Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Бірлік пен белсенділікті ұштастырған жоба

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Адамдардың Айға ұшатын күні жарияланды

Адамдардың Айға ұшатын күні жарияланды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

BGR сайты жариялаған хабарламаның негізінде Aikyn.kz адамзаттың Айға жаңа сапарының мақсатын талдайды.Астронавтарды Айға жеткізетін Orion ғарыш кемесі дайын. Фото nasaspaceflight.com сайтынан алынды. Авторлығы: Lockheed Martin

NASA-ның «Артемида-2» миссиясы, 2026 жылдың сәуір айына жоспарланған. 1957 жылы «Спутник-1» зонды ғарышқа ұшып, адамның Айға жете алатынын дәлелдеген еді. Кейін 1969 жылы «Аполлон-11» миссиясы адамды алғаш рет Ай бетіне қондырды. Қиындықтарға қарамастан Айды тануға және болашақта онда өмір сүруге деген қызығушылық әлі азайған жоқ. 

Гелий-3 пен сирек металдар адамзаттың жасанды интеллект, кванттық есептеу және ғарыштық технологиялар дәуірінде шешуші рөл атқарады. Айдағы 1 тонна Гелий-3 шамамен 20 млрд долларға бағаланады. Сондықтан америкалық Артемида бағдарламасы мен Қытайдың Чанъэ миссиялары ғылыми қызығушылықтың емес, болашақ ресурстық бәсекелестіктің көрінісі.

Соңғы жарты ғасырда адамзат Айдың бетіне қонған жоқ. Соңғы рет Ай бетінде адам 1972 жылы «Аполлон-17» миссиясы кезінде болды. Астронавтар үш күн бойы зерттеу жүргізіп, топырақ үлгілерін жинаған. Сол уақыттан бері Ай бетіне тек роботтар ғана ұшырылды. Енді бұл жағдай түбегейлі өзгереді.

50 жыл өткен соң NASA адамды Айға қайта апаруды мақсат еткен «Артемида» бағдарламасын іске қосты. Бұл атау грек мифологиясындағы Ай мен аңшылық құдайы Артемидаға арналған. Бағдарламаның алғашқы «Артемида-1» кезеңі 2022 жылдың қарашасында сәтті жүзеге асты. Ол пилотсыз сынақ ұшуы болды. Енді кезек «Артемида-2» миссиясына келді.

Он күндік сапарда 4 астронавт Айды айналып ұшып өтіп, Orion ғарыш кемесінің сенімділігін тексереді. Фото nasaspaceflight.com сайтынан алынды

Бірнеше рет кейінге қалдырылған бұл миссия 2026 жылдың сәуірінде жүзеге асуы тиіс. Он күнге созылатын сапарда төрт астронавт Айды айналып ұшып өтеді. Бұндағы мақсат – Orion ғарыш кемесінің сенімділігін тексеріп, жүйедегі ықтимал ақауларды анықтау. Бұл болашақ миссиялар қауіпсіздігі мен табысы үшін маңызды сынақ.

«Артемида-2» миссиясының командирі Рид Уайзман – АҚШ Әскери әуе күштерінің ардагері және 2009 жылдан бері NASA астронавты. Ұшқыш Виктор Гловер 2013 жылдан бері астронавт болып, Халықаралық ғарыш станциясында 168 күн өткізген. Зерттеуші Кристина Кох – 2013 жылдан бері астронавт, әйелдер арасында ғарышта ең ұзақ 328 күн болып, рекорд жасаған. Төртінші қатысушы канадалық ұшқыш және осы миссиядағы бірінші канадалық астронавт Джереми Хансен. Ол Айға баратын алғашқы канадалық болады.

Миссия барысында ғалымдар төрт астронавтан да қан үлгілерін алып, ұшу мен қайтудан кейінгі биологиялық өзгерістерді зерттемек. Бұл зерттеу гравитация мен радиацияның адам ағзасына әсерін анықтауға арналған.Егер «Артемида-2» сәтті өтсе, NASA 2027 жылдың ортасында «Артемида-3» миссиясын іске қосады. Бұл жолы төрт астронавт Ай бетіне қонып, оңтүстік полюс аймағын бір апта бойы зерттейді.

Одан кейінгі «Артемида-4» миссиясында ғарышкерлер Айдың алғашқы орбиталық станциясында – «Gateway» (шлюзде) өмір сүріп, жұмыс істейтін болады. Бұл станция болашақта тұрақты базаға айналып, басқа ғарыш кемелері үшін түйісу торабы қызметін атқарады.

NASA бұл мақсатты «Артемида ұрпағының ғылымы» деп атайды. «Артемида» логотипіндегі «A» әрпі – Айға бағытталған садақ ұшының символы. Бұл бағдарламаның басты идеясы – адамзаттың Айда тұрақты өмір сүру мүмкіндігін қамтамасыз ету.

2026 жылы «Артемида-2» ұшуы адамзат тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы болмақ. Бұл миссия тек АҚШ үшін емес, бүкіл әлем үшін ғарышты игерудің жаңа дәуірін ашады десек те, оның экономикалық пайдасын тек америкалықтар мен Айды игеруге құлшынып отырған Ресей мен Қытай көретін болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:170
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Қазан 2025 13:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see117

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see116

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see115

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see113

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see111

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see111

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see110

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see109

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see109

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see108

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see108

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see108

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see107

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see105

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see104

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see103

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see103

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see100

Бірлік пен белсенділікті ұштастырған жоба

15 Қазан 2026 05:00see100

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары