Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Жасанды интеллект қауіпті ауруды дәрігерден бұрын анықтаған

Жасанды интеллект қауіпті ауруды дәрігерден бұрын анықтаған

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

BBC News жариялаған материалда адам сенгісіз жағдай айтылады. Aikyn.kz сол оқиғадағы ЖИ-дің рөлін бағалайды.

«Мен өзімді толықтай тазарғандай сезіндім. Егер мен табандылық танытпасам, егер барлық белгілерімді ЖИ-ға енгізбесем, медицина мамандары менімен не істейтінін елестетудің өзі қорқынышты», – дейді біздің кейіпкер.

Алғашында оның құлағы шуылдай басталған. Бірақ бірнеше жыл бойы Оливер Моаззези жоғары қан қысымы, қатты шаршау және бұлшықет тартылуы сияқты белгілермен де күресіп келген. Дәрігерлердің көптеген болжамдарына, соның ішінде «алаңдаушылық» диагнозына қанағаттанбаған ол жауапты жасанды интеллектен (ЖИ) іздеуді ұйғарады. Ақыры Оливер өз бетінше әрекет етіп, барлық белгілерін, соның ішінде кене шаққанын ЖИ-ға енгізеді. IT-маман ретінде ол Microsoft 365 жүйесінде жұмыс істейді және жасанды интеллекті жиі қолданады.

Ол былай дейді: «Мен оған (ЖИ-ге – авт.) тексерілген медициналық дереккөздерге жүгінуін сұрадым және оған Лайм ауруы туралы тікелей айтпадым».

ЖИ кеңесі бойынша ол жеке дәрігерге барып, Лайм ауруына, антиденелерге тест жасатады. ЖИ оның болуы мүмкін диагнозын айтады. «Мен өзімді ипохондрик сезіндім. Ешкім менің жағдайымды түсінгісі де, мен жеткізгім келген белгілерге байыппен қарағысы да келмейтіндей болды», – дейді Оливер Моаззези.

Бұрын Оливер аптасына үш рет спортзалға барып, жүзумен айналысатын. Ауру белгілері пайда болғаннан бері ол мұндай белсенділікті ұмытады. Оның айтуынша, барлығы үш жыл бұрын басталған. Үйінің маңындағы орманға шыққан мысығы бір рет кенені әкеліп, ол Оливерді шағып алған.

«Құлағымдағы шуыл соншалықты қатты еді. Жапырақтардың сыбдырын да, құстардың сайрағанын да ести алмадым. Естілетіні тек өткір айқай сияқты дыбыс болды. Бұл қорқынышты еді және апталап, айлап тоқтамады», – дейді ол.

Оливер Моаззези: «Құлағымдағы шуыл соншалықты қатты еді. Жапырақтардың сыбдырын да, құстардың сайрағанын да ести алмадым. Фото bbc.com сайтынан алынды

Лайм ауруы – инфекция жұқтырған кенелер арқылы адамға берілетін бактериялық ауру. Кей адамдарда шағу орнында домалақ немесе сопақ бөртпе пайда болады. Аурудың алғашқы белгісі осылай және ол кене шағудан кейін үш айға дейін байқалуы ықтимал. Егер ерте анықталса, емдеу оңайырақ өтеді. Бірақ кей науқастарда белгілер бірнеше ай немесе тіпті жылдардан кейін байқалады.

Бұл – жүйелі ауру. Ол бүкіл ағзаны зақымдауы мүмкін. Сондықтан оны диагностикалау қиын, себебі белгілер басқа дерттерге ұқсас. Оливерде құлақтағы шуылдан бөлек, қан қысымының жоғарылауы, қатты шаршау және бұлшықет құрысуы байқалған. Дәрігерлер мұны «алаңдаушылықпен» байланыстырады, шуылды есту қабілетінің әлсіреуінен көреді.

Оливер Моаззези ЖИ көмектесті деп есептегенімен, дәрігерлер науқастарға өз бетімен диагноз қоймауға және білікті маманға жүгінуге кеңес береді. Қазір ол ем қабылдап жүр және құлақтағы шуыл сияқты кей белгілері жойылғанына қуанышты.

«Мен енді желдің сыбдырын, құстардың даусын естимін. Бұлардың жетіспеушілігін сезіну қандай ауыр екенін елестете алмайсыз».

Алайда ол өзіне көрсетілген медициналық қызметтің сапасына көңілі толмайтынын және «белсенділігі үшін ең нашар қызмет алғанын» айтады.

Хэмпшир және Уайт аралының интеграцияланған медициналық кеңесі былай деп хабарлаған: «Бұл адамның алған көмегіне көңілі толмағанына өкініш білдіреміз. Лайм ауруы – күрделі дерт. Біздің дәрігерлер оны анықтау мен емдеу бойынша ұлттық стандарттарға сәйкес әрекет етеді».

Кенеден жұғатын аурулар бойынша мамандардың айтуынша, Ұлыбританияның мемлекеттік және жеке секторларында диагностика стандарттары әлі де төмен. Уортинг қаласындағы клиникалық дәрігер Джорджия Таки: «Біз белгілердің көрінісін түсінудің ерекше тәсіліне сүйенеміз – біз іздейтін нәрсе осы. Ал бұл тәсіл ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде жиі ескерілмейді». 

Англия мен Уэльсте жыл сайын шамамен 1500 зертханалық расталған Лайм ауруы тіркеледі. Тағы 3000-4000 адам ресми диагнозсыз ем қабылдайды. 

Таки ЖИ қолдануды қолдайтынын, бірақ оны дұрыс сүзгіден өткізу маңызды екенін ескертеді: «Иә, адамдар жауап іздейді және ЖИ оларға көмектесе алады. Бірақ біз міндетті түрде қандай деректердің байланысты екенін және қайсысының қауіпті екенін ажырата білуіміз керек».

Оливер өзінің басынан өткен жағдайды бөлісе отырып: «Құлақтағы шуыл мен басқа да белгілерден зардап шегетіндердің бәріне жаным ашиды. Олар өз жағдайына лайық көмек алуы тиіс», – дейді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:136
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2025 19:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see141

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see140

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see124

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see121

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары