Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Табыстың ашықтығы сыбайлас жемқорлықты тежей ме? экономист пікірі

Табыстың ашықтығы сыбайлас жемқорлықты тежей ме? экономист пікірі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Биыл елімізде жаңа Салық кодексі күшіне енді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында бұл құжат ең алдымен экономикадағы ашықтық пен тәртіпті күшейтуге бағытталғанын айтқан еді. Табыстың ашықтығы – мемлекеттік қызметкерлер мен басқа да лауазымды тұлғалардың кірістері, мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттың баршаға қолжетімді болуы. Экономист-сарапшы Ләззат Жанмолдаеваның айтуынша, табыс ашықтығы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың, яғни күнделікті өмірдегі пара беру немесе алу, дәрігерге, мұғалімге, әкімдік қызметкерлеріне сыйлық беру сияқты әрекеттердің алдын алуға ықпал ететін маңызды құралдардың бірі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Жазалаушы менталитеттен арылатын кез келді. Салық органдары мен салық төлеушілер арасында серіктестік және өзара сенім қағидаты орнығуға тиіс. Мемлекет пен бизнестің тиімді ықпалдастығын жолға қою керек», – деген еді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Маманның сөзінше, табыстың ашықтығы ең алдымен сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайтады. 

«Лауазымды тұлғалардың қаржылық жағдайының жария болуы олардың кірісі мен мүлкін бақылауға мүмкіндік береді. Мәселен, мемлекеттік қызметкердің ресми кірісі белгілі болса және кейін табысы кенеттен артқан жағдайда бұл пара алу белгісі ретінде қарастырылуы мүмкін. Осылайша, мұндай деректің қолжетімді болуы заңсыз әрекеттерді анықтау ықтималдығын арттырады және жемқорлық жасау тәуекелін азайтады. Халықаралық зерттеулер де ашықтықтың сыбайлас жемқорлықты айтарлықтай азайтуға мүмкіндік беретінін көрсетіп отыр», – деп атап өтті Ләззат Жанмолдаева.

Мысалы, бүгінде Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің кіріс декларациясы ашық түрде жарияланып отырады. Ал азаматтар ресми дереккөздер арқылы ақпаратты тексеріп, талдай алады. Сәйкесінше, бұл тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа деген тәуекелді азайтады. Сарапшының айтуынша, эксперименттік зерттеулердің нәтижесі табыстың ашықтығы пара алу деңгейін шамамен 10%-ға азайтқанын көрсеткен.

«Сонымен қатар  цифрлық технологиялар арқылы да ашықтықты күшейту мүмкіндігі бар. Онлайн қызметтер мен банктік аударымдарды ашық бақылауы азаматтарға қаржылық транзакцияларды тексеруге мүмкіндік береді, бұл да тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзінің оң әсерін тигізеді. Табыстың ашықтығы тек қана бақылау немесе тергеп-тексеру арқылы емес, сонымен қатар заң арқылы қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл – тәжірибе жүзінде өзінің тиімділігін дәледеген тәсіл», – дейді Ләззат Жанмолдаева.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:130
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Ақпан 2026 18:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары