Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

65 жастан асқан жүргізушілер үшін міндетті медициналық тексеру құны қанша және қандай дәрігерлерден өту керек

65 жастан асқан жүргізушілер үшін міндетті медициналық тексеру құны қанша және қандай дәрігерлерден өту керек

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

25 тамыздан бастап Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырудың жаңа негіздері күшіне енеді. Оның бірі 65 жастан асқан көлік тізгіндеген қазақстандықтардың медициналық тексерістен уақытылы өтпеуіне қатысты. Жүргізушілер үшін медициналық тексеріс қанша тұрады, қандай мамандарға қаралу керек және қандай жағдайда анықтама беруден бас тартуы мүмкін екенін Tengri Health тілшісі анықтап көрді.

Медициналық комиссияда жүргізушілерді не күтіп тұр?

65 жастан асқан жүргізушілер үшін екі жылда бір рет медициналық комиссиядан өту талабы жаңалық емес. Ол 2014 жылдан бері қолданыста. ІІМ түсіндіруінше, өзгерістер тек мемлекеттік органдар арасындағы деректер алмасуға ғана қатысты.

25 тамыздан бастап келесі норма күшіне енеді:

"Егер адам міндетті медициналық тексерістен уақытылы өтпесе, жүргізуші куәлігі автоматты түрде уақытша тоқтатылуы мүмкін. Яғни, тек осы тәртіп жаңа", - деп бұған дейін түсіндірген болатын ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.

Жүргізушілер медициналық тексеріс кезінде қандай дәрігерлерге қаралады?

Денсаулық сақтау министрлігі жүргізушілер медициналық тексеріс кезінде мына мамандарға қаралатынын айтты:

жалпы практикалық дәрігер (немесе учаскелік терапевт), психиатр, офтальмолог, отоларинголог (ЛОР-дәрігер).

Олар медициналық ұйымда тексеріс жүргізу үшін құрылатын арнайы дәрігерлік комиссияның құрамына кіреді. Мамандар тиісті тізбеде қарастырылған аурулардың бар-жоғын тексеру үшін зерттеу жүргізеді.

Медициналық тексеріске психоактивті заттардың бар-жоғын анықтауға арналған зерттеу де кіреді.

"Егер адам психикалық денсаулық саласында көмек көрсететін ұйымда есепте тұрса немесе зерттеу нәтижелері күмән тудырса, автомобильді басқару мүмкіндігі туралы шешімді дәрігерлік-консультациялық комиссия қабылдайды", - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігі.

Жүргізушіні қосымша зерттеулерге, бейінді мамандардың кеңесіне жіберуі немесе қайта медициналық тексеріс тағайындауы мүмкін, бірақ бұл бір жылдан ерте болмайды.

Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы түпкілікті шешімді комиссия негізгі медициналық тексеріс нәтижелерін және қажет болған жағдайда қосымша зерттеулерді зерделегеннен кейін ғана қабылдайды.

Қандай жағдайда медициналық комиссиядан өтпеуге және шешімге қалай шағымдануға болады

Денсаулық сақтау министрлігі түсіндіруінше, егер жүргізуші комиссия шешімімен келіспесе, ол мемлекеттік қызмет көрсететін медициналық ұйым басшысының атына шағым түсіре алады.

Мұндай өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Анықтама беруден бас тартуға мыналар негіз болуы мүмкін: құжаттардағы бұрыс мәліметтер, құжаттар топтамасының толық еместігі, медициналық тексерістің теріс нәтижесі.

Бас тартқан жағдайда медициналық ұйым себебін көрсете отырып, жазбаша шешім рәсімдеуге міндетті.

"Уақыт созбайын дедім" - алматылық тұрғын медициналық тексеріс туралы

ІІМ 65 жасқа толмаған адамдарға асығудың қажеті жоқ екенін түсіндірді. Алғашқы міндетті медициналық тексерістен 67 жасқа қарай өту қажет. Одан кейін анықтама екі жыл бойы жарамды болады. Келесі медициналық тексеріс 69 жаста, содан кейін 71 жаста және осылай жалғаса береді.

Бірақ Алматының 65 жастағы тұрғыны Владимир З. сияқты медициналық тексерістен алдын ала өтуді жөн көргендер де бар. Оның айтуынша, ол жасқа қатысты түсініктемелер шыққанға дейін, кейінірек ниет білдірушілердің саны едәуір артып кетеді деп қауіптеніп, дәрігерлерге қаралып алған.

"Мұндай анықтама болуы керек екенін білген бойда бірден медициналық мекемеге жүгірдім. Биыл мен тура 66-ға толамын. Қазір дүрбелең басталып, халық қаптап кетеді деп ойладым, сондықтан уақыт созбайын дедім", - деп бөлісті ол.

Ер адам үйінің маңынан жүргізушілер комиссиясын өткізуге лицензиясы бар медициналық орталық тауып, сол жерге медициналық тексеріске барған.

"Маған жолдамалар беріп, қай кабинеттерге бару керектігін айтты. Нәтижесінде лор, окулист және терапевтің тексерісінен өттім", - деді ол.

Дәрігерлік комиссияның қорытындысынан бөлек, жүргізушінің психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерде есепте тұрмайтыны туралы анықтама алу қажет. Кейіпкеріміз мұны eGov арқылы жасаған.

"Медициналық тексерістен өтер алдында жеке куәлік пен 3*4 көлеміндегі фотосуретті дайындап алу керек", - деп кеңес берді жүргізуші.

Медициналық тексеріс бағасы қанша?

Министрлік №073/у нысанындағы анықтама алу үшін тексерілу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне де, МӘМС пакетіне де кірмейтінін атап өтті. Сондықтан оны тегін өту мүмкін емес.

"Бұл медициналық тексеру мемлекеттік қызмет және ақылы негізде жүзеге асырылады", - деп хабарлады бізге.

Бұл ретте Қазақстанда бірыңғай баға жоқ, ол аймаққа және медициналық орталыққа байланысты өзгеруі мүмкін.

Бұл бағаны "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекске сәйкес әрбір медициналық ұйымның өз бетінше белгілейтіндігімен байланысты.

Владимир Алматыда медициналық тексеруден өту оған 6 мың теңгеге түскенін айтты. Оның сөзінше, комиссиядан өткені туралы мәліметтер ақпараттық жүйелерде пайда болып үлгерген.

Неге 65 жастан кейін жүргізушілердің денсаулығына көбірек көңіл бөлінеді?

Біз ақпарат алу үшін Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығына жүгіндік. Онда 65 жастан кейін адамда көлік жүргізу қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін жасқа байланысты өзгерістер жиі пайда болатынын түсіндірді. Бірақ жастың өзі адамның бұдан былай рульге отыра алмайтынын білдірмейді.

Жасқа байланысты негізгі өзгерістер:

Көру қабілетінің нашарлауы. Көру өткірлігі төмендеп, көру аясы тарылуы мүмкін, ымыртта және түнде көру қабілеті нашарлап, қарсы алдағы көліктің жарығына сезімталдық артуы ықтимал. Адам есейген сайын катаракта, глаукома және басқа да аурулар жиі дамиды. Есту қабілетінің төмендеуі. Басқа көліктердің, арнайы техниканың сигналдарын және өз көлігінің ерекше дыбыстарын қабылдау қиындауы мүмкін. Реакция жылдамдығының бәсеңдеуі. Жолдағы жағдайды бағалауға, шешім қабылдауға және маневр жасауға, әсіресе күрделі жағдайларда көбірек уақыт қажет болуы мүмкін. Қозғалыс белсенділігінің төмендеуі. Артроз, омыртқа және бұлшықет аурулары басты бұруды шектеуі мүмкін, адамға руль мен педальдарды басқару қиынырақ болуы ықтимал. Когнитивті функциялардың өзгеруі. Кейбір адамдарда зейін, есте сақтау қабілеті және жол жағдайын тез бағалау мүмкіндігі төмендеуі мүмкін. Созылмалы аурулар. Қант диабеті, жүрек-қан тамырлары және неврологиялық аурулар әлсіздік, бас айналу, гипогликемия (қандағы глюкозаның төмендеуі) немесе тіпті естен тану жағдайларымен қатар жүруі мүмкін. Дәрі-дәрмектің жанама әсерлері. Кейбір препараттар ұйқышылдықты, бас айналуды, зейін қоюдың төмендеуін және реакцияның баяулауын тудыруы мүмкін.

Сондықтан 65 жастан асқан жүргізушілерге денсаулығын жүйелі түрде тексеріп тұруға, дәрігердің нұсқауларын орындауға, қабылдап жүрген дәрілердің көлік жүргізу қабілетіне әсерін мамандармен талқылауға және өзін жайсыз сезінгенде, басы айналғанда немесе қатты шаршағанда рульге отырмауға кеңес беріледі.

Орталық мамандары жастың өзі көлік жүргізуге қарсы көрсетілім емес екенін - егер денсаулығында кінәрат болмаса, көптеген адам 70–80 жаста да көлікті қауіпсіз басқаруды жалғастыра беретінін айтты.

"Созылмалы ауруларды бақылауда ұстаса, көру қабілеті жақсы, когнитивті функциялары мен реакция жылдамдығы сақталса, сондай-ақ айқын асқынулар болмаса, көптеген адамдар 65 жастан кейін де көлікті қауіпсіз басқара алады", - деп атап өтті орталық өкілдері.

Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырудың екі жаңа негізі енгізіледі

Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айыруға не себеп болуы мүмкін? Толық нұсқаулық

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

жүргізуші

жүргізуші куәлігі

дәрігерлер

тексеріс

Денсаулық

Заң

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:116
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Тамыз 2026 08:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see123

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see120

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see120

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see118

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see117

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see116

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see116

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see115

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see115

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see115

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see115

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see115

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see114

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see113

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see113

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see112

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see112

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see112

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see111

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары