Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Жағдайы жақсы Еңбек министрі сәбиі бар курьер әйел туралы

Жағдайы жақсы Еңбек министрі сәбиі бар курьер әйел туралы

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Алматыда қолында сәбиін ұстап, жеткізу қызметінің рюкзагін асынған суреті тараған әйелдің жағдайын зерттеді. Анықталған мән-жайлар туралы министр Асқарбек Ертаев айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әйелдің фотосы әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырған болатын. Министрдің айтуынша, ведомство қызметкерлері отбасының жағдайын зерделеді. Күйеуінің IT саласында жоғары білімі бар, ал өзінің орта арнаулы техникалық және мектепке дейінгі білімі бар екені анықталды.

"19 мамырда олар Алматыға өз бетінше бағын сынап көруге (жұмыс іздеуге - ред. еск.) келген. Біз көшіп жатқан барлық жастарға мансап орталықтарына жүгінуге кеңес береміз. Дәл сол жерде қандай бос жұмыс орындары мен мүмкіндіктер бар екенін айтып береді", - деді Асқарбек Ертаев.

Еңбек министрлігінде қандай сұрақ туындады?

Министр әйелдің шынымен курьер ретінде тіркелгенін растады. Бұл ретте ведомствода ол жұмыс істеген платформаға қатысты сұрақ туындаған.

"Ол қандай нұсқамадан өтті, оны қалай өтті, оны баламен жұмысқа қалай жіберді?" - деді Асқарбек Ертаев.

Оның айтуынша, жеткізу қызметінің өкілдері жауап дайындау үшін уақыт сұраған. Министрлік бұл мәселеге келесі аптада қайта оралуды жоспарлап отыр.

"Бізге азаматтарымыздың мұндай платформаларда тіркелуін реттейтін бірыңғай тәртіпті анықтау қажет: олар қандай қауіпсіздік техникасынан, қандай нұсқаулықтардан өтуі тиіс", - деп атап өтті шенеунік.

Журналистер әйелдің күйеуі ауырып қалғандықтан және нәрестені қалдыратын адам болмағандықтан жұмысқа баламен шығуы мүмкін деген болжам жасады. Ертаев бұл ақпаратты теріске шығарды. Оның айтуынша, отбасының автокөлігі бар, оған 2 миллион теңге көлемінде несие рәсімделген, ал Шымкентте отбасының туыстары тұрады.

"Ломбард саласымен айналысатын туған ағасы бар, ата-анасының жағдайы жақсы. Сондықтан олардың материалдық жағдайы жақсы", - деп мәлімдеді Асқарбек Ертаев.

Бұл жағдай әйелдің "курьерлік рюкзакпен серуендеуді" ұйғарғанын білдіре ме деген сұраққа министр теріс жауап берді.

"Мен ол серуендеуді ұйғарды деп айтпаймын. Олар шынымен келіп, тіркелген, бірақ мансап орталығына жүгіну керек еді. Бұл менің еңбек министрі ретіндегі ұсынысым: егер жас отбасы жаңа қалаға көшіп келсе, мансап орталығына жүгіну қажет", - деді ол.

Отбасына бос жұмыс орындары ұсынылды

Ертаевтың айтуынша, министрлік әйелдің отбасына мемлекеттік қолдау көрсетудің ықтимал шараларын қарастырған. Оның күйеуіне IT саласында жалақысы жақсы бірнеше бос жұмыс орны ұсынылды.

"Бізде жұмыс берушілер ай сайын 107 мың бос жұмыс орнын ұсынады. Олар түрлі салада бар. Мансап орталықтары арқылы жүгіну керек. Олардың міндеті - жастардың жұмысқа орналасуына көмектесу", - деп мәлімдеді шенеунік.

Сондай-ақ журналистер Ертаевтан курьер және қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін жасөспірімдер туралы сұрады.

Министр заңнама белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда 14 жастан бастап жұмыс істеуге мүмкіндік беретінін еске салды.

"Соған қарамастан, үкіметтің кейінгі отырысында біз бұл мәселені бақылауға алатынымызды жарияладық. Егер балалар жұмыс істесе, еңбек шартының болуы міндетті және қауіпсіздік техникасы сақталуы тиіс", - деп түйіндеді Асқарбек Ертаев.

Мән-жайы

11 маусымда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай қолында сәбиін ұстаған курьер әйелге қатысты жағдайға пікір білдіруден бас тартты. Ол барлық мән-жайды білмейтінін айтып, болған жайтты отбасылық бюджет пен отбасылық қарым-қатынас мәселесі деп атады.

Бұған дейін біз қазақстандық жастардың неге кәсіпорындарда жұмыс істеудің орнына жеткізу қызметін, маркетплейстерді және платформалық жұмыстың басқа түрлерін таңдайтыны туралы айтқан болатынбыз. Сарапшылар негізгі себептер ретінде икемді график, жылдам табыс және жұмыс уақытын өз бетінше таңдау мүмкіндігін атаған.

Еңбек министрлігінің зерттеуіне сәйкес, Қазақстанда жасөспірімдердің 70 пайыздан астамы ресми шартсыз жұмыс істеген. Ведомство кәмелетке толмаған жұмыскерлерді міндетті сақтандыруды және олардың еңбек жағдайларын бақылауды күшейтуді қарастыратын өзгерістер дайындап жатыр.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:111
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Маусым 2026 22:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see119

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see116

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see116

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see115

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see114

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see113

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see112

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see112

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see112

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see111

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see111

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see111

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see110

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see109

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see109

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see108

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see108

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see108

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары