Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қызылордалық арулар Макаров тапаншасынан оқ атып сайысты

33°С қа дейін аяз: 10 наурызда елдің бірнеше өңірінде ауа райы күрт суытады

Шымкентте автожөндеу кешенінде өрт шықты

Денсаулық құқығы әділ және тең қолжетімді медицина

Былтыр Германиядан депортация жасау әрекеттерінің шамамен 60% ы сәтсіз аяқталған

Конституциядағы әлеуметтік жауапкершілік қағидасы қалай қалыптасқан?

Таяу Шығыстағы жағдай: 10 наурызға жоспарланған репатриациялық рейс тізімі жарияланды

Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты

Кредитті тезірек жабуға көмектесетін үш маңызды кеңес

Атырау облысында қорық аумағында мұзға батқан ірі қара мал қырылды

Өндіріс пен технологиясын Қытайға көшіріп, арзан автомобиль шығарғысы келген батыстық компаниялар ұтылды

Қазақстанда күн күрт суытып, аяз 30 градусқа дейін жетеді

2026 жылғы 1 шілдеден бастап электросамокаттарға нөмір тағу міндетті болады

Қазақстан мұнай құбырлары рекорд жаңартты

Жауын шашын, жел және көктайғақ: 10 наурызда ауа райы қандай болады?

Атырау облысындағы отбасының өлімі: ІІМ видео жариялады: 10 наурыз 2026, 15:54 жаңалықтар

Павлодар облысында сотталғанға тыйым салынған затты жасырын жеткізу әрекеті әшкереленді

​Атырауда қаза болған Наурыз бен Мейрамгүлдің денелері сараптамаға жіберілді

АҚШ Украина және Ресеймен үшжақты кездесуді кейінге қалдыруды ұсынды

Орал және Ақсай қалаларының бас жоспарларына өзгерістер енгізіледі

Әлемдік БАҚ тағы Қазақстан: Бейбітшілік кеңесі, транзиттік даму және Аралды қалпына келтіру

Әлемдік БАҚ тағы Қазақстан: Бейбітшілік кеңесі, транзиттік даму және Аралды қалпына келтіру

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Anadolu: Қазақстан бейбітшілік кеңесіне қосылды

22 қаңтарда Швейцарияның Давос қаласында АҚШ Президенті Дональд Трамп бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесіне Қазақстан қосылды. Ел кеңестің алғашқы мүшелерінің бірі болды. Бұл туралы Anadolu ақпарат агенттігі хабарлады.

Кеңеске АҚШ, Армения, Аргентина, Әзербайжан, Болгария, Венгрия, Индонезия, Иордания, Қазақстан, Косово, Пәкістан, Парагвай, Қатар, Сауд Арабиясы, Түркия, БАӘ, Өзбекстан және Моңғолия қол қойды. Қол қою рәсіміне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев және өзге де мемлекет және үкімет басшылары қатысты. Кеңестің төрағасы Дональд Трамп болып сайланды.

Қазақстан Президенті кеңеске қосылу арқылы Таяу Шығыста бейбітшілік орнатуға және халықаралық тұрақтылыққа үлес қосуға дайын екенін айтты. Бейбітшілік кеңесі бастапқыда Газадағы жағдайды тұрақтандыру үшін ғана құрылған еді, бірақ қазір оның айналысатын мәселелер ауқымы кеңейіп, халықаралық дауларды шешуге де қатысады.

ТАСС: Қазақстан халықаралық транзиттік-көлік торабына айналуы тиіс

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің халықаралық транзиттік-көлік хабы ретіндегі рөлін күшейту қажет екенін айтты. Бұл туралы ол Ұлттық құрылтайдың отырысында мәлімдеді. Ақпаратты ресейлік ТАСС агенттігі таратты.

Мемлекет басшысының айтуынша, Әуе жолдарын дамыту ісі Қазақстан үшін өте маңызды. Жаңа халықаралық рейстерді іске қосу қажет. Бұл – экономикалық мәселе ғана емес, азаматтары әлемді емін-еркін аралайтын ашық қоғамы бар мемлекет екенімізді білдіретін қадам.

- Еліміздің аумағында оннан астам халықаралық көлік дәлізі бар. Бұл – оң үрдіс, оны барынша дамыту керек. Дәл осы кезде Қазақстан өзін халықаралық көлік-транзит дәлізі ретінде танытуға тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Үкіметке авиация саласында, соның ішінде әуемен жүк тасымалдау ісінде нақты нәтижеге жету міндеті жүктелгенін еске салды. Оның айтуынша, еліміздің әлі күнге дейін Еуразияның әуемен жүк тасымалдайтын орталығы бола алмай отырғаны – кешірілмейтін қателік, қарапайым тілмен айтсақ, бұл – нағыз абсурд.

- Үкімет жүк тасымалдайтын мемлекеттік әуе компаниясын құру барысында қате шешім қабылдады. Неге екені белгісіз, бұл міндетті «Қазақстан темір жолы» компаниясына жүктеді. Егер Үкімет тапсырманы орындауға қауқарсыз болса, бұл жұмысты жеке құрылымдарға өткізіп беріңіздер, – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент елдегі авиаотын тым қымбат екенін сынға алды. Оның пікірінше, 100 миллион тонна көлемінде шикі мұнай өндіретін ел бола тұра, қара алтыны жоқ мемлекеттермен авиакеросин бағасы жағынан таласқа түсе алмай отырғанымыз ақылға сыймайды.

The Times of Central Asia: Қазақстан Солтүстік Аралды қалпына келтіруді жеделдетті

Қазақстан үкіметі Солтүстік Арал теңізін қалпына келтіру жобасының екінші кезеңін жедел іске асыруды көздеп отыр. Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігіне 2026 жылдың соңына дейін жобаның екінші кезеңін қаржыландыруды толық қамтамасыз етуді тапсырды. Алдағы төрт-бес жыл ішінде теңіздегі су көлемін шамамен 10–11 млрд текше метрге арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы The Times of Central Asia жазды.

Апта ішінде Үкіметте Солтүстік Аралды сақтау және қалпына келтіру мәселелеріне арналған жиын өтті. Онда Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов жобаның негізгі параметрлерін таныстырды. Оның айтуынша, екінші кезең аясында Солтүстік Арал теңізінің көлемі қазіргі 23 млрд текше метрден 34 млрд текше метрге дейін ұлғайып, су деңгейі 44 метрге жетуі тиіс. Сонымен қатар теңіздің беткі аумағы шамамен 3 065 шаршы шақырымнан 3 913 шаршы шақырымға дейін кеңейіп, Сырдария атырауының экожүйесін қалпына келтіру көзделіп отыр.

Қазақстан тарапы бұл мақсатқа жету үшін Көкарал бөгетінің биіктігін екі метрге көтеру және жаңа гидротехникалық нысандар салу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Жобаны іске асыруға Дүниежүзілік банк пен өзге де халықаралық серіктестер тартылуы мүмкін. Бектенов министрлікке 2026 жылдың ортасына дейін барлық техникалық дайындық жұмыстарын аяқтауды, ал жыл соңына дейін қаржыландыру мәселесін түбегейлі шешуді тапсырды.

Соңғы жылдары Солтүстік Аралға шамамен 5 млрд текше метр су қайта бағытталып, теңіз көлемі 23 млрд текше метрден асып түсті. Бұл көрсеткіш Қазақстанның су ресурстарын басқару тұжырымдамасында 2025 жылға жоспарланған межеден де жоғары. Бақылаушылардың айтуынша, жобаның екінші кезеңін жеделдету – бағыттың өзгеруі емес, Көкарал бөгетінің алғашқы нәтижелеріне сүйенген, ұзақ мерзімді стратегияның қисынды жалғасы.

– Солтүстік Арал теңізін сақтау – тек экологиялық емес, әлеуметтік және стратегиялық міндет. Үнемделген суды экожүйені қолдауға бағыттау -аймақтық тұрақтылық пен болашақ ұрпақтың денсаулығына салынған инвестиция, – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Билік Солтүстік Аралды қалпына келтіруді Қазақстанның ұзақ мерзімді су қауіпсіздігі стратегиясының маңызды бөлігі әрі Орталық Азия елдері арасындағы су саласындағы ынтымақтастықтың ықтимал үлгісі ретінде қарастырып отыр.

Report: Қазақстанда төрт ірі фармацевтикалық зауыт салынады

Қазақстан үкіметі Денсаулық сақтау министрлігі мен төрт фармацевтикалық компания арасында төрт жаңа фармацевтикалық зауыт салуға келісім бекітті. Report агенттігінің хабарлауынша, жобалардың жалпы құны 173 млрд теңге ($341,5 млн).

Жаңа зауыттар 356 атаулы дәрі-дәрмекті шығарады, оның ішінде әлеуметтік маңызды препараттар бар. Өндіріс онкологиялық және қант диабетін емдеуге арналған дәрілерді, иммундық, вирусқа қарсы, қан аздыққа қарсы, ауырсынуды басатын және қабынуға қарсы препараттарды қамтиды.

Екі зауыт Алматы қаласында салынады, қалған екеуі Түркістан және Алматы облыстарында. Алматыдағы зауыт онкологиялық және қант диабетін емдейтін дәрілерді шығарады, сондай-ақ фармацевтикалық белсенді ингредиенттер мен биопрепараттарды өндіреді. Түркістандағы зауыт еркін экономикалық аймағындағы кәсіпорын ауырсынуды басатын, қабынуға және суық тиюге қарсы дәрілер шығарады.

Euronews: Сирек қолжазбаларды сақтау – Қазақстанның тарихи жадын қорғау жолы

Қазақстанда тарихи құжаттар мен сирек қолжазбаларды сақтау ісі біртіндеп жүйеге түсіп келеді. Көне діни мәтіндерден бастап, өткен ғасырдағы саяси қуғын-сүргінге қатысты деректерге дейінгі құнды мұралар арнайы орталықтарда қалпына келтіріліп, ұзақ мерзімге сақтауға жіберіліп жатыр. Бұл бағыттағы жұмысты Euronews халықаралық арнасы назарға алды.

Еліміздегі ең ірі кітап қоры Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында жинақталған. Мұнда әлемнің 123 тілінде жарық көрген 7 миллионнан астам басылым бар. Солардың ішінде айрықша құндылыққа ие қор – шығыс және еуропа тілдеріндегі 40 мыңнан астам сирек кітап пен қолжазба.

Ұлттық кітапханадағы ең бағалы жәдігерлердің бірі – XII ғасырда куфа жазуымен көшірілген Құран қолжазбасы. Кітапхана мамандарының айтуынша, бұл мұра 1936 жылы Түркістаннан Алматыға жеткізілген. Діни жазбаларға қатысты саясат қатал болған кезеңде аталған қолжазбаның сақталып қалуы – үлкен тарихи олжа.

Қазіргі уақытта қолжазба арнайы жабдықталған жер асты қоймасында сақтаулы. Онда ауа температурасы мен ылғалдылық деңгейі тұрақты бақылауда ұсталады. Алдағы жылдары бұл жәдігер бірнеше кезеңнен тұратын күрделі қалпына келтіру жұмыстары арқылы жаңғыртылады.

Сирек басылымдарды қалпына келтірумен кітапхананың арнайы реставрация қызметі айналысады. Мамандар алдымен әр құжаттың қағазын, жазу бояуын және зақымдану сипатын зерттейді. Осыдан кейін ғана қалпына келтіру жұмыстары басталады.

Сирек мұраларды сақтау ісі «Ғылым ордасы» ғылыми кешенінде де жалғасып жатыр. Мұнда орналасқан Орталық ғылыми кітапхана қорында 5,8 миллионға жуық материал бар, оның 120 мыңға жуығы – сирек кітаптар. 2025 жылдан бері кешен еліміздің ғылыми және мәдени мұрасын сақтау жөніндегі республикалық жобаға қатысып келеді.

Жоба аясында шығыс тілдеріндегі қолжазбалар іріктеліп, қалпына келтіріліп, цифрлық форматқа көшіріліп жатыр. Бұл зерттеушілерге тарихи деректерге еркін қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Тарихи құжаттарды сақтау жұмыстарыҚазақстан Республикасы Президентінің Архивіндедеатқарылуда. Архив қорында XX–XXI ғасырлардағы саяси өмірге қатысты 1,5 миллионнан астам құжат бар. Соңғы жылдары мұнда 1930–1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргінге байланысты бұрын жабық болған 700 мыңнан астам материал қабылданған.

Бұл құжаттардың көбі ұзақ уақыт бойы қолайсыз жағдайда сақталған. Соған қарамастан, архив мамандары оларды қабат-қабат нығайтып, арнайы жапон қағазы арқылы қалпына келтіруде. Реставрациядан өткен құжаттар арнайы режимде архив қоймаларына орналастырылады. Мамандардың айтуынша, сирек қолжазбалар мен архивтік деректерді сақтау – елдің тарихи жадын қорғаудың маңызды қадамы. Бұл жұмыстар зерттеушілерге тарихи фактілерге толық қолжетімділікті қамтамасыз етіп қана қоймай, мәдени мұраны ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік береді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:75
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қаңтар 2026 10:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қызылордалық арулар Макаров тапаншасынан оқ атып сайысты

09 Наурыз 2026 03:13see112

33°С қа дейін аяз: 10 наурызда елдің бірнеше өңірінде ауа райы күрт суытады

10 Наурыз 2026 00:44see112

Шымкентте автожөндеу кешенінде өрт шықты

09 Наурыз 2026 10:42see111

Денсаулық құқығы әділ және тең қолжетімді медицина

09 Наурыз 2026 13:53see111

Былтыр Германиядан депортация жасау әрекеттерінің шамамен 60% ы сәтсіз аяқталған

09 Наурыз 2026 06:34see110

Конституциядағы әлеуметтік жауапкершілік қағидасы қалай қалыптасқан?

09 Наурыз 2026 19:07see110

Таяу Шығыстағы жағдай: 10 наурызға жоспарланған репатриациялық рейс тізімі жарияланды

09 Наурыз 2026 20:46see109

Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты

09 Наурыз 2026 10:58see109

Кредитті тезірек жабуға көмектесетін үш маңызды кеңес

08 Наурыз 2026 19:07see108

Атырау облысында қорық аумағында мұзға батқан ірі қара мал қырылды

09 Наурыз 2026 16:10see107

Өндіріс пен технологиясын Қытайға көшіріп, арзан автомобиль шығарғысы келген батыстық компаниялар ұтылды

09 Наурыз 2026 13:12see106

Қазақстанда күн күрт суытып, аяз 30 градусқа дейін жетеді

09 Наурыз 2026 09:36see105

2026 жылғы 1 шілдеден бастап электросамокаттарға нөмір тағу міндетті болады

10 Наурыз 2026 13:22see105

Қазақстан мұнай құбырлары рекорд жаңартты

10 Наурыз 2026 13:57see104

Жауын шашын, жел және көктайғақ: 10 наурызда ауа райы қандай болады?

10 Наурыз 2026 09:12see104

Атырау облысындағы отбасының өлімі: ІІМ видео жариялады: 10 наурыз 2026, 15:54 жаңалықтар

10 Наурыз 2026 15:58see104

Павлодар облысында сотталғанға тыйым салынған затты жасырын жеткізу әрекеті әшкереленді

10 Наурыз 2026 10:45see103

​Атырауда қаза болған Наурыз бен Мейрамгүлдің денелері сараптамаға жіберілді

10 Наурыз 2026 13:57see103

АҚШ Украина және Ресеймен үшжақты кездесуді кейінге қалдыруды ұсынды

10 Наурыз 2026 11:58see102

Орал және Ақсай қалаларының бас жоспарларына өзгерістер енгізіледі

10 Наурыз 2026 13:03see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары