Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

2025 жылы интернет алаяқтықтың кең таралған түрлері

2025 жылы интернет алаяқтықтың кең таралған түрлері

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

2025 жылы алаяқтықтың негізгі түрлері толығымен онлайн-ортаға көшті. Ескі схемалар ешқайда жоғалған жоқ, бірақ олар жасанды интеллект, жалған сайттар, deepfake дауыстар және психологиялық қысым жасау арқылы айтарлықтай қауіп төндіретін болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Заманауи алдау схемалары қалай жұмыс істейтіні және өзіңізді қалай қорғауға болатынын Fingramota.kz қарастырып көрді. 

Фишинг: адамды өз деректерін өз еркімен беруге қалай мәжбүрлейді

Фишинг — бұл жалған сайттар, хаттар мен хабарламалар арқылы сіздің логиндеріңізді, құпиясөздерді, карта деректерін қолға түсіру.
Бұл қалай болады: сізге мессенджерде банктен, салықтан, маркетплейстен немесе жеткізу қызметінен хат, SMS немесе хабарлама келеді. Хабарлама мәтінінде «сәлемдеменің кешігуі», «салық берешегі», «күдікті операция», «өтемақы» туралы айтылады және толығырақ ақпарат алу үшін сілтемеге өту керек. Әрі қарай, сілтемеге өту кезінде сайт ашылады, оның шынайы сайттан ешқандай айырмашылығы болмайды. Пайдаланушы логинді, құпиясөзді, карта деректерін немесе SMS-пен келген кодты енгізеді және бұл деректер бірден алаяқтардың қолына түседі және ақша есептен шығарылады.

Азаматтар алаяқтардың арбауына жиі түсіп жатады, өйткені жалған сайттардың шынайы сайттардан ешқандай айырмашылығы жоқ, олар https-қорғанысымен қамтамасыз етілген, жасанды интеллекттің көмегімен  жетілдірілген мәтіндермен толтырылған және «дәл қазір» шешім қабылдауға мәжбүр ететін «уақыттың тапшылығын» желеу етеді. 

Дауыстық алаяқтар және deepfake-қоңыраулар

Классикалық сценарийлердің бірі келесідей: адамға «банктен» қоңырау шалып, күдікті операция туралы хабарлайды, қаражатты дереу «қауіпсіз шотқа» аударуды талап етеді, содан кейін SMS-пен келетін кодтарды сұрайды. Алайда, тағы бір қорқынышты әдіс жиі қолданылуда: алаяқтар әлеуметтік желілерде туысының дауысының жазбасын табады, оның сандық көшірмесін жасайды және жәбірленушіге «ұлының, қызының немесе бастығының дауысымен» қоңырау шалып, қайта-қайта жалбарынып  немесе шұғыл түрде ақша жіберуді талап етеді. Мұндай жағдайда адам эмоцияға беріліп, тіпті ақпаратты тексеруге тырыспайды.

Жалған интернет-дүкендер және «сатылымдар»

Алаяқтар шынайы интернет-дүкендерден айнымайтын сайттар жасайды. Әдеттегі схема келесідей: «қойманы жаппай сату» немесе «90%-ға дейін жеңілдіктер» туралы уәделері бар әлеуметтік желілердегі жарнама арқылы жәбірленуші кері есеп таймері бар әдемі безендірілген сайтқа кіреді, онда олар тауарды картамен төлеуді ұсынады; ақша есептен шығарылады, бірақ сәлемдеме ешқашан келмейді және сайт та көп ұзамай жоғалады. Кейде алаяқтар бірден жоғалып кетпейді және бірнеше күн бойы сатып алушылардың қырағылығын жою үшін жұмыс көрінісін сақтайды.

Жеке деректерді ұрлау және аккаунттарды қолды ету 

Алаяқтар азаматтардың жеке деректерін: фишингтік хабарлар мен жалған сайттар арқылы, қолды болған дерекқорлардан, жалған пікіртерімдердің көмегімен, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі ашық профильдер сияқты әр түрлі тәсілдермен жинайды. Олардың қолында жеткілікті ақпарат болған кезде, олар келесі кезеңге өтеді — жәбірленушінің аккаунттарына қол жеткізеді, иесінің бақылау мүмкіндігін өзіне қайтаруды бұғаттау үшін қолжетімділікті қалпына келтіру деректерін өзгертеді, оның атына кредиттер мен микрокредиттер ресімдейді, зат сатып алуды және кез келген басқа қаржылық  операцияларды жасайды. Көбінесе адам бұл туралы бірнеше айдан кейін, қарыз туралы хабарламалар, кредитті төлеу талаптары немесе коллекторлардан қоңыраулар келе бастағанда ғана бірақ біледі. 

Инвестициялық алаяқтық 

Ең тиімсіз және қауіпті схемалардың бірі мессенджерде немесе әлеуметтік желіде әдеттегі танысудан басталады. Алаяқ бірте-бірте адамды өзіне қаратып, кірісі көп инвестициялар туралы әңгімелерімен бөліседі және қалай оңай және тез ақша табуға болатындығын көрсетеді. Содан кейін ол жеке кабинетте кірістің біртіндеп өсуін көрсете отырып, «аз мөлшерде инвестиция салуды» ұсынады. Адам ақшасын шығарып алуға тырысқанға дейін бәрі сенімді болып көрінеді: бұдан кейін оларға «комиссия», «салық» немесе «сақтандыру сыйлықақысын» төлеу қажеттілігі туралы хабарлайды. Осы ақшаларды аударғаннан кейін байланыс кенеттен үзіліп, «кабинетке» қолжетімділік жоғалады. 
Мұндай схеманың ерекше қауіпті түрі— «ұзақ уақыт араласу» деп аталады. Алаяқ бірнеше ай бойы сенімді қарым-қатынас орнатып, күнделікті қарым-қатынас жасауы, қажетті уақытта инвестиция салуды ұсынуы мүмкін. Осыған байланысты адамдар ақшаны ғана емес, сонымен бірге өз пайымдауына деген сенімділікті жоғалтады, өйткені алдау мүмкіндігінше сенімді көрінеді. 

Маркетплейстер мен QR-кодтарды ауыстыру арқылы алдау

Алаяқтар онлайн-төлемдер мен аударымдар кезінде адамдарды алдау үшін әр түрлі әдістерді қолданады. Олар жалған «төлемге» сілтемелер жібереді, жалған төлемдер туралы хабарламаларды көрсетеді және «қате аударылған ақшаны» қайтаруды сұрайды. Көбінесе шабуылдаушылар сатушылардың немесе сатып алушылардың шоттарын ұрлап, сенімділікті арттыру үшін олардың атынан әрекет етеді. Сонымен қатар, кафелерде, автотұрақтарда немесе қайырымдылық жинақтарында QR-кодтарды ауыстыру тәсілі қолданылады: адам кодты сканерлейді, ал кодты ауыстыру алаяқтың шотына немесе фишингтік сайтқа апарады, әрі қарай алаяқ қаражатты немесе жеке деректерді ұрлайды.

Дропперлер мен «ақша будандары»

Дропперлермен немесе «ақша будандары» деп аталатын схема адамдарға қарапайым әрі қауіпсіз жұмысқа қатысуға ұсыныс жасауға негізделген. Алаяқтар оңай ақша табуға уәде беріп, «банктік картасын жалға беруді», оған аударымдарды қабылдауды немесе «компанияның жұмысы үшін» жаңа шот ашуды өтініп сұрайды. Мұның бәрі зияны жоқ техникалық көмек ретінде көрінеді – адамға олардың картасы арқылы «төлем жасау ыңғайлы» немесе «компанияға қосымша қаржы арнасы қажет» деп түсіндіріледі.

Іс жүзінде мұндай операциялар ұрланған ақшаны алу және жылыстату үшін қолданылады. Көмектесуге келіскен адам іс жүзінде қылмыстық схеманың бір бөлігіне айналады. Оған қоса не болып жатқаны үшін жауапкершілік алаяқтарға емес, күмәнді аударымдар жүргізілген карта немесе шот иесіне жүктеледі. Нәтижесінде, «қосымша ақша тапқысы» келген аңқау адам заңсыз операцияларға қатысатынын білмесе де, қылмыстық істің қатысушысы болу қаупі бар.

Неліктен адамдар мұндай схемаларға сеніп қалады? 

Себептер көбінесе технологиялармен емес, адамның эмоциясы мен дағдыларына байланысты. Көптеген адамдар аккаунтқа кіре алмай қаламын, маңызды төлемді өткізіп аламын немесе мүмкіндікті жіберіп аламын деген қорқынышпен жүреді. Басқалары тым сенгіш, оларға күлімдеп, сенімді сөйлеген соң айла-шарғы жоқ деп ойлайды. Асығыстыққа салу да маңызды: қарбаласта адамдар мән-жайын тексермейді және бірінші көрген нәрсені баса салады. Тез пайда тапқысы келудің де өз рөлін атқарады – жеңіл ақшаға уәде беру сақтықты әлсіретеді. Заманауи схемалар туралы ақпараттың жетіспеушілігі адамды одан да осал ете түседі.
Нәтижесінде, алаяқтарға күрделі жүйелерді бұзудың қажеті жоқ – олар тек адам психологиясын бұзады.

Өзіңізді қорғау үшін Fingramota.kz-тен қарапайым, бірақ тиімді кеңестерді орындау маңызды:
•    Ешқашан ешкімге растау кодтарын, құпиясөздерді және картаңыздың деректерін бермеңіз — тіпті қоңырау шалушы банк қызметкері болып көрінсе де.
•    Күдікті сілтемелерді баспаңыз және белгісіз адамдардан келген  файлдарды ашпаңыз.
•    Операцияларға лимиттер қойыңыз және күдікті белсенділікті бірден байқау үшін есептен шығару туралы хабарлау функциясын қосуды ұмытпаңыз.
•    Кредит тарихыңызды үнемі тексеріп отырыңыз, онлайн сатып алу үшін бөлек карта пайдаланыңыз және ешқандай жағдайда карталарыңызды, аккаунттарыңызды немесе рұқсатты үшінші тұлғаларға бермеңіз.
Маңызды! Егер сіз күдікті нәрсе байқасаңыз, картаны дереу бұғаттап, банкке хабарласыңыз. Алаяқтық фактісі расталса, eOtinish платформасы арқылы полицияға дереу өтініш беру керек.

Ең бастысы – сыни ойлауды дамытыңыз. Бұл сәйкессіздіктерді уақтылы байқауға, қысымға берілмеуге және импульсивті жауап бермеуге көмектеседі. Жағдайды неғұрлым сабырлы және саналы түрде бағаласаңыз, алаяқтардың сізді алдау мүмкіндігі де соғұрлым аз болады!
 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:193
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Желтоқсан 2025 13:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see154

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see146

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see144

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see143

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see142

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see142

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see140

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see136

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see133

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see133

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see130

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see126

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see126

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see120

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see118

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see118

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see117

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see117

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see116

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары