Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

ЖИ және заң: Жұртшылық жаңа талапты біле ме?

ЖИ және заң: Жұртшылық жаңа талапты біле ме?

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Технологияның тегеуріні артқан сайын, шындық пен виртуалды жалғанның арасы алшақтап барады.

Бүгін экраныңыздан менмұндалаған бейне ертең сіздің тағдырыңызбен ойнайтын, алаяқтың айлалы құралына айналуы әбден мүмкін. Мемлекет бұл бағытта кесімді сөзін айтып, қатаң қорғанысқа көшпек. 16 қаңтардан бастап, жасанды интеллектің жемісін «шындық» деп өткізгендер заң алдында жауап береді.

Аян Сәрсенбаев үш жылдан бері осы жасанды зерде саласын зерттеп келеді. Ол технологияның адамзатқа берер пайдасымен қатар, оның астында жатқан қатерлерді де жақсы біледі. Маманның пайымдауынша, цифрлық таңба қою адамның еркін тұсаулау емес, бұл әрбір қолданушының қауіпсіздігі үшін жасалған маңызды қадам.

Аян Сәрсенбаев, ЖИ қолданушысы:

- ЖИ қолданылатын материал барысында «маркировка» бұл әрине шектеу емес, бұл жауапкершілікті деп білу керек. Оған қолданылатын айыппұл да өте дұрыс деп есептеймін. Өйткені кейбір жағдайда ЖИ-ді фейк ретінде қолданатын адамдар қоғамда кездеседі. Қоғамдағы адамдарды алдау үшін, ақша алу үшін неше түрлі фотодағы адамның келбетін видео қылып жасап, соны әлеуметтік желіге таратады. Алданып қалатын адамдарда кезігеді. Әр ЖИ арқылы жасалған видеода «маркировка» болу керек деп санаймын. ЖИ қолдану барысында белгілі бір адамды алдауға әкелсе, оған айыппұл салыну керек.

Дауыс, келбет, қимыл – нейрожелі бүгінде адамды айна-қатесіз көшіре алады. Қазір жалған мен ақиқатты ажырату қиын. Ал алаяқтар үшін бұл тиімді құралға айналды. Енді ертеңнен бастап жасанды интеллектке қатысты заң күшіне енеді. Жасанды зерденің көмегімен жасалған контент міндетті түрде арнайы белгімен көрсетілуі тиіс.

«Жасанды зерде» жаһанды жаулаған шақта, ұлттық ақпараттық қауіпсіздік  басты басымдық. Жаңа заң талабына сай енгізілген «цифрлық таңба» жұртты адасудан, ал сананы сарсаңнан сақтайтын сенімді қалқан. Алайда тәртіп бар жерде жауапкершілік бар. Заң талабын аяқ асты еткендер үшін жаза қатаң.

Жеке тұлғалар мен кәсіп иелеріне 64 мыңнан 432 мың теңгеге дейін айыппұл қарастырылған. Бұл тек алғашқы ескерту. Егер бір жыл ішінде қателік қайталанса, заң аямайды. Ал ірі бизнес өкілдері үшін бұл жауапкершілік жүгі тіпті ауыр - айыппұл көлемі 865 000 теңгеге дейін жетеді.

Бақберген Шарипбек, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік саясат басқармасының сарапшысы:

- ҚР жасанды интеллект саласындағы заңнаманы бұзған жағдайда келесідей ЖИ жүйелерінің немесе иегерлерінің тұтынушыны жаңылыстырылуы мүмкін. ЖИ жүйесінің қызметінің синтетикалық нәтижелері туралы оларға хабарлар беруін қамтамасыз етпеуі. Демек жеке тұлғаларға 15, шағын кәсіпкерлік субъектілерге немесе коммерциялық ұйымдарға 20, орта кәсіпкерлік субъектілерге 30, ірі кәсіпкерлік субъектілерге 100 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген.  ЖИ меншік иелерінің немесе иегерлерінің адам денсаулығына немесе салауаттылығына тыйым салынған жалған ақпарат жасауға немесе таратпауға, адам құқығын бұзуға немесе өзге де зиян келтіруге алып келетін қауіп-қатер дәрежесі жоғары.

Министрліктің дерегінше, контентті белгілеудің нақты қатаң үлгісі жоқ. Ең бастысы  көрермен материалдың жасанды екенін анық түсінуі керек. Дегенмен заңгерлер құжатта әлі де нақтылауды қажет ететін тұстар бар екенін алға тартады.

Нұрлан Жанабаев, адвокат:

- Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ақпаратына сәйкес, бұл жауапкершілікке бастысы нейрожелілерді қолданушылар мен жеке тұлғалар, компаниялар, тиісті көрсетілген. Әзірше бұл заңда жай қолданушылар туралы көрсетілмеген. Бірақ та менің ойымша, әлеуметтік желіні күнделікті қолданамыз және әрбір контент жасаған кезде тиісті белгілер жасалған, ең басты мақсаты нейрожүйе арқылы жасаған контенттерде белгілер болу керек.

Заңда қамтылған тағы бір күрделі мәселе – авторлық құқық. Нейрожелі жасаған туынды қорғалмайды. Өздігінен өрілген мәтін, автоматтан туған сурет, машина шығарған бейнеде құқық болмайды. Мұндай дүниенің бәрі жетім сөз, иесіз ой болып есептеледі. Ал адам санасының сүзгісінен өткен, маңдай термен келген туынды шығармашылықтың жемісі деп танылады.

Авторлары: Наргиз Бекмағанбетова Бекжан Ибрагимов, Арман Ақшабаев

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:193
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қаңтар 2026 16:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see156

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see148

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see146

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see144

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see142

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see129

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see126

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see126

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see126

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see125

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see124

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see123

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see120

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see118

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see118

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see116

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see116

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see115

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see114

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары