13 жылдан кейін семсерлесуден Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Владислава Андреева, Ирина Бакалдина, София Николайчук және Дарья Самоделкинадан құралған командамыз қола жүлде үшін таласта Сингапур құрамасынан 42:39 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, бұған дейін сапы жаттығуынан 2013 жылы ғана аруларымыз қола жүлде еншілеген еді.
19 жастағы Кирилл Проходов семсерлесуден Азия чемпионатында Олимпиада чемпионын жеңді
Жарыс барысында отандастарымыз 1/8 финалда Таиландты 45:22 есебімен жеңіп, ширек финалда Жапонияны 45:42 есебімен ұтты. Ал жартылай финалда Оңтүстік Кореяға жол берген болатын.
Бұған дейін Азия чемпионатында сапы сайысынан командалық сайыстан ерлер құрамасы, әйелдер арасынан Ирина Бакалдина алтын жүлде, Руслан Курбанов қола жүлде және қылыш сайысында ерлер құрамасы қола жүлде иеленген еді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:40
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Маусым 2026 21:17 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















