Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Жемісті жеті жыл

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

“Бұл қателік еді“ полиция жүргізушілерді тоқтата ала ма, ІІМ түсіндірді

YTO Қазақстандағы инвестициялық ауқымын кеңейтуге дайын: Қазпошта мен қытайлық компания Almaty Sky Hub жобасын жүзеге асыру қарқынын арттырады

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

“Жаңа ғана жасалды, ал қазірдің өзінде шұңқыр“ депутат қазақстандық жолдардың жағдайы туралы

“Жаңа ғана жасалды, ал қазірдің өзінде шұңқыр“ депутат қазақстандық жолдардың жағдайы туралы

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қазақстандағы жолдарды ауыр жүк көліктері бүлдіріп жатыр, ал олардың салмағын бақылауы тиіс жүйелер толық қуатында жұмыс істемей тұр. Бұл туралы көлік министрінің атына жолдаған сауалында Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жолдар жөндеу көрмегендей"

Екатерина Смышляева Қазақстанда төселген жолдар көбіне тиісінше қорғалмайтынын айтты. Оның сөзінше, олар мерзімінен бұрын бұзылып жатыр.

"Азаматтар өтініштерінде "жаңа жол салынып бітпей жатып, бетінде ойық пайда болады, ал бір жылдан кейін жөндеу көрмегендей күйге түседі" деп жиі айтады. Жол төсемінің бұзылуына себеп болатын факторлардың бірі – рұқсат етілген салмақтан айтарлықтай асатын автокөліктердің қозғалысы", – деді депутат.

Артық жүк тиеген көліктер неге еркін жүреді?

Смышляева ауыр жүк көліктерінің салмағы мен габариттерін өлшейтін автоматтандырылған жүйелер (АӨЖ) бар екенін еске салды. Олар жолдарды сақтауға және заңбұзушылықтарды бақылауға көмектесуі тиіс. Алайда жүйелердің бір бөлігі тиісті деңгейде жұмыс істемей тұр.

Депутат жариялаған ақпаратқа сәйкес, қазір Қазақстан жолдарында осындай 83 жүйе орнатылған. Оның 42-сі қажетті орталықтарға деректерді жолдамайды. Смышляева бұған себеп ретінде жол төсемінің бұзылуын, байланыстың жоқтығын, датчиктердің ақаулығын және сертификаттардың қолданылу мерзімі өтіп кеткенін атап өтті.

"Жұмыс істеп тұрған қалған 41 жүйенің 28-і ғана Бас прокуратураның Әкімшілік іс жүргізу бірыңғай тізілімінің процессингтік орталығына деректер жібереді. Осылайша, бүгінде орнатылған АӨЖ-нің үштен бірі ғана толық цифрлық циклді қамтамасыз етіп отыр. Яғни, қымбат тұратын жабдықтардың 70 пайызға жуығы алға қойылған міндетті толық көлемде орындамайды", – деді ол.

Депутаттың айтуынша, 2028 жылдың аяғына дейін тағы 141 жүйе орнату жоспарланған. Айта кетейік, мұндай бір кешен құны 200–300 миллион теңгеге жуықтайды.

"Қолданыстағы жабдықтардың жұмысы қамтамасыз етілмей тұрып, желіні одан әрі кеңейту қаншалықты негізді деген заңды сұрақ туындайды", – деп сұрады ол.

Тағы бір мәселе – заңды бұзатындарды анықтау. Тек 2025 жылдың ішінде АӨЖ 76 мың ықтимал заң бұзушыны анықтай алмаған. Осы уақытта олардың көліктері жол төсеміне зиян келтіруін жалғастыра берген, деп қосты Смышляева.

Депутат не ұсынды?

Смышляева жүйе әлі де толық автоматты түрде жұмыс істемейтінін атап өтті: аумақтық инспекция қызметкерлері шешімді өздері қабылдайды, ал деректерді қолмен түзетуге болады, бұл жемқорлық тәуекелдерін тудырады.

Мәселені шешу үшін депутат мыналарды ұсынды:

барлық АӨЖ-ні тексеріп, олардың қаншалықты дұрыс және сенімді жұмыс істейтінін бағалау; тексеру аяқталмайынша, жаңа АӨЖ орнатуға қаражат бөлмеу; бекеттерді айналып өтуді, жасырын нөмірлерді, жабдықтың зақымдалуы мен өртенуін тіркейтін қосымша бақылау құралдарын орнату; қолданыстағы барлық құрылғыны тексеріп, сертификаттау, ал істен шыққан жабдықтарды қолданыстан шығару; деректерді қолмен өзгерту мүмкіндігін барынша шектейтіндей етіп цифрлық жүйені жетілдіру.

Бұған дейін Қазақстанда артық жүк тиелген фуралар жолдарды тоздырып жатқаны хабарланған болатын. 2026 жылдың сегіз айында автоматтандырылған станциялар көлік салмағы бойынша 870 мыңға жуық көрсеткішті тіркеді. Олардың ішінде салмағы 50 тоннадан асатын 139 мыңға жуық көлік және салмағы 200 тоннадан асатын мыңға жуық көлік бар.

"ҚазАвтоЖол" көлікке шамадан тыс жүк тиеу салдарынан жолдарда ойық пен деформация пайда болып, жабынның қызмет ету мерзімі қысқаратынын атап өтті.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:51
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 10:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see103

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see101

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see100

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see100

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see100

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see99

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see98

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see98

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see98

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

24 Қыркүйек 2026 10:21see97

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see97

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see97

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see97

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see96

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see96

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see95

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

24 Қыркүйек 2026 10:33see94

“Бұл қателік еді“ полиция жүргізушілерді тоқтата ала ма, ІІМ түсіндірді

24 Қыркүйек 2026 09:52see94

YTO Қазақстандағы инвестициялық ауқымын кеңейтуге дайын: Қазпошта мен қытайлық компания Almaty Sky Hub жобасын жүзеге асыру қарқынын арттырады

24 Қыркүйек 2026 10:08see94

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

24 Қыркүйек 2026 10:18see94
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары