Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

Әлемде электромобиль сатылымы 2025 жылы рекордтық 20,7 млн данаға жетті

Әлемде электромобиль сатылымы 2025 жылы рекордтық 20,7 млн данаға жетті

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Компания мәліметінше, сатылған электромобильдердің 12,9 миллионы Қытай нарығына тиесілі. 2025 жылы Қытайдағы электромобиль сатылымы 2024 жылмен салыстырғанда 17 пайызға артқанымен, жылдың соңғы тоқсанында өсім қарқыны баяулаған.

Сарапшылар Қытайдағы өсімді ішкі нарықтағы жоғары бәсеке, агрессивті баға саясаты және ұсынылатын модельдердің көбеюімен байланыстырады. Ішкі нарықтағы бәсеке күшейген сайын қытайлық автокөлік өндірушілер шетел нарықтарына белсенді түрде шыға бастаған. Бұл үрдістен Оңтүстік Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия және Орталық Азия елдері ұтып, әлемдік электромобиль нарығындағы өсімге қосымша серпін берген.

Өткен жылы Еуропа нарығындағы электромобиль сатылымының 19 пайызы қытайлық брендтерге тиесілі болған.

Benchmark Mineral Intelligence бағалауынша, 2026 жылдан бастап Қытайда электромобильдерге сатып алу салығы алғаш рет енгізіледі. Сонымен қатар жаңа автокөлік айырбастауға арналған субсидия бағдарламасы енді көлік бағасына пропорционалды түрде есептелмек. Ал 2025 жылы субсидиялар фиксирленген мөлшерде беріліп, қолжетімді модельдерге басымдық жасалған еді. Осыған байланысты Қытайда 2026 жылғы субсидия деңгейі 2025 жылмен салыстырғанда төмен болады деп күтіледі.

2025 жылы Еуропада электромобиль сатылымы жылдық есеппен 33 пайызға артты. Бұл кезең Еуроодақта экологиялық талаптарды қайта қараумен және заңнамалық өзгерістермен ерекшеленді. Атап айтқанда, бірқатар елдерде субсидиялар кеңейтіліп, тұтынушыларға қосымша қолдау көрсетілді.

Ірі нарық саналатын Германияда сатылым 48 пайызға, Ұлыбританияда 27 пайызға өсті. Ал Францияда жыл басындағы әлсіз сұранысқа байланысты өсім небәрі 2 пайызды құрады.

Сарапшылардың айтуынша, алдағы кезеңде Еуропа нарығы үшін басты мәселе – іштен жану қозғалтқышы бар жаңа көліктерді сатуға тыйым салу талаптарын жұмсарту. Жаңа жоспарға сәйкес, 2035 жылға қарай көмірқышқыл газының шығарындыларын 100 пайыз қысқарту талабы 90 пайызға дейін төмендетіледі. Қалған 10 пайыз шығарындылар ЕО аумағында өндірілген төмен көміртекті болат, сондай-ақ e-отын мен биожанармайды қолдану арқылы өтелуі мүмкін.

Солтүстік Америкада (АҚШ, Канада және Мексика) 2025 жылы электромобиль сатылымы 4 пайызға төмендеп, 1,8 млн дана болды. АҚШ-та сатылым жылдық есеппен небәрі 1 пайызға өскен. Бұл 2025 жылғы 30 қыркүйектен кейін салықтық жеңілдіктердің тоқтатылуы және протекционистік сауда саясатының әсерімен түсіндіріледі.

Канадада субсидиялардың жойылуына байланысты сатылым 41 пайызға төмендеген. Ал Мексикада керісінше, қытайлық электромобиль импортының артуы есебінен сатылым 29 пайызға өскен.

Сарапшылардың болжамынша, 2026 жылы Солтүстік Америкада электромобиль нарығы әлсіз күйінде қалады. АҚШ-та сатылым көлемі алғаш рет соңғы 7 жылда шамамен 29 пайызға қысқаруы мүмкін.

Benchmark Mineral Intelligence құрамына кіретін Rho Motion компаниясының деректер жөніндегі директоры Чарльз Лестердің айтуынша, 2025 жылғы 20 пайыздық өсім электромобиль нарығының тұрақтылығын көрсетеді.

– Еуропа Қытайды басып озып, ең жылдам дамып жатқан аймаққа айналды. Солтүстік Америкадағы құбылмалы жағдай күтпеген жайт емес. АҚШ президенті Дональд Трамп қызметке кіріскеннен бері электромобильдерді қолдау шараларын қысқарту және өндірісті жергіліктендіру секілді уәделерін орындап келеді. Сондықтан АҚШ нарығының алғаш рет жеті жылда айтарлықтай қысқаруын күтіп отырмыз, – деді ол.

Айта кетейік, Еурокомиссия электромобильдерге көшу ережелерін жеңілдетуді ұсынады.

Қытайда электромобильдерге арналған қуаттау колонкаларының саны қарқынды өсіп келеді.

2025 жылы Tesla электромобильдер сатылымында қытайлық BYD-ден артта қалды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:139
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қаңтар 2026 02:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see143

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see142

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see140

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see139

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see138

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see138

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see135

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see135

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see134

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see126

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see126

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see124

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see124

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see123

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see120

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see118

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see115

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see115

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see114

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

12 Қазан 2026 15:20see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары