Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Кофені көп ішсе, не болады?

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жазушылар роман жаза алмайтын болды

Жазушылар роман жаза алмайтын болды

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Aikyn.kz адамға ғана тән болып келген тағы бір ой еңбегінің қалай өзгеретінін zmescience.com хабарламасы негізінде талдайды.

Роман жазуда ерекше шығармашылық қасиет бар. Жазушы ойға шомып, өз толғаныстарына үңіліп, адам табиғаты туралы немесе зерттеп отырған басқа бір тақырып жөнінде ойланады. Түрлі сюжет желілерін біріктіріп, оларды жалпы композицияға үйлестіреді. Бұл – жылдарға созылатын, қажытатын азапты ой еңбегі.

Бүгінгі жасанды интеллект технологиялары осының бәрін өзгерте бастады. ЖИ құралдары үшін роман – жай ғана деректер мен сөздер жиынтығы, оларды жасанды интеллект керемет жақсы өңдей алады.

Кембридж университетінің Миндеру технология және демократия орталығының жаңа зерттеуі әдеби шығармашылық саласы зор қауіп-қатердің алдында тұрғанын көрсетті. Жазушылардың 40%-ы өз табыстары ЖИ салдарынан азайғанын хабарлап, жартысынан көбі ЖИ өздерін мүлде ығыстырады деп ойлайды.

Бұл зерттеуде Ұлыбританияның 400-ге жуық жазушысы қамтылған. Жазушылар бетпе-бет келген алғашқы мәселе – ЖИ жүйелерінің қалай оқытылғаны. Зерттеу нәтижелері жазушылардың 59%-ы өз шығармаларының ЖИ үлгілерін оқыту үшін пайдаланылғанын біледі. Алайда олардың 99%-ы бұған ешқашан рұқсат бермеген, бұл үшін оларға бір тиын да төленбеген. Бұл жағдай әлемдегі барлық жазушыларға қатысты. Миллиондаған кітаптар рұқсатсыз алынып, авторлардың стилін қайталауды үйрету үшін алгоритмдерге жүктелгені анық. Әйтпесе, ЖИ чат-боттары қалайша керемет мәтін жазуға «машықтанған».

«Бұл компаниялар біздің шығармашылық қабілетімізді ұрлап, дәл сол қабілетімізбен бәсекелесетін өнім жасады. Бұны қосарланған теріс пайдаланушылық деп қабылдаймыз. Олар бізден ұрлады, әрі біздің бәсекемізді күшейтті», – деп жазады авторлардың бірі.

Бұның барлығы одан да шығармашылық қауымды алаңдатуда. Өйткені 2022 жылы Ұлыбританияда жазушының орташа табысы ең төменгі жалақыдан айтарлықтай төмендеген. Көптеген автор  үшін ЖИ олардың кәсібін тастауға түрткі болған.

«Романистер арасында генеративті ЖИ-дің көптеген көркем әдеби шығармалар негізінде оқытылуына алаңдаушылық бар. Осы арқылы ақылды технологиялар жазушылық еңбектің құнын төмендетіп, адам-жазушылармен бәсекеге түсетіне дәрежеге жетті, – дейді Кембридждің Еңбек және әдебиет колледжінің зерттеушісі, доктор Клементина Коллетт.

Қазіргі ЖИ компаниялары бұл салада мықтап орнығып үлгерді. ChatGPT ғана емес, Sudowrite және Novelcrafter сияқты генеративті құралдар да романдарды ойластыру мен редакциялауда қолданылуда. Толық форматты кітаптардың жобасын жасап, тіпті жариялау үдерісін басқаруға мүмкіндік беретін құралдар да бар. Бұл құбылыс біз ойлағаннан әлдеқайда кең таралған. ЖИ-генерацияланған контент музыкалық стриминг платформаларын «жаулап» алса, Amazon және басқа да платформалар ЖИ жазған жалған кітаптарға толып кетті. Авторлардың көпшілігі бұл жағдайды пессимистік тұрғыдан бағалайды.

Көптеген жазушы   ЖИ-дің өз табыстарына әсер еткенін хабарлаған. Бірақ жарияланған авторлардың 51%-ы ЖИ олардың шығармашылығын түбінде толық алмастырады деп санайды. Кембридж университетінің зерттеуінде «екі деңгейлі нарықтың» қалыптасып келе жатқаны атап өтіледі. Жоғары деңгейлі элиталық көркем әдебиет, бәлкім, винил пластинкалар сияқты, талғамы биік сирек тұтынушыларға арналған сән-салтанат өнімі ретінде ғана сақталады. Ал индустрияны ұстап тұрған негізгі жұмыс (соның ішінде табыс көзі саналатын копирайтинг пен аудармалар) жоғалып барады. Аудио-кітаптарды оқитын актерлердің дауыстары да клондануда немесе синтетикалық дауыспен алмастырылуда.

Ақша мәселесінен бөлек, романистер (басқа да шығармашылық мамандар сияқты) ЖИ жасайтын прозаның «адамилықтан» жұрдай екенін, оның тек стильге еліктейтінін айтады. Әрине, стильді көшіруде ЖИ шынымен мықты. Бір сынақта ЖИ жазған үзіндіні тіпті тәжірибелі жазушылар да шатастырып алған. 

Зерттеу әдебиеттің «жайдақтануы» туралы ескерту жасайды. ЖИ үлгілері ешбір жаңа идея жоқ, статистикалық тұрғыдан орташа туындылар өндіреді. Бұл жымысқы, қайталанатын прозаның пайда болуына әкеледі. Зерттеуге қатысқан жазушылар ЖИ жиі қолданатын белгілі бір «сөздерді» де анықтаған. Олар машиналық мәтінде шамадан тыс жиі кездеседі.

Зерттеу Ұлыбритания жазушыларына бағытталған, бірақ олар басқа тілде жазатын жазушыларға да қатысты деп ойлаймыз. Әлемдік әдебиет үлкен қауіптің алдында тұрғанына байланысты көптеген сигналдар еленбеуде.

Бұл проблеманы шешетін біржақты шешімдер жоқ. Бірақ сала мамандары уақытша шешім ретінде «авторлық құқықтан бас тарту» моделін ұсынады. Бұл модельде технологиялық компаниялар автор арнайы түрде тыйым салмаса, ашық ресурстарда жарияланған кез келген деректі көшіріп, қолдана алады. Бұнда жауапкершілік зардап шегушінің өзіне жүктеледі, ол сотқа шағым түсіре алады. 

«Жазушылар ЖИ компанияларын оқыту деректері жөнінде ашық болуға міндеттейтін саяси шаралар мен қағидаларды әзірлеуге шақыруда. Өйткені бұл авторлық құқықтың орындалуына көмектеседі. Авторлық құқық туралы заңды үнемі қайта қарап, қажет болған жағдайда шығармашылық мамандарды қорғау үшін реформалау керек. Авторлардың рұқсатын сұрап, олардың еңбектерін пайдаланғаны үшін әділ төлем жасау – орынды талап», – дейді доктор Клементина Коллетт.

Авторлар өз ұстанымдарын өте анық жеткізді. Егер біз адами баяндаудың болашағын қорғағымыз келсе, тәуелсіз жазушылар мен баспагерлерді қолдауымыз керек. Осылайша, шығармашылық еңбекті келесі буын жазушылар үшін ЖИ-ден азат кеңістік ретінде сақтай аламыз. Алайда билік пен үкімет олардың дауысын тыңдай ма?

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:162
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қараша 2025 15:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see140

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see139

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see133

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see133

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see131

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see129

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see126

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see122

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see121

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see121

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see109

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see109

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

12 Қазан 2026 22:25see106

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see105

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see105

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see104

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see103

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see102

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары