Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституция жобасының маңызды тұсын атады

Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституция жобасының маңызды тұсын атады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Жаңа Конституция жобасының негізгі идеясы – мемлекет үшін ең қымбат нәрсе өндіріс көлемі немесе пайда емес, адамның өзі. Бұл туралы Конституциялық комиссия отырысында Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Максим Рожин айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Депутаттың айтуынша, олар өндіріс орындарында адамдармен кездескенде әңгіме әрқашан нақты мәселелер айналасында өрбіп, негізінен ауысымның қауіпсіздігі, әділ жалақы, тозған жабдық, төленбейтін артық жұмыс немесе өз құқығын қорғау мәселелері қозғалады.

– Бүгінде комиссияда талқыланып жатқан жаңа Конституцияның нормалары дәл осы адамдар үшін нақты өмірлік мәнге ие. Еңбек адамы – экономиканың құралы емес, мемлекеттің басты құндылығы. Жаңа Конституция жобасының негізгі идеясы – мемлекет үшін ең қымбат нәрсе өндіріс көлемі немесе пайда емес, адамның өзі. Жобада әр азаматтың қауіпсіз жағдайда еңбек етуге, әділ ақы алуға және кемсітуге жол берілмеуге құқығы конституциялық деңгейде бекітілген. Бұл норма тек идеологиялық ұран емес. Ол – әлеуметтік тұрақтылықтың, әр азаматтың жеке қадір-қасиетінің берік іргетасы. Мемлекет еңбек ету құқығын Конституция арқылы бекітуі еңбек адамын экономикалық және қоғамдық өмірдің белсенді қатысушысы ретінде мойындау. Мұндай қадам маманның кәсіби өсуіне, ертеңгі күнге сенімге және қоғамдағы әділеттілік сезімінің күшеюіне ықпал етеді.

Осы тұрғыда қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай еңбек жағдайларын бекіту аса маңызды. Бұл қарапайым азаматтар үшін жұмыс орнында денсаулық пен өмірдің, адамның қадір-қасиетінің қорғалуын білдіреді. Яғни, өндірістік жарақаттанудан немесе аурудан қорғау, еңбекке қабілеттілікті және өмір сапасын сақтау – мемлекеттің және жұмыс берушінің конституциялық міндеті деңгейіне көтерілді. Әсіресе, негізінен жалдамалы жұмыскерлерден тұратын әлсіз салалар үшін бұл нақты құқықтық механизм қалыптастырады», – деді ол.

Оның айтуынша, адал еңбек үшін әділ сыйақы алу құқығы ерекше әлеуметтік маңызы бар.

«Азаматтар өз жынысына, жасына, тегіне немесе басқа жағдайларға қарамастан, атқарған еңбектеріне сәйкес бағаланатынына кепілдік алады. Мұндай нормалар әлеуметтік әділдікті нығайтып, отбасылардың лайықты өмір сүру деңгейіне қол жеткізуін қамтамасыз етеді және орта таптың қалыптасуына ықпал етеді. Ұзақмерзімді перспективада бұл мемлекетке деген сенімді арттырып, қоғамның экономикалық негізін нығайтады. Жаңа Конституциялық нормалар тек еңбек нарығын емес, сол нарықтағы әр еңбек адамының өзін қорғалған, құрметке ие және дамуға мүмкіндігі бар екенін сезінетін әділетті әлеуметтік модель қалыптастырады. Қарапайым азаматтар үшін бұл тұрақты жұмыспен қамтылу, қауіпсіз еңбек жағдайлары, адал еңбекақы және мемлекеттің еңбек адамын қорғауының кепілі болып  саналады. Дәл осындай нормалар арқылы Конституция формалды  құжаттан халықтың өмір сапасын арттыратын заңдық реттеу құралына айналады», – деді ол.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:176
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Ақпан 2026 16:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see131

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see129

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see126

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see126

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see125

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see125

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see124

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see123

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see122

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see122

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see122

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see122

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see122

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see121

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see120

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see120

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see119

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see119

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see119

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары