Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Кофені көп ішсе, не болады?

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет форумы қоғамдық мәдениеттің сабақтастығын дәріптейді Президент

Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет форумы қоғамдық мәдениеттің сабақтастығын дәріптейді Президент

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Бұл – Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында конституциялық органның өңірлерде өткізген алғашқы іс-шарасы. Диалог алаңында мыңнан астам қоғам өкілі, белсенді аналар мен сарапшылар бас қосты.

Алдымен Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың форум қатысушыларына арналған құттықтау хатын оқып берді. Президент республикалық форумының ашылуымен құттықтап, Қазақстан Халық Кеңесінің ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан алқалы жиын ұлттық тәрбие мен қоғамдық мәдениеттің сабақтастығын дәріптейтін маңызды іс-шара екенін атап өтті. 

«Конституция – еліміздің өсіп-өркендеуіне жол ашатын қастерлі құжат әрі халқымыздың жаңа дәуірдегі болмыс-бітімін айқындайтын темірқазық. Сондықтан бәріміздің алдымызда тұрған аса маңызды мақсат – Конституциямыздың басты құндылықтары мен маңызын халық арасында, әсіресе, жастарға жан-жақты түсіндіріп, кең ауқымда дәріптеу. Өйткені, қазіргідей құбылмалы, тұрақсыз және күрделі уақытта мемлекеттігіміздің мыңдаған жылдық тарихы мен дәстүрін жадымызда сақтай отырып, жұртымыздың бойына озық ойлы ұлтқа тән игі құндылықтарды сіңіру аса өзекті міндет саналады» – делінген құттықтауда.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы өркениетті ел болу қастерлі Отанымыздың мүддесі үшін тұтас қоғам болып табанды еңбек етуден басталатынына ерекше мән берген. Себебі еңбекті қадірлейтін қоғамның азаматтары әр іске зор жауапкершілікпен, жанашыр жүрекпен және адал ниетпен қарайтыны сөзсіз.

«Біз тұтас қоғам болып «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын қолға алдық. Бүкіл ел бойынша тазалық іс-шараларын жүргізіп, осы қасиетті ұғымның терең мағынасын жұртымыздың, әсіресе, жастарымыздың санасына сіңіре бастадық. Осылайша, тазалық ұлт болмысының ажырамас бөлігіне, халқымыздың мызғымас құндылығына айналуда. Біз заң мен тәртіп үстемдік құратын, білім мен ғылымға, инновацияға баса мән беретін, бірлігі бекем, Әділетті, Қауіпсіз, Күшті әрі Таза Қазақстанды құрып жатырмыз. Осы маңызды миссияны жүзеге асыруға мемлекеттік мекемелермен қатар, тұтас қоғам, яғни әр отбасы, әр азамат, сондай-ақ қоғам белсенділері, ұстаздар қауымы және еріктілер күш біріктіріп, белсене атсалысуы керек. Бүгінгі басқосуда айтылатын ұтымды ұсыныстар мен тың идеялар осы мақсат-міндеттерді іске асыруға ықпал етеді деп сенемін», – делінген Президент құттықтауында. 

Ерлан Қошанов өз сөзінде Мемлекет басшысы алға қойған ауқымды міндеттерді іске асыруда Халық Кеңесінің белсене атсалысатынын атап өтті. Конституциялық консультативтік органның басты миссиясы – жұртшылықты Президент реформалары мен бастамалары төңірегінде топтастыру.

«Бүгінгі әңгіме – Отан мен отбасы туралы, болашақ туралы әңгіме. Әдеп пен әдет, қоғамдық этика арқылы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру туралы кеңес. Конституциямен бірге қоғамның сана-сезімі мен дүниетанымында да терең әрі маңызды өзгерістер орын алып жатыр. Президент әрбір қазақстандықтың туған тілін құрметтейтін, салт-дәстүрін сақтайтын, үлкенді сыйлап, білімге ұмтылатын, сонымен қатар әлемге ашық азамат болғанын қалайды. Осы қасиеттер отбасындағы тәрбиеден басталып, «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан», «Адал азамат» қағидаттары арқылы қалыптасуы тиіс», – деді Е. Қошанов.

Халық Кеңесінің Төрағасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары жеті жыл ішінде ел өміріне елеулі өзгерістер әкелгенін айтты. Жаңа экономикалық саясат экономиканы әртараптандыруға, әлеуметтік әділдікті нығайтуға мүмкіндік берді. Кейінгі жеті жылда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 181,7 млрд доллардан 306 млрд долларға дейін өсті. Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 9,8 мың доллардан 15 мың долларға жетті. 25 мың шақырым жол салынды. 1 300 жаңа мектеп бой көтерді, «Келешек мектептері» жобасы аясында 217 мектеп салынды.  

Президент бастамасымен тәуелсіздік жылдарында бұрын-соңды болмаған ауқымды реформалар жүзеге асырылды. Бүгінде Қазақстан экономикалық тұрғыда да, әлеуметтік, мәдени-рухани тұрғыда да дамудың жаңа кезеңіне қадам басуда. 

«Осы жаңғыру үдерістерінің шарықтау шегі – жаңа Халық Конституциясы. Онымен бірге бүгінде адамдардың жүрегі мен санасында терең әрі маңызды өзгерістер орын алуда. Реформалар елімізді бүгін өзгертсе, құндылықтар оның 50 жылдан кейін қандай болатынын айқындайды. Сондықтан Президент күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналуға тиіс қоғамдық құндылықтар мен бағдарларды жүйелі түрде қалыптастырып келеді», – деді Ерлан Қошанов. 

Отырыс барысында форум қатысушылары тәрбие мәселесі, қоғамдағы адамгершілік құндылықтардың рөлі, білім беру және кітап оқу мәдениетін дамыту сияқты бірқатар маңызды мәселені ортаға салды. 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Наталья Дементьева әскери бөлімдердегі моральды-тұрмыстық жағдайларды жақсарту мәселесін көтерді.

Бұл бағыт Халық Кеңесінің жұмысы аясында одан әрі жалғасын табады. Әскери бөлімдердегі жағдайды зерделеп, әскери қызмет өткеруді кезең-кезеңімен жақсарту шараларын айқындау жоспарланып отыр. 

Тағы бір маңызды мәселе – жастарды жұмыспен қамту. «Жаңа мүмкіндік» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Арман Түлкібаев сұранысқа ие мамандықтарды меңгеріп, жұмысқа орналасуға көмектесетін JOLTAP жобасын іске асыру тәжірибесімен бөлісті. Осы тәжірибені кеңінен қолдану перспективаларына, соның ішінде ауыл жастарының кәсіби білім алып, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтуге мән берілді.

Кездесу барысында Халық Кеңесінің мүшесі, Республикалық Аналар алқасының төрайымы Назипа Шанаи және Құрылтай депутаты Снежанна Имашева мен облыс басшылығы да сөз сөйледі.

Сонымен қатар «Наири» ҚР армян мәдени орталықтарының қауымдастығы» ЗТБ Аналар алқасының төрағасы Татьяна Мурадян қоғамдық этика туралы сөз қозғаса, «Түркістан облыстық ата-аналар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ақбаян Жакипова әйелдер құқығын қорғау мәселесін көтерді. Ал қоғам қайраткері, ауған этномәдени бірлестігінің мүшесі Анна Мохаммад адал азамат туралы өз пайымымен бөлісіп, Амангелді ауылдық кітапханасының меңгерушісі Гүлсім Искалиева кітап оқитын ұлт мәселесін қозғады. 

Форум мемлекет пен қоғам арасында ашық пікір алмасу алаңына айналды. Алқалы жиын қоғамдық құндылықтарды нығайтуға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және қоғамдық әдепті қалыптастыруға бағытталған ел дамуының стратегиялық бағыттары мен нақты бастамаларды ұштастырды. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:72
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2026 21:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see140

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see139

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see133

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see133

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see131

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see129

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see126

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see122

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see121

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see121

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see109

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see109

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

12 Қазан 2026 22:25see106

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see105

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see105

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see104

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see103

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see102

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары