Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Жастар қауіпсіздігі күшейтіледі

Жастар қауіпсіздігі күшейтіледі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Жиынға Алматы облысы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Дастан Жексенбеков, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының психологі Динара Қуатбекова және заңгер Мұрат Бигашев қатысты.

Алғашқы болып сөз алған Дастан Маратұлының айтуынша, соңғы жылдары интернеттегі жасырын мессенджерлер мен анонимді парақшалар арқылы жастарды синтетикалық есірткі айналымына тарту әрекеттері жиілеген. Осыған байланысты облыста 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар жүзеге асырылып келеді. Оның аясында мектептер мен колледждерде 360-тан астам профилактикалық кездесулер, тренингтер мен түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылған. Сонымен қатар өңір бойынша 121 профилактикалық акция өткізіліп, көпшілік орындардағы 1000-нан астам есірткі жарнамасы бейнеленген граффити жойылған. Бұл жұмыстарға 800-ден астам ерікті жұмылдырылып, жастар арасындағы қауіпсіздік мәдениетін арттыруға үлес қосқан.

Бұрын тек белгілі орындарда немесе делдалдар арқылы таратылатын улы заттар бүгінде цифрлық кеңістікте еркін жүруде. Ең өкініштісі, олардың басты нысанасы – әлеуметтік желіні белсенді қолданатын жасөспірімдер. Есірткі сатушылар Telegram, WhatsApp және басқа да жабық мессенджерлерде арнайы «боттар», шифрланған топтар мен уақытша каналдар құрып, есірткіні жарнамалаудың жаңа тәсілін меңгеріп алған. Олар жалған аккаунттар пайдаланады. Хабарламаларды автоматты түрде өшіретін функцияларды қолданады және геолокациямен жасырылған «тайниктер» арқылы тауар жеткізеді. Төлемді криптовалюта немесе электронды әмияндар арқылы қабылдайды. Бұл әдістер құқық қорғау органдары жұмысын қиындатады. Ал жасөспірімдер үшін «жасырын болу», «жеңіл ақша табу», «қызық көру» деген иллюзия қауіптің қақпанына айналып отыр. Жастарды есірткіден қорғау – тек ресми органның жауапкершілігі емес. Әр ата-ана баласының интернеттегі белсенділігін бақылап, ашық әңгімелесіп, сенімді қарым-қатынас орнатуы қажет. Мектептер мен колледждер психологиялық тренингтер мен түсіндіру іс-шараларын үнемі жүргізуге тиіс. Қоғамда есірткіні «мода» немесе «қызық» деп қабылдайтын көзқарасқа жол бермеу маңызды.

Келесі сөз кезегін алған психолог Динара Ақылбекқызы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың көбіне ұят, қорқыныш, қоғам тарапынан түсінбеушілік және құқықтық ақпараттың жеткіліксіздігі салдарынан жасырын қалып қоятындығын атап өтті. Оның айтуынша, орталық жұмысы министрлік бекіткен стандарттар бойынша жүргізіліп, жәбірленушілерге кәсіби психологиялық қолдау, әлеуметтік көмек, құқықтық кеңес және қажет болған жағдайда уақытша баспана беру қызметі көрсетілуде.

Заңгер Мұрат Бигашев тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты құқықтық нормалар, қорғау нұсқамаларының рәсімделуі, жәбірленушілердің құқықтары мен мемлекет тарапынан көрсетілетін кепілдіктер жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Ол құқықтық сауаттылықтың төмендігі көптеген отбасылық жанжалдардың шиеленіскен мәселеге айналуына себеп болатынын айтты. Жалпы тұрмыстық зорлық-зомбылық – көзге көрінбейтін, бірақ күн сайын талай отбасының тағдырын талқандап жатқан дерт. Бүгінде Қазақстан заңнамасы жәбірленушіні қорғауға бағытталған бірқатар норманы қабылдап, жағдайды түзетуге күш салып жатыр. Алайда заңның өміршең болуы – оның қағаз бетінде емес, іс жүзінде қолданылуына байланысты.

Көпшілік тұрмыстық зорлық-зомбылықты тек ұру, соғу секілді физикалық әрекеттер деп түсінеді. Шын мәнінде, ол әлдеқайда күрделі. Біреудің абыройын таптау, үнемі қорқытып отыру, ақша бермеу, жұмыс істеуге рұқсат етпеу, еркіндігін шектеу – мұның бәрі заң бойынша зорлық-зомбылыққа жатады. Өкінішке қарай, мұндай әрекеттер көп жағдайда жабық есіктің ар жағында қалып, сыртқа шықпайды. Тұрмыстық зорлық жасаған адам жазасыз қалмайды.

Брифинг соңында мамандар өңірдегі жастардың қауіпсіз ортасын қалыптастыру үшін ата-аналар, білім беру ұйымдары, жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау құрылымдарының бірлескен жұмысы ерекше маңызды екенін атап өтті. Олар қоғам болып күш біріктірген жағдайда ғана есірткіге тәуелділіктің алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және отбасы институтын нығайту бағытындағы бастамалар нақты нәтиже беретініне сенім білдірді.

Кербез ЕСІМ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:176
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қараша 2025 06:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары