыл» экономикаға көшу және өңірдегі тұрақтылықты нығайту жөніндегі практикалық шешімдер ұсынылады деп жоспарлануда.

Фото: Т.Таныбаева

Мәжіліс төрағасы бүгінгі пікірталастың негізгі түйіні әділет ұғымы екеніне ерекше мән беріп, қазіргі уақытта бүкіл әлемде әділдікке деген сұраныс жоғары екенін атап өтті. Бұл ең алдымен, мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастарға қатысты.

– Осы сұранысқа жауап ретінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әділетті және Прогрессивті Қазақстан құруды өз мандатының басты мақсаты ретінде белгіледі. Бұл мақсатты іске асыру үшін елімізде ауқымды саяси реформалар қолға алынды. Таяуда референдум арқылы жаңа Конституция қабылдануы – мемлекеттік институттарға, Президент реформалары бағдарына деген сенімнің дәлелі. Ата Заңның бүкіл мәтінінде адам мүддесі бірінші орынға қойылды. «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген қағидат Конституция деңгейінде айқындалды. «Күшті Президент, ықпалды Парламент және есеп беретін Үкімет» арасындағы теңгерім бекітілді. Осы реформалар аясында біз қос палаталы Парламенттен бір палаталы жүйеге көшеміз, – деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс төрағасы әріптестеріне елдегі реформалармен бірге Қазақстан Парламенті қабылдаған заңдар туралы да айтып берді. Парламент жаһандық өзгерістерге сай Цифрлық кодекс пен Жасанды интеллект туралы арнаулы заң қабылдады. Бұл құжаттарда жасанды интеллектіні пайдалану кезіндегі ашықтық, қауіпсіздік, жауапкершілік қағидаттары бекітілген. Ерлан Қошанов атап өткендей, заңды әзірлеу барысында технологиялық прогресс пен азаматтардың құқығын қорғау арасындағы теңгерім де барынша сақталды.

Жиын қорытындысы бойынша Түркия Президенті Режеп Таийп Ердоған әлемнің түкпір-түкпірінен келген Парламент спикерлерімен кездесіп, Ассамблея жұмысына белсене атсалысқаны үшін баршаға зор алғысын білдірді.

Жаһандық саммит аясында Мәжіліс спикері шетелдік әріптестерімен екіжақты кездесулер өткізді.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмушпен кездесуде Ерлан Қошанов Парламентаралық Одақ Ассамблеясын өткізу арқылы Ыстанбұл өз тарихында төртінші рет әлемдік парламентаризмнің жаһандық астанасына айналып отырғанын атап өтті.

Әңгімелесу барысында олар парламентаралық ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады. Тараптар екі бауырлас елдің басшылары арасындағы мызғымас достық пен сыйластық баршаға үлгі екеніне назар аударып, көшбасшылардың уағдаластықтарын заңнамалық тұрғыда жүзеге асыратынын айтты.

Қос спикер партияаралық әріптестікке де көңіл бөліп, сауда-саттық, инвестиция, өнеркәсіп, көлік-логистика, туризм салаларындағы ықпалдастық жайын сөз етті.

Ал қырғыз әріптесімен кездесуде Ерлан Қошанов Марлен Маматалиевті Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеш төрағасы лауазымына сайлануымен құттықтап, Қазақстан бауырлас елмен парламентаралық ықпалдастықты нығайтуға үлкен мән беретініне тоқталды.

Тараптар Парламентаралық ынтымақтастық кеңесі, достық тобы мен бейінді комитеттер аясындағы жұмысты ілгерілетуге келісіп, сауда-экономика, мәдениет, білім берумен қатар, шекара және көлік-транзит саласындағы іс-әрекетті кеңейту мәселелерін ортаға салды.

Сондай-ақ Мәжіліс спикері әріптесіне елімізде іске асып жатқан Президент реформалары туралы мәлімет берді.

Фото: Т.Таныбаева

Вьетнам Социалистік Республикасы Ұлттық Жиналысының төрағасы Чан Тхань Манмен кездесуде Ерлан Қошанов Қазақстан бұл елмен ықпалдастықты барлық салада күшейтуге мүдделі екенін жеткізді. Соның ішінде парламентаралық ынтымақтастықты тереңдетуге айрықша көңіл бөлініп отыр.

Тараптар қазіргі күрделі кезеңде парламенттік дипломатияның әлеуетін барынша пайдалануға шақырып, 152-ші Ассамблея ашық әрі сындарлы диалог арнасында өткенін және ортақ мақсаттарға жол ашқанын атап өтті.

Сонымен қатар, Мәжіліс спикері форум алаңдарында Армения, Әзербайжан, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Грузия, Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан парламенттері төрағаларымен парламентаралық диалогты тереңдету мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Сондай-ақ ТүркПА-ға мүше елдер парламенттері делегацияларының басшылары жұмыс кездесуін өткізді.

Қазақстан депутаттары негізгі сессиядан бөлек, орнықты даму, бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне арналған тұрақты комитеттердің отырыстарына қатысты.

Ақпарат үшін: Парламентаралық Одақ – 1889 жылы құрылған ең ірі халықаралық парламенттік ұйым. Оған 183елдің парламенттері кіреді. Қазақстан 1993 жылдан бастап Парламентаралық Одақ Ассамблеясына мүше.

Парламентаралық Одақ Ассамблеясы парламенттік дипломатияға ықпал етеді және парламенттер мен парламентшілерге бүкіл әлемде бейбіт саясатты, демократияны және тұрақты дамуды ілгерілету өкілеттіктерін береді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:159
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Сәуір 2026 19:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see141

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see140

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see134

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see134

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see132

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see130

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see127

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see123

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see122

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see122

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see112

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see111

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see111

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see110

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see109

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see109

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see107

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see106

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары