Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Жануарлар неге топтасады?

Жануарлар неге топтасады?

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Жердегі аң, көктегі құс та жалғыздықтан құса болады. Жалғыз жарым тіршілік иесінің өмір сүруі қиын. Қыста құс атаулы жылы аймаққа ұшады.

Олардың бәрі топтасып жүріп жем табады, суықтан қорғанады. Ал әлгідей жалғыз жарым құс адамның көмегі болмаса тірі қалуы неғайбыл. Ал жалғыз жарым аң құстың адасып қалуына не себеп? Ғалымдар, зерттеушілер не дейді? 

Қыс келіп, жапалақтап қар жауып, боран соғып, аяз күшейгенде кез келген тіршілік иесі жан сақтап қалуға тырысады. Бұл мезгілде аң да, құс та табиғаттың қатал мінезіне бейімделуге мәжбүр. Алайда ғалымдар мұның өзі алаңдатарлық жайт екенін айтады. Америкалық зерттеушілер климаттың өзгеруі қоныс аудармайтын құстардың 7,5 мың түріне қалай әсер ететінін анықтаған.

Томас Гетти, профессор:

- Суық та, аптап ыстық та тіршілік иелері үшін қолайсыз. Біз қоныс аудармайтын құстарға температура мен өзге экологиялық факторлардың ықпалын зерттедік. Нәтижесінде жылдық орташа температура емес, оның құбылмалдылығы маңызды екенін анықтадық. Егер ауа райы бір жылдың ішінде жиі өзгерсе, құстар тез көбейетін стратегияны таңдайды. Ал егер мұндай тұрақсыздық ұзақ жылдарға созылса, олар сақтық танытып, ұзақ өмір сүруге бейімделеді. Бірақ қазір климаттың өзгеруі әлдеқайда жылдам жүріп жатқанын естен шығармау керек.

Ғалымдардың айтуы бойынша климат тым тұрақсыз болса, ұзақ өмірге бейім жануарлар қолайлы көбею кезеңін күтіп үлгермеуі мүмкін. Ал тез өмір сүріп, тез көбейетін түрлер үшін ұзақ қолайсыз жылдар тіршілік етуді қиындатады.

Пингвиндер суықпен күресте ерекше тәсілді қолданады. Қанаттылар қатарына жататын бұл жануарлар − 60 градусқа дейінгі аязға төтеп бере алады. Бірақ тек топтасса ғана. Бір-біріне тығыз жиналған пингвиндердің ортасындағы температура +35 градусқа дейін жетеді. Бұл – табиғаттың ең тиімді стратегияларының бірі. Ұлыбританияда мыңдаған қара қарға бір жерге жиналып қонады. Солтүстік Канадада қояндар топтасып, жыртқыштардан қорғанады. Ал қатты жел мен боран жиі соғатын Ішкі Моңғолияда Брандт тышқандары бірігіп, жылынуға тырысады. Барлығының мақсаты бір – аман қалу.

Саманта Берджесс, ғалым:                     

- Жануарлардың топтасуы көбіне климат өзгерісіне байланысты болатын жағдай. Кейінгі үш жыл тарихтағы ең ыстық жылдар болды. Орташа температура 1,5 градусқа дейін көтерілді. Бұл – қауіпті шек. Біз климаттың өзгерісіне әсер ететін факторларды жоюымыз керек. Ал оның жалғыз жолы – парниктік газдар шығарындыларын жедел қысқарту.

Табиғаттың бұл сабағы адамзатқа да таныс. Қиын кезеңдерде адамдар да бірігіп, жылу мен қолда барды бөлісе отырып тірі қалған. Демек тіршілік үшін күресте бірлік – ең мықты қорған.

Авторы: Нұрбике Жігер

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:154
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қаңтар 2026 12:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see132

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see131

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see130

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see120

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see120

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see117

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары