Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Кофені көп ішсе, не болады?

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа Конституция жобасы төңірегіндегі тараған фейктер мен манипуляциялар

Жаңа Конституция жобасы төңірегіндегі тараған фейктер мен манипуляциялар

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы төңірегіндегі ең көп таралған фейктер мен манипуляцияларға шолу дайындады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Біз желіде тараған жалған мәлімдемелерді жобаның ресми мәтінімен және мемлекеттік органдардың түсіндірмелерімен салыстырдық.
1-бөлім
1. «Конституция Президенттің өкілеттіктерін күшейтеді»
Бұл құжаттың мазмұнына сәйкес келмейді.
Жоба тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін бекітеді. Негізгі кадрлық шешімдер - Вице-президентті, Премьер-министрді, Конституциялық Сот судьяларын, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындау - Құрылтайдың келісімімен жүзеге асырылады.
Сонымен қатар  Президенттің қайта сайлану құқығынсыз бір реттік жеті жылдық өкілеттік мерзімі сақталады.
Мұндай құрылым «суперпрезиденттік» модельге емес, президенттік республикаға тән.
Қорытынды: Фейк
2. «Шетелдіктерге жер сатуға қойылған тыйым алынып тасталады»
Жоба мәтінінде шетел азаматтарына жер сатуға рұқсат беретін нормалар жоқ.
8-баптың 3-тармағында:
«Жер және оның қойнауы, сулар, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, өзге де табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Жер заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жекеменшікте де болуы мүмкін» деп бекітілген.
Қорытынды: Фейк
3. «Тегін медицина жойылады»
Жоба медициналық көмектің өтеусіз сипатын сақтайды.
32-баптың 2-тармағына сәйкес:
«Қазақстан Республикасының азаматтары заңда белгіленген, өздері төлемейтін медициналық көмекті алуға құқылы».
Бұл жерде мәселе тегін медицинаны жоюда емес, аталған құқықты іске асыру тетігін заңнамалық тұрғыдан нақтылауда болып отыр.
Қорытынды: Манипуляция
4. «Тегін білім беру жойылады»
Бұл да жоба мәтініне сәйкес келмейді.
Шын мәнінде, мемлекеттік оқу орындарында орта білім берудің өтеусіз сипатына Конституция кепілдік береді. Сондай-ақ жоғары оқу орындарында тегін жоғары білім алу құқығы бекітіледі (33-бап).
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 9-отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева:

«Ешкім медициналық көмек пен білім алу құқығынан айырылмайды... «Тегін» деген ұғым құқықтық тұрғыдан нақтырақ «азаматтар ақы төлемей, заңда белгіленген тәртіппен медициналық көмек алуға құқылы» деген тұжырымдамамен алмасты», – деп атап өтті.
Қорытынды: Манипуляция
5. «Жыл сайынғы ақылы демалыстар жойылады»
Бұл – қате пайым.
Конституция жобасының 27-бабы демалу құқығына кепілдік береді. Ал жыл сайынғы ақылы демалыстың нақты ұзақтығы мен шарттары Еңбек кодексімен айқындалады.
Конституциялық норма принципті бекітеді, ал егжей-тегжейі салалық заңнамамен реттеледі.
Қорытынды: Манипуляция

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:108
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Ақпан 2026 14:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see140

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see139

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see133

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see133

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see131

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see129

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see126

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see122

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see121

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see121

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see109

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see109

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

12 Қазан 2026 22:25see106

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see105

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see105

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see104

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see103

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see102

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары