Абу Даби ханшайымы Лондон көшелерінің бірінен есінен танған күйінде табылды
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Абу-Даби ханшайымы Махра әл-Нахайян Лондон көшелерінің бірінен есінен танған күйде табылды. Бұл туралы британдық газет Daily Mail жазды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
32 жастағы ақсүйек әйел үй маңында чемоданымен және шашылған заттарымен жалаңаяқ отырған. Оның қасында көлік көп жүретін жолдың жиегіне жүгіріп шыға берген үш жасар баласы болған.
Оқиға биыл жазда болған. Басылымның мәліметінше, БАӘ-нің өте ықпалды отбасынан шыққан ханшайым бірнеше күн бойы тыйым салынған заттарды тұтынып, соның салдарынан есінен танып қалған.
13 қазанда сот ханшайымды бала күтіміне немқұрайлы қарағаны үшін кінәлі деп танып, оған екі жылдық қадағалау, міндетті оңалту және алты мың фунт стерлинг көлемінде айыппұл тағайындады. Сотта ханшайым тек балаға дұрыс қарай алмағанын ғана мойындады.
Абу-Дабидің билеуші әулетінің байлығы 250 миллиард фунттан астам сомаға бағаланады. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Махра жеке шығындары үшін ай сайын сегіз мың фунт алып тұрады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:67
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2026 16:58 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















