Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Абай жолы кітапханасы жобасы аясында 19 автордың 25 кітабы жарық көрді

Абай жолы кітапханасы жобасы аясында 19 автордың 25 кітабы жарық көрді

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ұйымдастырған шараға кітап авторлары қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кітаптар топтамасы Семей өңірінен шыққан ақын-жазушылардың, өнер адамдарының әртүрлі әдеби жанрды қамтитын түрлі тақырыптарының басын біріктіреді. Ақын-жазушылардың шығармаларын бағалау және жариялау жөніндегі кеңеске Шәкәрім университетінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, «Абай облысының Құрметті азаматы» Еспенбетов Арап Сләмұлы жетекшілік етеді. 

Биыл жоба аясында 19 автордың 25 кітабы (барлығы 12 500 дана) жарық көрді. Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай Абай тақырыбына ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы, Қайым Мұхамедхановтың «Абайдың ақын шәкірттері» және «Абай мұрагерлері» атты зерттеу еңбектері, Кәмен Оразалиннің «Абай ауылына саяхат» атты деректі шығармасы және Мырзақасым Әсет Медеуханұлының «Абай елінің әңгімелері», Асан Омаровтың «Абай руханияты» және Бауыржан Ердембековтің «Абай және әдеби орта» еңбектері оқырманға жол тартты.

142 жылдық тарихы бар Абай кітапханасының сирек қорындағы белгілі өлкетанушы Николай Коншиннің өлкемізге қатысты құнды еңбектері мен Мұратбек Кенемолдиннің «Семей – Алаштың қаласы» атты зерттеулер мен мақалалар жинағы оқырман қауым үшін тосын сый болды. 

Ақын, әнші Әсет Найманбайұлының және Абайдың ақындық мектебінің ірі өкілдерінің бірі, ұлы ойшылдың шәкірті әрі іні-досы Көкбай Жанатайұлының және республикамызға аты мәлім, әрі жазба, әрі суырып салма ақындардың бірі Қалихан Алтынбаевтың әдеби мұралары өз оқырмандарымен қауышты.

Сонымен қатар  ғалымдар Әбдеш Төлеубаевтың «Қазақтардың дәстүрлі наным-сенімдері», Светлана Смағұлованың «Қазақ даласындағы жұттар мен ашаршылықтар», Әбіл-Серік Әліәкбардың «Қалам құдіреті»  атты ғылыми еңбектері жарыққа шықты.
Абайдың ақын шәкіртерінен бастап, қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік ақындардың таңдамалы өлеңдері, толғаулары, поэма және айтыс үлгілері енген «Жыр жауһарлары» жинағының 3-ші кітабы жарияланды.

Қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар Медеу Сәрсекенің, Қайым-мұнар Табеевтің,  Тыныштықбек Әбдікәкімұлының, Әділғазы Қайырбековтің, Қайырбек Шағырдың шығармалары да жария көрді. Шараға қатысушы қонақтарды аталған кітаптардан жасақталған авторлардың портреттерімен көмкерілген жаңа кітаптар экспозициясы қарсы алды. Жасанды интеллектінің көмегімен жасалған электронды кітапхана қоры ұсынылып, қатысушыларға кітап мазмұны туралы мол ақпарат берілді. Кітапхана сахнасында театр әртістері кітап авторлары мен олардың шығармаларына байланысты әдеби-көркем қойылымдарды орындады.

Жалпы 2023 – 2027 жылдары жүзеге асырылатын «Абай жолы» кітапханасы  жобасы аясында 61 атаулы кітап 30 500 данамен жарыққа шықты. 2023 жылы 16 атаулы кітап, 2024 жылы 20 атаулы кітап, ал биыл 25 атаулы кітап Астана қаласындағы «Фолиант» баспасынан жарық көрді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:154
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Желтоқсан 2025 09:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see122

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see119

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see118

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see117

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see116

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see115

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see115

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see114

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see114

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see114

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see114

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see113

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see113

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see112

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see112

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see111

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see111

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see111

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see110

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары