Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Агросекторды цифрландыру: Елде 300 ден аса қожалық smart технологияларды енгізді

Агросекторды цифрландыру: Елде 300 ден аса қожалық smart технологияларды енгізді

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Астанада өткен Орталық Азияның KazAgro/KazFarm-2025 ірі ауыл шаруашылығы көрмесінің ашылуында мәлімдеді. Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан агросекторды цифрландыру жолында айтарлықтай күш салып жатыр.

— Елімізде 300-ден астам шаруа қожалығы smart-ферма элементін енгізді. Біз жасанды интеллект және «ақылды жер игеру» (жер игеруде GPS, спутник бейнелерін және дронды қолдану — ред.) технологияларын енгізіп жатырмыз. Олардың тиімділі жоғары және түсетін таза пайдасы әлдеқайда жоғары. Мемлекет және Үкімет ретінде біз осы технологияларды ауыл шаруашылығына тереңдете енгізу шараларын әрі қарай ынталандыруға дайынбыз, — деді ол.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Вице-министр биылғы көрменің бас тақырыбы ауыл шаруашылығын цифрландыру және аграрлық салаға жасанды интеллектіні енгізу екенін атап өтті.

— Цифрландыру — аграрлық сектордың тиімділігін арттырудың негізгі факторларының бірі. Бұл ауыл шаруашылығын дамытудың маңызды және перспективті бағыты, — деді ол.

25 елден әкелінген технологиялар

KazAgro/KazFarm-2025 көрмесіне Германия, Чехия, Аустрия, Беларусь, Иран, Ресей және Қытай секілді 25 елден 300-ден астам компания келді. Қатысушылар егіншілікке арналған дрондар мен өнімділікті бақылаудың цифрлық жүйелерінен бастап, робот техникасы мен интеллектуалды фермаларды басқару жүйелеріне дейінгі соңғы жетістіктерді ұсынды.

Фото: Дамира Кеңесбай/Kazinform

— Қазақстанның аграрлық болашағы жас инженерлердің, биотехнологтер мен бағдарламашылардың қолында. Біздің міндетіміз — аға буын мамандардың тәжірибесі мен жастардың энергиясын бір алаңда біріктіру, — деді ExpoGroup халықаралық көрме компаниясының директоры Шолпан Қожабаева.

Оның айтуынша, биылғы 300 компанияның 90-ы бұл көрмеге алғаш рет қатысып отыр. Олардың бәрі — саланың жетекші ойыншылары екен.

Халықаралық коммуникациялық алаң

Көрме Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында өтіп жатыр. Ұйымдастырушылар атап өткендей, бұл шара аграрлық салада тәжірибе алмасушылар үшін ең ірі алаңға айналған. Шетелдік делегациялар, елшіліктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуы шараға халықаралық коммуникациялық платформа мәртебесін беріп тұр.

AgroHackathon және іскерлік бағдарлама

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Іс-шара аясында салалық конференциялар, панельдік пікірталастар, семинарлар, сондай-ақ халықаралық сарапшылармен B2B және B2G форматта кездесулер өтеді.

Негізгі тақырыптар:

• аграрлық білім берудің жаңа тәсілдері;

• Чехия мен Германия тәжірибесіндегі инновациялар;

• климаттық өзгерістер жағдайындағы жем-шөп өндірісі;

• мал шаруашылығын цифрландыру және автоматтандыру;

• ветеринария және биологиялық қауіпсіздік мәселелері.

Биыл жас мамандарды жұмысқа тартуға ерекше көңіл бөлінді. Аграрлық жоғары оқу орындарының студенттері хакатонға қатысып, «ақылды» егіншілік, биотехнология және өнімділіктің цифрлық мониторингі саласындағы стартаптарды ұсынатын болады. Ал үздік идеялар нақты экономикаға енгізу үшін сарапшылар мен инвесторлардың қолдауына ие болады.

Жаңа экспорт

QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы қазақстандық фермерлер шетелдік серіктестермен кездесіп, экспорттық келісімдер жасасатын мамандандырылған аймақ ұйымдастырды. Бұл «Қазақстанда жасалған» брендінің сыртқы нарықтардағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Көрмелер тұқым, агрохимия және техникадан бастап генетика, жемшөп өндірісі мен өнімді қайта өңдеуге дейінгі агроөнеркәсіп өндірісінің бүкіл циклін қамтиды.

Бұған дейін, Қазақстанда жыл басынан бері ауыл шаруашылығы өнімдері 4,4% өскенін хабарлаған едік. 

Камила Мүлік

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:201
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қазан 2025 17:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары