Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Жемісті жеті жыл

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Әлеуметтік желілердің бала дамуына әсері сарапшылар пікірі

Әлеуметтік желілердің бала дамуына әсері сарапшылар пікірі

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Сарапшылардың айтуынша, гаджеттерді шектен тыс пайдалану баланың дамуына кері әсер етуі мүмкін. Бұл, әсіресе, мазасыздықтың артуына, ұйқының бұзылуына және өзін-өзі бағалаудың төмендеуіне әкеледі. Сонымен қатар, телефон мен планшетті ұзақ уақыт қолдану баланың сөйлеуін тежейді.

— Қазір біз диагнозы бар балаларды есепке алмай отырмыз. Әңгіме кеш сөйлей бастаған, яғни дамуы әлі толық қалыптаспаған балалар туралы болып отыр. Шамамен бір жасқа келгенде бала кемінде екі–үш сөзден тұратын қарапайым сөйлемдерді айтуы керек. Бұл — стандарт. Бірақ қазіргі кезде бұл норма үш жасқа дейін созылып кетті. Мен әр баланың сөйлеуінде кешігуі бар деп айтып отырған жоқпын, бірақ он баланың ішінде үш–төртеуі кеш сөйлейді, — деді нейропсихолог Ксения Костенко.

Маман балалардың өзінде «бірдеңе дұрыс емес» деп айтуға болмайтынын да қосты. Өйткені өзгерістер олардың өсіп келе жатқан ортасында жүреді. Баланың миы сыртқы ақпаратты қабылдайды және алған сигналдарға сүйене отырып әрекет етеді.

— Бұрын балалар бірге топ болып ойнап, сөйлесіп және белсенді қозғалыс көп болатын. Сол себепті олардың сөйлеуі жылдам дамитын. Қазіргі таңда, үш жасқа дейінгі кезеңде балаларға көңіл бөлу маңызды. Бұл кейін басқа танымдық процестерді дамытуға мүмкіндік береді, — деп түсіндірді сарапшы.

Ксения Костенконың айтуынша, егер бала тек смартфон қарап отыруға үйренсе, оған ақпаратты өз бетімен іздеудің немесе сұрақ қоюдың қажеті болмайды. Себебі жауаптар тез және күш жұмсамай-ақ келеді.

Фото: Видеодан скрин

— Екі баланы салыстырып қарауға болады. Бірі ата-анасымен сөйлесіп, ойнап, өзара байланыс арқылы дамып келеді. Екіншісі тек жылдам әрі көзге тартымды контентті көріп өсіп келе жатқан бала. Бұл жерде екі баланың даму ерекшелігі бірден байқалады. Телефонмен дос болған балақай әрдайым оңай жолды таңдайды. Сондықтан гаджеттерге тұрақты қол жетімділігі бар және телевизоры фондық режимде қосылып тұрған балалар сұраққа нашар жауап береді, айтқанды орындамайды. Нәтижесінде олардың сөйлеуі кешеуілдейді, — деп атап өтті нейропсихолог.

Ал Азамат Жаманшыновтың айтуынша, ЮНИСЕФ Kazakhstan Kids Online атты балалардың интернеттегі мінез-құлқына зерттеу жүргізді. Бұл зерттеу халықаралық әдістемеге негізделген. Әрі елдегі жағдай туралы жалпы түсінік алуға мүмкіндік берді. Зерттеу қорытындысы балалар интернетті ерте жастан пайдаланатынын көрсетті. Шамамен 46%-ы 5–8 жасында интернетке кіре бастайды, ал жас ұлғайған сайын олардың қатысу деңгейі арта береді.

Фото: Видеодан скрин

— Біз зерттеуден алаңдаушылық тудыратын белгілерді де байқаймыз. Мысалы, кибербуллинг деңгейі 21%-ға жетеді. Балалар интернетте таныс емес адамдармен байланысқа шығып, хабарламалар алады. Бұл деректер жарияланған, біз олармен бөлісеміз және олар болашақтағы жұмыс бағыттарын жоспарлауға көмектеседі, — деді ол.

Азамат Жаманшыновтың айтуынша, кәмелетке толмағандар көбіне өздеріне сенім артқан ересектердің құрбаны болып жатады. Олар әлеуметтік желілерде байланыс орнатып, фото- және видео материалдарды алады. Кейін оны заңсыз мақсатта пайдалану үшін қолданады.

Ол осы жағдайларда ересектердің басты міндеті — қауіпсіз сандық ортаны құру екенін атап өтті. Бұл тек инфрақұрылымды дамыту ғана емес, сонымен қатар балалардың интернетті қауіпсіз пайдалануына, ақпарат алуға, қарым-қатынас жасауға және өзін-өзі көрсетуге мүмкіндік беретін жағдайларды қалыптастыруды да қамтиды.

Естеріңізге сала кетейік, 12 қарашада Мәжіліс Цифрлық кодекс жобасы мен екі бірдей ілеспе заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Талқылау барысында депутат Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желілерде тіркелуге жас шектеуін енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Наурыз 2026 17:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see152

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see150

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see150

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see150

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see149

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see148

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see145

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see145

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see144

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see143

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see143

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see143

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see142

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see142

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see141

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see141

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see140

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see140

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see138

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see138
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары