Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

Адамдар жылына шамамен 7 түн дұрыс ұйықтай алмайды

Адамдар жылына шамамен 7 түн дұрыс ұйықтай алмайды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Фото: Мagnific

Әлемнің көп аймағында тропикалық әрі аптап түндер жиілеп барады. Түнгі ауа температурасы 20 градустан төмен түспейтін жағдайлар көбейген. Мамандардың айтуынша, мұндай ыстық түндер адамдардың ұйқысының сапасын айтарлықтай төмендетеді.

Climate Central ұйымының жаңа зерттеуіне сәйкес, 2020-2025 жылдар аралығында әлем тұрғындары жоғары ауа температурасының салдарынан жылына орта есеппен 56 сағатқа жуық ұйқысынан айырылған. Бұл шамамен 7 толық түнгі ұйқыға тең.

Отшашу мен оркестр: Мексика жанкүйерлері Англия футболшыларына ұйқы бермеді

Зерттеу барысында талданған 1 300-ден астам қаланың басым бөлігінде климаттың өзгеруіне байланысты аптап ыстықтан жоғалатын ұйқы уақыты 1970 жылдардың басымен салыстырғанда екі есе артқаны анықталған.

Ең көп ұйқы жоғалту көрсеткіші Таяу Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Азияда тіркелген. Бұл өңірлерде тұрғындар жылына орта есеппен 55-тен 91 сағатқа дейін ұйықтай алмайды.

1970 жылдардың басында халқы шамамен 500 мың адам болатын орташа қала тұрғындары түнгі ыстықтың әсерінен жылына 46 сағаттай ұйқысынан айырылса, 2020 жылдары бұл көрсеткіш 50 сағатқа жеткен. Ал 2020-2025 жылдары ол 56 сағатқа дейін өскен. Зерттеу нәтижесі бұл өсімнің едәуір бөлігі климаттың өзгеруімен тікелей байланысты екенін көрсетеді.

Тәулігіне алты сағаттан аз ұйқының денсаулыққа зияны бар ма?

Қай елдің халқы дұрыстай ұйықтай алмай жүр?

Зерттеулер құрлықтың ішіндегі мемлекеттер арасында да айтарлықтай айырмашылық бар екенін көрсетеді.

Еуропада ұйқының ең көп жоғалуы оңтүстік аймақтарда байқалады. Соңғы 5 жылда Италияның Неаполь қаласының тұрғындары аптап ыстықтың әсерінен жыл сайын орта есеппен 51 сағат ұйқысын жоғалтқан.

Грекия астанасы Афинада бұл көрсеткіш жылына 45 сағатты, Испанияның Валенсиясында – 42 сағатты құраған. Ал Португалияның Лиссабоны мен Францияның Марсель қаласында тұрғындар ыстықтың салдарынан жылына 40 сағаттан ұйқыдан қағылған.

Алайда Еуропаның солтүстігіндегі елдерде де ыстық түндердің әсерінен ұйқының бұзылуы байқалады, тек оның деңгейі төменірек.

Шотландияның Эдинбург қаласының тұрғындары жылына 21 сағат, ал Стокгольм мен Хельсинки тұрғындары 20 сағаттан ұйқысын жоғалтқан. Ең аз әсер Норвегия астанасы Ослода тіркеліп, бұл көрсеткіш 18 сағатты құрады.

Ұйқыны жақсартудың қарапайым әдісі қандай?

Толыққанды түнгі ұйқы қаншалықты маңызды?

Ұйқы адамның күнделікті өміріндегі ағзаның қалыпты жұмыс істеуі үшін маңызды рөл атқарады.

Түнде ағза қалпына келуі керек. Алайда ауа температурасы төмендемесе, бұл процесс толық жүзеге аспай, дене үнемі стресс жағдайында қалады.

Зерттеу авторларының айтуынша, сапасыз ұйқы адамның көңіл күйінің нашарлауына, ойлау қабілеті мен өнімділіктің төмендеуіне, сондай-ақ жүрек-қан тамырлары және иммундық жүйеге байланысты қауіптердің артуына әсер етеді.

Ұйқыға қатысты үш миф

Ұйқыға көп фактор ықпал етеді. Дегенмен жаһандық температураның көтерілуі және қалалардың ұлғаюына байланысты түнгі аптап ыстық барған сайын маңызды экологиялық қауіпке айналып келеді. 

Ұйқы тапшылығы түннен түнге жинала беретіндіктен, ыстық маусым кезінде ұйқы ұзақтығының аз ғана қысқаруының өзі денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін.

Жақында жүргізілген зерттеу көрсеткендей, жылы түндер 65 жастан асқан адамдардың ұйқысын орта жастағы адамдарға қарағанда екі еседен астам жиі бұзады. Ыстықтың салдарын әсіресе әйелдер мен климаты онсыз да ыстық аймақтардың тұрғындары көбірек сезінеді. 

Қысқа роликтер ұйқыны бұзады, мазасыздықты арттырады

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:142
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Шілде 2026 18:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see133

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see131

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see128

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see122

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

16 Қазан 2026 16:46see119

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

16 Қазан 2026 07:12see118

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see117

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

16 Қазан 2026 16:52see116

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

16 Қазан 2026 23:08see115

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

16 Қазан 2026 17:10see115

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

15 Қазан 2026 18:11see115

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

15 Қазан 2026 17:13see114

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

15 Қазан 2026 21:59see114

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

15 Қазан 2026 14:35see113

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

15 Қазан 2026 17:43see113

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see113

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

15 Қазан 2026 23:42see112

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

16 Қазан 2026 17:11see112

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

15 Қазан 2026 13:57see110

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

16 Қазан 2026 18:00see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары