Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Абай университеті: Сұхбат: жұмыс берушіге өзіңді дәлелде жобасы түлектерді еңбек нарығына дайындайды

Абай университеті: Сұхбат: жұмыс берушіге өзіңді дәлелде жобасы түлектерді еңбек нарығына дайындайды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

2026 жылғы 24 ақпанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті білім алушыларының кәсіби әлеуетін арттыру және жұмысқа орналасу дағдыларын дамытуға бағытталған «Сұхбат: жұмыс берушіге өзіңді дәлелде» жобасының кезекті іс-шарасы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Аталған жоба 2018 жылы бастау алып, бүгінде университет түлектерін еңбек нарығына бәсекеге қабілетті маман ретінде даярлауға бағытталған стратегиялық маңызы бар бастамалардың біріне айналды.

2025-2026 оқу жылы аясында жоба Алматы қаласы Наурызбай аудандық білім бөлімінің қолдауымен №208 мектеп-гимназия базасында ұйымдастырылды. Іс-шараға университеттің барлық факультеттерінен іріктеліп алынған 16 бітіруші түлек қатысып, өз мамандықтары бойынша жұмыс берушілермен кәсіби сұхбаттан өтті.

Жобаға педагогикалық бағыттағы негізгі білім беру бағдарламалары, атап айтқанда: «Орыс тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Физика-информатика», «Дене шынықтыру және спорт», «Биология», «Практик-психолог», «Химия-биология» және «Бастауыш білім (АКТ)» бағдарламаларының білім алушылары қатысты. Жалпы, 14 білім алушы екі жұмыс берушінің алдында сұхбаттан өтіп, өздерінің кәсіби және тұлғалық құзыреттерін таныстыруға мүмкіндік алды.

Түлектердің біліктілігіне баға беріп, кәсіби сұхбат жүргізген жұмыс берушілер қатарында №208 мектеп-гимназия директоры Гүлбағда Аденова және №221 «Келешек» мектебінің директоры Арнагүл Маликова болды. Олар үміткерлердің теориялық білімі мен практикалық дағдыларының өзара үйлесімін жан-жақты бағалады.

Университет тарапынан іс-шараға Кәсіби бағдар беру және мансапты дамыту департаментінің директоры Алмас Найманбаев және «Мансап» орталығының басшысы Рақымберді Жетібай қатысты.

Сұхбат қорытындысы бойынша, жұмыс берушілер білім алушылармен жан-жақты кері байланыс жасап, түйіндеме әзірлеу мен өзін-өзі таныстыру барысында жіберілген қателіктер мен жетістіктерге кәсіби талдау жүргізді. Қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, жобаның болашақ мансаптағы практикалық маңызы жоғары екенін атап өтті.

«Бұл жоба – білім алушылар мен жұмыс берушілер арасындағы тиімді кәсіби көпір. Сұхбат барысында түлектер өз білімдері мен дағдыларын нақты жұмыс талаптарымен салыстырып, тәжірибелік тұрғыда бағамдауға мүмкіндік алады. Мұндай формат олардың еңбек нарығына сенімді қадам жасауына және бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуына ықпал етеді», – деді «Мансап» орталығының басшысы Рақымберді Жетібай.

Айта кету керек, «Сұхбат: жұмыс берушіге өзіңді дәлелде» жобасы университет түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткішін арттыру мақсатында алдағы уақытта Алматы қаласының Медеу, Түрксіб, Жетісу және Алмалы аудандарында кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:140
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Ақпан 2026 17:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары