Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Жемқорлықты неге тоқтата алмаймыз? Жауап біз ойламаған жерде

Жемқорлықты неге тоқтата алмаймыз? Жауап біз ойламаған жерде

Arasha.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Жемқорлық туралы әңгіме қозғалса, біздің елде де, өзге жерде де, әдетте бар назар «жаман шенеунік», «арам ниет», «заң бұзу» деген түсініктің маңайында айналады. Көпшілік жемқорлықты жеке адамның моральдық әлсіздігімен байланыстырады. Алайда саясаттанушы Ина Куббе бұл түсінікті тым қарапайыр деп санайды. Оның пікірінше, жемқорлықты заңдық деңгейде, қылмыстық жауапкершілік тұрғысынан ғана түсіндіру – феноменнің беткі қабатын ғана көру. Шын мәнінде, жемқорлықты қозғап тұрған негізгі күш адамның жеке пиғылы емес, қоғамның ішкі құрылымында қалыптасқан әлеуметтік нормалар, белгілі бір мәдениет пен ортада қалыптасқан бейресми ережелер. Knowable mazagine басылымына шыққан зерттеу материалды қарастырып, Қазақстандағы жемқорлық мәселесін де талдауға тырыстық. 

Куббе зерттеген елдерде – Таяу Шығыс пен Африканың бірқатар өңірлерінде, Шығыс Еуропада –  адамдар параны қылмыс немесе әділетсіздік деп емес, күнделікті өмірді реттейтін әдеп нормасы ретінде қабылдайды. Мектепке баланы орналастыру үшін мұғалімге «кішкене сыйлық» беру, аурухананың қызметін тездету үшін дәрігерге риза болу белгісі ретінде ақша ұсыну, мемлекеттік мекемеде құжат алудың «жолын» табу – мұндай ортада парақорлық емес, өмірдің табиғи бөлігі ретінде көрінеді. Біреу пара бермесе, оны әдепсіз деп санауы мүмкін, ал пара беруден бас тарту кейде ұжымдық, тіпті туыстық қауымнан шеттетуге дейін апарады.

Көп елде адамдар пара беруді жеке пайда үшін емес, әлеуметтік қысымның салдарынан жасайды. Қазақстан қоғамына да өте таныс құбылыс: туыс, ағайын, таныс таппасаң іс бітпейтіндей көрінетін атмосфера, «өз адамың» болмаса, жұмысың өнбейтіндей сезіну – бұлар заңнан туындамайды, олар қоғамда қалыптасқан, ешкім жазып қоймаған, бірақ барлығы мойындайтын нормалар. Бұл нормалар заңнан әлдеқайда мықты болуы мүмкін. Дәрігерге сыйлық апару – міндет, әкімдікке барған адамға таныс іздеу – амал, жұмысқа кіру үшін сөз салу – дәстүр. Мұндай жүйеде заң әлсіз, өйткені бейресми әлеуметтік тәртіп азаматтың шешімін анықтап тұрады.

Тағы бір маңызды тұс – жемқорлықты ақпарат құралдарында үздіксіз әшкерелеу оның азаюына әкелмейді. Керісінше, психологияда «нормативтік фатализм» деп аталатын әсер бар. Яғни, «бәрі пара береді» деген хабарламалар қоғамға жеткен сайын адамдарда «одан қашып құтыла алмайсың» деген түсінік қалыптасады. Бұл – әрекетке емес, мойынсұнуға итермелейтін жағдай. Адамдар жемқорлықпен күресуге құлықсыз бола бастайды, себебі олар өзін жалғыз сезінеді: «егер бәрі солай жасаса, мен неге басқаша әрекет етуім керек?» деген ой басымдық алады. Осы ой санаға сіңгенде қоғамның өзі жемқорлықтың жалғасуына жағдай жасайды.

Зерттеулер көрсеткендей, адамдар көбіне жемқорлықтың қаншалықты кең таралғанын асыра бағалайды. Мысалы, Мексика мен Оңтүстік Африкадағы эксперименттерде адамдар елдегі жемқорлық деңгейін шын мәнінен әлдеқайда жоғары деп ойлаған. Бірақ оларға шынайы статистика – көпшілік пара беруді құптамайтынын көрсететін нақты деректер ұсынылғанда, олардың мінез-құлқы өзгерді. Пара беруге дайындық айтарлықтай төмендеген. Яғни, жемқорлықпен күресудің ең тиімді жолдарының бірі – халықтың ойындағы қате «норманы» бұзу, шындықты көрсету, «бәрі береді» деген түсінікті жоққа шығару.

Бұл тәсіл Қазақстан үшін ерекше маңызды. Бізде де жарияланымдар көбіне «жаңа жемқорлық фактісі анықталды», «қылмыстық іс қозғалды» деген форматта. Бірақ адамдар үнемі негативті ақпарат көрген сайын норманың өзі өзгереді: жемқорлық күнделікті құбылысқа айналады, қоғам оған бой үйретеді. Жақсы тәжірибені, адал әрекеттерді, парасыз қызметтің мысалдарын тарату да жемқорлықпен күрестің бір бөлігі болуы мүмкін. Себебі адамдар өз ортасындағы «басым норма» ретінде нені қабылдаса, сол бойынша әрекет етеді.

Жүйені өзгерту үшін тек ақпарат жеткіліксіз. Әлеуметтік норманы бекітетін институционалдық қадамдар да қажет. Сингапурдың тәжірибесі – ең танымал мысал. Бұл ел жемқорлықпен күресті заңды қатайту арқылы ғана емес, жүйені толық қайта құру арқылы жүргізді: мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы бәсекеге қабілетті деңгейге көтерілді, меритократия күшейді, сыбайлас әрекетке нөлдік төзімділік қалыптасты. Ең бастысы – қоғамда «адал болу – абырой» деген норма орнықты. Руанда да осындай жолды таңдады: адалдықты ұлттық құндылықпен байланыстырып, қоғамдағы жаңа стандарт қалыптастырды.

Қазақстан үшін бұл тәжірибелердің мәні зор. Бізде де заң көп, бағдарлама көп. Бірақ норманы өзгертетін әлеуметтік және институционалдық факторлар әлсіз. Мемлекеттік қызметкердің жалақысы төмен, әлеуметтік жауапкершілік үлкен, туыс-қауым қысымы бар – мұның бәрі бейресми параэкономиканы қалыптастыратын тетік. Егер біз пара беруді тек заңмен ғана емес, әлеуметтік және экономикалық жағдайды өзгерту арқылы шектемесек, жемқорлықтың табиғаты сол күйі қалады.

Куббе айтқан тағы бір маңызды тұжырым – жемқорлықпен күрес «жеке адамға да, бүкіл қоғамға да қауіпсіз» болуы керек. Көп елде пара туралы хабарлау – сатқындықпен тең. Қазақстанда да солай: жемқорлықты ашық айту қоғамдық қарым-қатынас пен беделге нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан адамдар заң талабынан емес, әлеуметтік салдардан қорқып үнсіз қалады. Бұл – құқықтық мәдениеттің әлсіздігі ғана емес, әлеуметтік норманың қаттылығы.

Жемқорлықпен күрестің нағыз өзегі – норманың өзгеруі. Егер қоғам адалдықты талап етіп, параның орны жоқ деген ортақ мораль қалыптастырса, жемқорлықты азайту әлдеқайда жеңіл болар еді. Ол үшін, біріншіден, халық арасындағы «бәрі пара береді» деген қате түсінікті жою қажет; екіншіден, әлеуметтік ортада адал адамдардың мәртебесін көтеру керек; үшіншіден, парасыз жұмыс істеуге мүмкіндік беретін экономикалық жағдай жасалуы тиіс. Жалақы, ашықтық, бақылау, цифрлық жүйелер – барлығы норманы бекітуге қызмет етуі тиіс.

Жемқорлық – жай ғана қылмыс емес. Ол – мәдениет, әдет, қалыптасқан мінез-құлық үлгісі. Сондықтан оны тек жазамен жеңу мүмкін емес. Қоғамның өз ішінде парасыз өмір сүруді талап ететін жаңа моральдық кодекс қалыптасқанда ғана жемқорлық әлсірей бастайды. Ал бұл ұзақ әрі күрделі жол болса да, қоғамның дамуына, мемлекеттің болашағына әсер ететін ең маңызды қадамдардың бірі.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қараша 2025 21:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see163

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see154

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see148

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see146

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see145

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see144

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see142

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see140

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see138

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see137

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see136

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see132

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

27 Тамыз 2026 18:39see126

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see118

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see117

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see115

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see114

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see113

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see111

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары