Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Жүрегі жырдан жаралған

Жүрегі жырдан жаралған

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Биыл – Жамбыл жыраудың 180 жылдық мерейтойы ұлттық деңгейде аталып өтетін жыл. Атақ-даңқы әлдеқашан әлемді аралап кеткен, рухани мұрасы халық қазынасына айналған абыз ақынның, жырау Жамбылдың мерейтойын Алаш баласы түгел атап өтетініне күмәнім жоқ.

Тура осыдан 35 жыл бұрын Мырзатай Жолдасбеков ағамыз Жам­был шығар­машылығынан док­торлық еңбегін қорғады. Қырғыз Ұлттық ғылым акаде­мия­сында қазақ-қырғыз ғалым­дары бас қосқан сол жиында Мыр­зекең: «Жамбыл – халық мүд­десін ғасырлар бойы арман­даған қажымас қамқордың дәс­түріндегі жыршы, елдің мұ­ңын мұңдаған мүддегер, жырау­лықтың көшпелі академиясы, ойшыл, данышпан ақын, туған халқының ар-намысы, үні, жүрегі және ақиқат шындығы. Ол – эпик әрі айтыс ақыны, абыз жырау, жа­уынгер жыршы, шын мағынасындағы заңғар поэзияны жасаушылардың ең ұлысы. Байтақ қазақ даласын жырға кенелткен, осы бір теңдесі жоқ өнерді биікке көтерген, ілгері дамытқан даңғыл жыраулардың ең соңғы үздігі – Жамбыл!»,
деді.

Бәрімізге белгілі, ғасырдан ғасыр­ға жалғасып келе жатқан қазақ сөз өнерінің айшықты бір саласы – жыраулық поэзия. Түркі қа­ғанаты тұсындағы Йолығ-тегін, Тоныкөк, Қазақ хандығы салтанат құрған жүз жылдықтардағы жы­рауларымыз: Сыпыра, Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Ақтанберді, Бұқар, Махамбет, Шөже, Майкөт, Марабай, т.б.  жыраулар көшін ары қарай да жалғастыра беруге болады, оның тамырын түркілік жазбалармен мыңжылдықтарға тереңдетуге негіз бар. Осы жыраулық өнердің жалғасы Жамбыл да әлемдік рухани мұраның үздік үлгілері болып табылатын Шығыстың қисса-дастандары «Көрұғылы», «Манас батыр», «1001 түн», «Шахнаме», «Ләйлі-Мәжнүн», «Орақ-Мамай», «Сейіт-Баттал», «Тотыкамал», «Қыз Жібек», «Едіге», «Шора батыр», «Қабанбай», «Бөгенбай», «Ерназар мен Бекет»  және өзінің төл дастандары «Сұраншы батыр», «Өтеген батырды» да ұзақ-ұзақ жатқа айтатын болған.  

Жыраулардың барлығына табан астында суырып салып айта жөнелетін төкпелік, тапқырлық, көріпкелдік, данагөйлік, яғни импровизаторлық өнер тән. Жамбыл әрбір дастанын жыр­лағанда шабыт орайына қарай, тыңдарман ортасына байланыс­ты дастандарының бірнеше нұсқасын айтатын болған. Осы орайда ақындық өнер тарихын терең зерттеген біртуар ғалым, академик Есмағамбет Ыс­майылов: «Жыраулар да ақын, көркем сөз шығарушы, өнер­паз, ауыз әдебиетінің өкілдері. Жыраудың ақыннан өзгешелігі шығармаларының сарыны мен тақырыбы бірыңғай болып ке­луінде. Адам баласындағы қайғыны, зарды, ел ішіндегі ауыртпалықты толғау, әлеумет­тік, елдік мәселелерді көтеру, болашақты болжап, ақыл айтып, батагөйлік ету, шешендік түйіндер жасап, терең ой қоз­ғау – жыраулардың дәстүрлі ерек­шеліктері», деп атап көрсетеді.

Ел тағдыры, ұлттық мүдде, елдің ауызбірлігі, тұтастығы, халықтың болашағы туралы айтылатын жыр-толғаулар да жы­раулық поэзияның тұсын­да шарықтау биігіне көтеріл­ген. Қазтуғанның, Ақтанбер­дінің, Доспамбеттің, Бұқар жыраудың, Махамбеттің, Сүйін­байдың толғауларында, өлең-жырларында елдік, ұлттық тақы­рыптан бөтен дүние таппайсыз. Жамбыл жырларын, әсіресе толғаулары мен дастандарын алсаңыз да дәл осылай. Жамбыл ақындығының алтын жүлгесі – ұлт тағдыры, ел тағдыры.

Жыраудың өткен ғасырдың 30-жылдары жазылған «Замана ағымы» атты ұзақ толғауы – бас­тан аяқ тұнып тұрған жыраулық дастан. Қазақ елінің тағдыры, жүріп өткен жолы, көрген қорлығы, шеккен азабы, түйіп айтқанда үш ғасырлық тарих кең ауқымда жыраулық поэзия тілінде сөйлейді.

«Туған елім» атты толғауында жыраудың тоқсанға келген жа­сында артына бұрылып қа­рап туған еліне сөз арнауы – жырау­лық өнердің саф алтындай үлгісі.

Жол серігі астындағы жалғыз аты мен жан серігі жалғыз домбырасына сүйенген жыраудың бір ғана тірегі, бір ғана сүйенері – «қалың елі қазағы».

Жамбыл алдымен халық тағды­рын жырына арқау етеді. Ақын­ның суреткерлік таным көк­жиегі кейде адамзаттық құн­ды­лықтар деңгейіне көтеріледі. Бейбіт өмірді мұрат ететін, күллі адамзаттық аңсарды, гума­низмді жырлайтын әйгілі «Ле­нин­градтық өрендерім» жыр-толғауының әлем тілдеріне ауда­рылуы соның бір ғана мысалы. Әлемдік деңгейдегі шынайы гуманист тұлғалар – қазақ жыраулары болған. Солардың бірі әрі бірегейі – жырау Жамбыл.

Ақынның алуан тақырып­тар­ды толғағанын аңғарамыз. Өсиет, ұлағат, тәлім-тәрбие, та­ғылым тақырыбын былай қой­ғанда, ерлік, батырлық, ха­лықтық тақырыпты көтеретін Жамбылдың қос дастаны «Сұ­ран­шы батыр» мен «Өтеген батыр» эпостық жырлары – жы­раулық поэзияның ең үздік үлгілері. Екі дастан да  тұнып тұрған тарих.

Автор эпостық таным, эпос­тық поэтика биігінен ой толғап, туындыларында халық тағдырын тарихи ретроспектива аясында суреттейді. Ұлтының өткенін бас кейіпкерінің тағдыр жолымен тұтастыра, тоғыстыра бейнелегенде бір халықтың тарихи тағдыры көз алдымыздан өтеді. Метафоралық теңеулер арқылы қазақ даласындағы тарихи жерлер мен оқиғаларды қамтып, айшықтап жеткізетін дас­тан жолдарына тебіренбеу мүмкін емес...

«Өтеген батыр» жырын Жамбыл:

«Қырғауыл ұшып, қаз қонған,

Аққу келіп, жаз болған,

Алтайға қара маралды!

Балығы таудай тулаған,

Бақасы қойдай шулаған,

Шортаны шоршып ойнаған,

Алтын қаймақ Аралды.

Қазақ бұрын құл болған,

Күн көруге мұң болған.

Күнді көрдік, ел болдық,

Асу бермес, өр болдық.

Осы бақ қонған таңымда,

Саған да ортақ, маған да!», деген жыр жолдарымен аяқтайды.

Жамбылдың жыраулық поэ­ти­­ка­лық дәстүрді жалғас­тыру­­шы тұлғасы, жаңаша, жаң­ғырта, түрлендіре терең­дет­кен, өр­кендеткен ақындық қасиетін де ерік­сіз мойындайсыз. Бұрынғы жыраулар қолтаңбасы Жамбыл жырларында қайта тіріледі, қайта көктейді, жаңа заман, жиыр­масыншы ғасыр көгі­нен қайта үн қатқандай көрінеді.

Сондықтан оның жыраулық поэзиясы жиырмасыншы ғасыр­дың бірінші жартысында барлық қырымен жарқырай көрінген, күллі адамзаттың өркениет биі­гіне көтерілген, көркемдік, әдеби құбылыс немесе тұтас ға­сырдың феномені десек, артық емес.

Осы пікірімізді академик Сейіт Қасқабасов та шегелей түседі. «ХХ ғасырдың ұлы жырауы» атты көлемді мақаласында: «Жүз жыл өмірінің сексен бесін өлеңмен өткізген Жәкең – екі ғасырдың куәсі ғана болған жоқ. Оның жүз жылғы өмірі, шындап келгенде, екі ғасырға тең еді. Өйткені Жамбыл тарихта сирек кездесетін, мүлде қарама-қарсы екі заманды көрді. Ол Қазақ хандығының жойылғанын, елінің отарлыққа түскенін, қазақ даласына Ресейдің әкімшіл-отаршыл басқару жүйесін орнатқанын, сонымен қатар көрші жатқан Қоқан хандығы жасаған жаугершілігін көрді. Қызыл империяның шовинистік қатыгез саясаты мен Алаш арыстарының көпе-көрнеу, жазықсыз атылғанын көрді. 1920–1930 жылдары үш миллион қазақтың қолдан жасалған  аш­тықтан қырылғанын көрді. Сол себепті Жамбылдың «Кең жатқан байтақ-ұлан шежіремін, тарихтың домбырасын қолына алған» деп айтуы тегін емес. Осы көргені мен білгенінің бәрін Жәкең өз поэзиясына арқау еткен, оны бірде жырау болып, бірде жыршы ретінде, бірде ақын болып жырлаған, толғаған, суреттеген», дейді. Ғұлама ғалымның осы тереңнен қамтып, дәл та­уып айтқан ауқымды сөзі Жамбыл феноменіне берілген әділ баға.

Төкпе ақын, айтыс өнерінің де ақтаңгері, толғау, терме жанры­ның да шебері Жамбыл жы­рау­дың басқа да бағыттағы құнды мұрасын тереңдеп қамтып айта беруге болады. Біз бұл жолы осынау асыл мұраның бір ғана қырына – ақынның жыраулық өнеріне ғана тоқталдық. Телегей теңіз мұраның қалған қырларын әдебиет тарихы, әдебиеттану ғылымы әлі де ұзақ жылдар зерттейтін болады.

Қансейіт ӘБДЕЗҰЛЫ,

филология ғылымдарының докторы, профессор

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

Серік Тұрғынбекұлы, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Кез келген қазақтың негізінде ақындық бар

Сұхбат • Бүгін, 08:15

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35

Ұлттық ғылым академиясында AI SilkNet Қазақстан–Корея жасанды интеллект орталығы ашылды

Қоғам • Бүгін, 00:28

Капитал нарығы үшін дамудың жаңа кезеңі: KASE басшысы негізгі басымдықтарды атап көрсетті

Қаржы • Бүгін, 00:13

Алматыда «Орталық Азия мұраты» атты жаңа монография таныстырылды

Аймақтар • Бүгін, 00:05

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Ақпан 2026 08:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see162

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see146

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see141

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see130

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see129

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see127

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see126

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары