Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

Цифрлық қауіпсіздік: деректер қолды болмауы керек

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

2 трлн 356 млрд теңге айыппұл және 136 күкіртсутек шығарындылары: Атырау бойынша экологиялық есеп

2 трлн 356 млрд теңге айыппұл және 136 күкіртсутек шығарындылары: Атырау бойынша экологиялық есеп

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Көрнекі сурет

Өткен жылғы экологиялық жағдай көңіл алаңдатарлық болды: шығарындылар көбейді, күкіртсутек бірнеше рет тіркелді, ал өңірдегі ең үлкен айыппұл әлі сотта қаралуда.

3 наурызда өткен брифингте департамент басшысы Асқар Жүсіпов былтыр атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы есеп берді. Облыстың бас экологының айтуынша, 2025–2027 жылдары облыста экологиялық жобаларды іске асыруға 23,5 млрд теңге бөлінген. 

Шығарындылардың артуы және тексерістер

Облыста I санаттағы, яғни қоршаған ортаға әсері жоғары 82 кәсіпорын бар. Оның 59 пайызы мұнай-газ өндіру секторына, 5 пайызы мұнай өңдеу және газ-химия саласына, 15 пайызы полигондар мен қалдықтарды өңдеу нысандарына, ал 21 пайызы өндірістің өзге секторларына тиесілі.

Шығарындылардың негізгі үлесі ірі кәсіпорындарға тиесілі. Былтыр лимиттің 90 пайызы төрт компанияға шоғырланған. Атап айтқанда, «Теңізшевройл» – 143,345 мың тонна, North Caspian Operating Company N.V. – 53,48 мың тонна, Атырау жылу электр орталығы – 11,544 мың тонна, Атырау мұнай өңдеу зауыты – 15,641 мың тонна лимит алған.

2025 жылы облыс бойынша нақты шығарындылар көлемі 128,798 мың тоннаны құрады. 2024 жылы бұл көрсеткіш 117,898 мың тонна болған. Яғни шығарындылар 10,9 мың тоннаға артқан. 

Өсім «Атырау ЖЭО», «Теңізшевройл», «Ембімұнайгаз», «Матен Петролеум», «Jasyl Energy», «West Dala», «KPI Inc.», «Caspian Offshore Construction Realty», «Спецавтобаза», «GPC Investment», «Karaton Operating Ltd.» секілді компанияларда байқалған.

Ластаушы заттардың төгінділері де аздап көбейген. Былтыр олар 15,959 мың тонна болса, 2024 жылы 15,725 мың тонна болған. Бұл өсім негізінен «Теңізшевройл», «Атырау ЖЭО», «Caspian Offshore Construction Realty», «Ембімұнайгаз» және «Матен Петролеум» кәсіпорындарында тіркелген.

Мемлекеттік экологиялық бақылау аясында 2025 жылы 32 тексеру жүргізіліп, 96 заң бұзушылық анықталған. 158 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 2 триллион 360 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды. Оның 993,6 млн теңгесі мемлекет пайдасына өндірілген.

Ал «КуанТранс Логистикс», «Дала Экос» және «Атаким» компанияларының қызметін тоқтату туралы сот шешімі шыққан.

Триллиондық айыппұл және сот даулары

Ең ірі айыппұл North Caspian Operating Company N.V. компаниясына салынған – 2,3 трлн теңге. Бұған 2022 жылғы тексеріс нәтижесінде күкірт карталарында экологиялық рұқсатта көрсетілген көлемнен 1 млн тоннадан астам күкіртті жинау фактісі себеп болған. 

Бұдан басқа, нормаланбаған шығарындылар және күкіртті газды апатты жағдайда жаққаны үшін тағы 1 млрд 506 млн 914 мың теңге төлеуге міндеттелді.

Осылайша, жалпы айыппұл сомасы 2,3 трлн теңгеден асады. Қазір NCOC айыппұлмен келіспей, халықаралық арбитраж сотына жүгінген.

Сондай-ақ,  «ANACO» – 897 млн теңге, «Теңізшевройл» – 636,6 млн теңге, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» – 34,1 млн теңге, «Karabatan Utility Solutions» – 27,6 млн теңге көлемінде айыппұл арқалаған.

Күкіртсутек, бақылау және жоспарлар

Қазгидромет дерегіне сәйкес, 2025 жылы Атырау қаласы мен Мақат ауданында атмосфералық ауаның күкіртсутегімен жоғары ластануының 136 жағдайы тіркелген. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 233 болған.

– Яғни жоғары ластану 60 пайызға азайған. Экстремалды жоғары ластану бір ғана жағдай тіркелген. 2024 жылы 5 жағдай болды, – дейді Жүсіпов.

Күкіртсутегімен ластанудың негізгі көздері ретінде «Атырау мұнай өңдеу зауыты», «ҚазТрансОйл», «Квадрат», «Сасықсай» булану алаңдары және қалалық кәріз сорғы станциялары аталды.

Облыста автоматтандырылған мониторинг жүйесін бес ірі кәсіпорын енгізген: «Атырау ЖЭО», «Атырау мұнай өңдеу зауыты», «Теңізшевройл», «NCOC» және «KPI Inc.» Бұл кәсіпорындар эмиссия деректерін Ұлттық деректер банкіне онлайн жолдайды.

Ғарыштық мониторинг нәтижесінде 40 рұқсатсыз қоқыс орны анықталып, оның 35-і тазартылған. Бұл бағытта 7 тұлғаға және «Mebel City» цехына әкімшілік шара қолданылған.

45 тармақтан тұратын 2022–2025 жылдарға арналған Жол картасының 12-сі толық орындалған. 7 тармақ тұрақты түрде жүзеге асырылып жатыр, ал 26 тармақ әлі орындалмаған. Қазір 2026–2028 жылдарға арналған жаңа жоба дайындалып, облыс әкімдігіне жолданған.

Көгалдандыру жұмыстары бойынша «Теңізшевройл» жоспарланған 647 гектардың тек 6,8 пайызын орындаған, «NCOC» 308 гектардың 81 пайызын жүзеге асырған, «Ембімұнайгаз» жобасының 27,3 пайызы орындалған, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» 5 гектарға ағаш отырғызып, жобаның небәрі 0,3 пайызын орындаған.

2024 жылғы су тасқыны кезінде Соколок бөгетінің бұзылуынан 57 мыңнан астам ағаш зардап шеккенімен, қалпына келтіру жұмыстары аяқталған. 

– 2021 жылғы жаңа Экологиялық кодекс талаптарына сәйкес, ірі I санаттағы кәсіпорындар ең үздік қолжетімді технологияларды енгізіп, кешенді экологиялық рұқсат алуы тиіс. Бұл талап орындалмаса, эмиссия үшін төленетін салық көлемі ұлғайтылмақ, – деді экология департаменті басшысы.

Экстремалды ластану жағдайларының азаюы үміт тудырады. Бірақ шығарындылардың жалпы көлемі өсіп, «жол картасындағы» ондаған тармақ орындалмай тұрғандықтан, өңірдің экологиялық статистикасы тек есеппен шектелмей, нақты өзгерістерді қажет етеді.

Айнұр САПАРОВА

Бүгін, 11:41

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:199
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Наурыз 2026 12:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see131

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see130

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see127

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see126

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see117

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

16 Қазан 2026 07:12see115

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see114

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

16 Қазан 2026 16:46see113

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

15 Қазан 2026 18:11see113

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

15 Қазан 2026 21:59see112

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see111

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

15 Қазан 2026 17:13see111

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see111

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

15 Қазан 2026 17:43see111

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

15 Қазан 2026 14:35see111

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

15 Қазан 2026 23:42see110

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

16 Қазан 2026 17:10see110

Цифрлық қауіпсіздік: деректер қолды болмауы керек

15 Қазан 2026 05:21see109

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

15 Қазан 2026 13:57see108

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

16 Қазан 2026 16:52see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары