237 мың адам тексерілді: Алматыда жүздеген адамнан обыр ерте анықталды
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Тексеру қорытындысы бойынша қатерлі ісіктің 225 жағдайы анықталды. Оның ішінде 215 жағдай аурудың ерте сатысында диагностикаланған. Бұл профилактикалық тексерулердің тиімділігін көрсетіп, емдеуді дер кезінде бастауға мүмкіндік береді.
Онкологиялық орталықтардағы ашық есік күні кезінде 30 адамнан қатерлі ісік анықталды
Жыл басынан бері Алматы онкология орталығында 14 мыңнан астам пациент мамандандырылған медициналық көмек алды. 1 100-ден астам операция жасалды, олардың 50 пайыздан астамы аз инвазиялық әдіспен орындалды. 12,5 мыңнан астам пациентке химиотерапиялық ем жүргізілсе, 500-ге жуық адам сәулелік терапиядан өтті.
«Ауру барынша ерте анықталса, оны сәтті емдеу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Сондықтан әрбір азаматтың тегін скринингтік тексерулерден тұрақты түрде өтуі өте маңызды. Онкологиялық ауруға күдік туындаған жағдайда пациент «жасыл дәліз» қағидаты бойынша тексеруден өтеді. Қазақстанда онкологиялық ауруларға мамандандырылған көмектің толық көлемі – диагностикадан бастап емдеуге дейін – ТМККК шеңберінде тегін көрсетіледі», деді Алматы онкология орталығы директорының орынбасары Жанна Құжаева.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:63
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Шілде 2026 10:35 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















