“Жүру мүмкін емес“: жүргізушілер Ұлытаудағы бұзылған жолға шағымданды
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Ұлытау облысындағы жолдардың тозуы жүргізушілерді әбден қажытқан. Олар Жезқазған мен Сәтбаевты жалғайтын тасжолдың жағдайына шағымданып отыр. Ауыр жүк көліктері тоқтаусыз жүретін облыстық маңызы бар жол нағыз шұңқырлар алаңына айналған, деп хабарлайды Tengri Auto Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.
Сәтбаев, Жезқазған және Малшыбай ауылының арасындағы тасжолда жеңіл көліктердің қозғалуы қиындаған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жол бірнеше рет жөнделген. Алайда жол жабыны 40–50 тонналық жүк көліктерінің салмағына шыдас бермей, опырылып жатыр. Ал алда күзгі жауын-шашын мен қаһарлы қыс келе жатыр.
"Кейінгі бір айда жолдың берекесі кетті. Мұнда үлкен қытайлық жүкті өзі түсіретін көліктер жүк тасиды. Ал оны жөндеуге ешкім асығар емес. Үлкен көліктер әйтеуір сылбырап жүріп жатыр, ал жеңіл көлікпен өту мүмкін емес", - дейді Сәтбаев қаласының тұрғыны.
"Біз қалаға жиі қатынаймыз. Аптасына екі рет баруға тура келетін кездер болады. Осындай жолдың кесірінен көлігіміз тозып бітті: бірде анауы, бірде мынауы бұзылады. Мұның бәрі қалтаға салмақ салады", - деп толықтырды Малшыбай ауылының жүргізушісі.
Бұл жай ғана ауыл мен қаланы жалғайтын жол емес, Жошы хан мен Алаша хан кесенелеріне баратын жалғыз бағыт. Жергілікті жұртшылық шетелдік туристердің алдында ұятты болдық деп ағынан жарылды.
Ал шенеуніктер болса, шұңқырлардың беті қайтадан қиыршық таспен толтырылғанын айтып сендірді.
"Сәтбаев – Малшыбай бағытының 22-шақырымында қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Оған төрт күн кетті. Барлығы 11 техника жұмылдырылды. Жолды су шайып, терең шұңқырлар пайда болған учаскелерге қиыршық тас төселіп, қажетті жұмыстар жүргізілді", - деп түсіндірді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Түсіпов.
Ұлытау облысындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2 мың 711 шақырымды құрайды. Оның 950 шақырымнан астамы – республикалық, ал 800-ден астамы – облыстық маңызы бар жолдар. Тозығы жеткен жолдың қашан күрделі жөндеуден өтетіні әзірге белгісіз екені айтылады.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда орташа жылдамдықты өлшейтін камералар тағы 16 тасжолға орнатылады
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:47
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 10:20 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















