Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Жеке тұлғалар банкроттығы: Банктер 56 мың адамның берешегін кешірді

Жеке тұлғалар банкроттығы: Банктер 56 мың адамның берешегін кешірді

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады, деп жазады Egemen.kz.

Фото: depositphotos.com

Мемлекет басшысына қаржы нарығын дамытудың 2025 жылғы нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы баяндалды. 

Мәдина Әбілқасымова былтыр банк секторының орнықтылығы қамтамасыз етілгенін, жыл сайынғы қадағалау-бағалау циклі аяқталғанын жеткізді. Банктердің активтері 11 пайызға өсіп, 68,3 триллион теңгеге дейін ұлғайды. Капиталдың жеткіліктілігі 20,7 пайызды құрады.

Мемлекет басшысына банктер туралы жаңа заң, сондай-ақ инвестициялық қорлар және рейтингтік қызмет туралы заң жобалары әзірленгені жөнінде айтылды.

Бизнеске берілген кредиттер 2025 жылдың қарашасындағы жағдай бойынша 17,9 пайызға артып, 14,8 триллион теңгеге жеткен. Кәсіпкерлер 17,5 триллион теңгеге жаңадан несие ресімдеді. Банктер жалпы сомасы 2,3 триллион теңге болатын 8 синдикатталған жобаны бірлесіп қаржыландырды. Шағын және орта бизнесті кредиттеу ісін қолдау үшін 2025 жылдың маусым айында «Даму» қорының жанынан Кепілдік қоры құрылды. Бүгінге дейін 505 миллиард теңге көлемінде несие кепілдіктері берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа тұтынушылық кредиттер беру 2024 жылмен салыстырғанда екі есе төмендегені жөнінде ақпарат берілді. Тұтынушылық несиені шектеу үшін төлем мерзімі кешіктірілген жағдайда 5 жылдан астам уақыт ішінде қарыз беруге тыйым салынды. Сондай-ақ үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге және тәуекелі жоғары қарыздарды беруге шектеу қойылды. Қарыз алушының кірісіне қарай борыш көлемінің жаңа коэффициенті бекітілді.

Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту мақсатында банктер мен микроқаржы ұйымдары 703 мың азаматтың қарызын реттеп, ішінара кешірді. Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қолданысқа енгелі бері банктер 56 мың адамның 209,7 миллиард теңге берешегіне кешірім жасады. Ипотекалық тұрғын үй займдарын қайта қаржыландыру бағдарламасы аясында 1,2 мың қарыз алушыға қолдау көрсетілді.

Заң қабылданғанмен, банкроттыққа тапсыру неге қиындап кетті?

Қаржылық алаяқтыққа қарсы күрес шеңберінде кредит беру кезінде «шешім қабылдау кезеңі» заңнамаға енгізілді. Алғашқы қарызды ресімдеуге азаматтың өзі келуге тиіс. Бұдан бөлек, алаяқтық жағдайында кредитті сот шешімімен және соттан тыс тәртіппен есептен шығарудың негіздемелері кеңейтілді.

Агенттік өзінің қадағалау қызметі аясында банктерге 2025 жылы 49 рет инспекторлық және құжаттамалық тексеріс жүргізген. Сақтандыру нарығына қатысушыларды – 47, бағалы қағаздар нарығын – 54, ал микроқаржыландыру субъектілері мен коллекторлық агенттіктерді 260 мәрте тексерген. Нәтижесінде 628 қадағалау шарасы қолданылып, жалпы сомасы 641,3 миллион теңге айыппұл салынды. Микроқаржыландыру және коллекторлық агенттіктер нарығындағы 58 субъект лицензиясынан айырылды. Оның ішінде 23-і мәжбүрлі түрде тоқтатылды, ал 9 субъектінің лицензиясы алынды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын несиелеуді ұлғайту және қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысы FIS президенті Йохан Элиашты «Достық» орденімен марапаттады.

Сондай-ақ Президент Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Сергей Пономаревті қабылдады.

Соңғы жаңалықтар

Демалыс күндері азық-түлікті қайдан арзан алуға болады?

Оқиға • Бүгін, 16:25

Астана әуежайында елге қауіпті өнімді кіргізбек болған

Оқиға • Бүгін, 16:04

Туристік күнтізбе: Биыл Маңғыстауда қандай іс-шаралар өтеді?

Қоғам • Бүгін, 15:51

Президентке Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың жаңа жоспары таныстырылды

Президент • Бүгін, 15:45

Ақмола облысында ғылымды дамытуға бөлінген қаржы талан-таражға түскен

Заң • Бүгін, 15:22

«Әдемі» нөмірлерге талас: Ел азаматтары бір аптада 200 мыңнан астам өтінім берді

Оқиға • Бүгін, 15:15

11 жастағы астаналық оқушы 4 тілде 853 кітап оқыған

Білім • Бүгін, 15:02

Астанада қарулы ер адам «Сұңқар» арнайы жасағының қызметкеріне оқ атты

Оқиға • Бүгін, 15:00

Алатау қаласында құрылыс жұмыстары басталды ма?

Экономика • Бүгін, 14:48

Ертіс ауылында жеке тұрғын үй түгі қалмай өртеніп кетті: 2 бала қайтыс болды

Оқиға • Бүгін, 14:22

Сыртқы істер министрлігі Қара теңізде болған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады

Қоғам • Бүгін, 14:13

Жезқазғанда Мәдениет үйінің жөндеу жұмыстарына 300 млн теңге бөлінді

Аймақтар • Бүгін, 14:00

Түркі әлемі: Аналардың тілегі бір

Мәдениет • Бүгін, 13:03

Діни басқарма жанынан Ислам қаржысы секторы ашылады

Қоғам • Бүгін, 12:53

Қарағандыда жүргізуші көлігінен ақбөкеннің өлексесі табылды

Аймақтар • Бүгін, 12:46

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:123
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қаңтар 2026 17:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see140

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see139

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see123

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see121

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see120

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары