Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

Ата аналар тілегін тыңдады

Атырауда құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен жылқыны аман алып шықты

Жылуыңды жаз қамда

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

Жетісу облысында үйінде есірткі өсірген екі тұрғын ұсталды

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

Нұрсаядағы жасөспірімдер төбелесі: қылмыстық іс қозғалды

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

Жаңа Ата Заңда төл мәдениет пен құндылықтарға қайшы келетін дүниелерге тосқауыл қойып отырмыз Қарин

Жаңа Ата Заңда төл мәдениет пен құндылықтарға қайшы келетін дүниелерге тосқауыл қойып отырмыз Қарин

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Құжат жұртшылық назарына ұсынылған бір апта ішінде 4 мыңнан астам ұсыныс-тілек түскен, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Конституциялық комиссияның 9-отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа Ата Заңды қабылдаудың маңызын түсіндіріп, оның ұлттық болмысқа негізделіп әзірленіп жатқанын атап өтті.

– Біріншіден, Конституция әр елдің өз болмысына сай қалыптасады. Ал мемлекеттердің тарихы, мәдениеті, тілі, саяси жүйесі, бүгіні мен болашағы бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Сондықтан Германияда, Францияда, Жапонияда немесе АҚШ-та жұмыс істейін нормалар Қазақстанға мүлдем келмейді. Аталған елдер де Конституцияны бір-бірінен көшіріп отырған жоқ қой. Мәдениеті, экономикасы, саяси жүйесі ұқсас мемлекеттердің өзі Конституцияны бір-бірінен көшірмейді. Ендеше мәдениеті, салты, қоғамы бөлек Қазақстан неге көшіруі керек, – деді Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин.

Оның айтуынша, кейбір шет мемлекеттердің заңнамаларында ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлі құндылықтарымызға сәйкес келмейтін нормалар бар. Ал жаңа Ата Заңда мұндай ұстанымдарға жол берілмей, зайырлылық қағидаттары, неке институты секілді қоғам үшін маңызды нормалар нақты бекітілген. Конституция – жай ғана құқықтық құжат емес, ол белгілі бір қоғамның тарихи тәжірибесіне негізделген дүниетанымы мен моральдық құндылықтарының жиынтығы.

– Біз өз тағдырымызды, өз болашағымызды өзіміз анықтаймыз. «Кімбіз? Қайда барамыз?» деген сұрақтарға өзге біреу сырттан емес, өзіміз тікелей жауап береміз. Оны жаңа преамбулада жариялап отырмыз. Бұған дейін 1995 жылғы Конституцияны 12 адамнан тұратын Сарапшылық кеңес әзірлегенін айтқан едім. Сондағы 12 адамның үшеуі – шетелдік сарапшылар. Әрине, олар әлемдік құқық нормаларын жақсы білген мамандар шығар. Бірақ біздің елдің тарихын, мәдениетін, болмысын қаншалықты жетік білетінін кесіп айта алмаймыз, – деді  Мемлекеттік кеңесші.

Сонымен қатар Мемлекеттік кеңесші комиссияның құрамына қатысты да өз ойын айтып, комиссия отырысы ашық өтіп жатқанына тоқталды. 

– Қазір еліміздің жаңа Конституциясын осыдан 30 жыл бұрынғыдай жабық кеңседегі 12 адам емес, әрбір өңірден жиналған, түрлі саланың өкілдерінен құралған, тікелей эфирде, ашық форматта жұмыс істейтін 130 адамнан тұратын ауқымды комиссия жазып жатыр. Арамызда бірде-бір шетелдік азамат жоқ. Өз Ата Заңымызды, өз құқықтық жүйемізді өзіміз жасайтын қабілетіміз бар. Жаңа Ата Заң Қазақстанның мемлекеттілігі, орнықтылығы тұрғысынан, өз мүддесі тұрғысынан әзірленуде, – деді ол.

Әрі жаңа Конституция қазақ тілінде жазылып жатқанын айтты.

– Сол үшін де бұл шын мәнінде – халықтық Конституция. Себебі, бізге біреу сырттан келіп ақыл айтып жатқан жоқ. Бұл – өзіміз жиналып, өзіміз даулассақ та, айтыссақ та, өз тілімізде өзіміз жазып, мемлекеттік, елдік, ұлттық мүдде тұрғысынан қабылдап жатқан Конституция, – деп сөзін түйіндеді Ерлан Қарин.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:141
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Ақпан 2026 15:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

22 Қыркүйек 2026 02:22see194

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

22 Қыркүйек 2026 02:23see168

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

22 Қыркүйек 2026 02:22see167

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see162

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see156

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see147

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see145

Ата аналар тілегін тыңдады

22 Қыркүйек 2026 04:25see141

Атырауда құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен жылқыны аман алып шықты

22 Қыркүйек 2026 02:21see135

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see133

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

22 Қыркүйек 2026 05:05see132

Жетісу облысында үйінде есірткі өсірген екі тұрғын ұсталды

22 Қыркүйек 2026 02:22see127

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see126

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

22 Қыркүйек 2026 03:40see118

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

22 Қыркүйек 2026 05:29see118

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see114

Нұрсаядағы жасөспірімдер төбелесі: қылмыстық іс қозғалды

22 Қыркүйек 2026 02:21see108

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

22 Қыркүйек 2026 04:06see107

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see106

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары