Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Алматы облысы Кеген ауданында 43 ірі жоба жүзеге асады

Алматы облысы Кеген ауданында 43 ірі жоба жүзеге асады

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Алдағы 3 жылда Алматы облысының Кеген ауданында 167 млрд теңге болатын 43 ірі жоба жүзеге асады.

Нәтижесінде жүздеген адам жұмыспен қамтылады. Жалпы кейінгі бір жылда аудан бюджеті 2 есе ұлғайып, әлеуметтік-экономикалық саланың даму қарқыны жақсарған. Ауылдағы ауыз су проблемасы да кезең-кезеңімен шешімін тауып жатыр, дейді жауаптылар. Сондай-ақ Кегеннің кереметін көруге келетін туристерге де қолайлы жағдай жасалады. 

Кереге таулы Кегенде  жүзеге асатын жобалардың көбі ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету, инфрақұрылым және әлеуметтік сала сияқты бағыттарды қамтиды. Жобалар іске қосылған соң жүздеген тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады. Ауданында былтыр 15 жаңа әлеуметтік нысан салынып, ел игілігіне берілді.

Нұрбақыт Теңізбаев, аудан әкімі:

 - Атап айтып кететін болсақ, әлеуметтік саланың ішінде 6 медициналық пункттеріміз жаңадан облыстық құрылыс басқармасы арқылы салынды. 8 медпункт аудандық әкімшіліктің қаражатымен салынды. Жалпы тағы да біреуі ремонттан өтті. 

Көлсай келдеріне былтыр 600 мыңға жуық турист келсе, жалпы аудан аумағына 1 млн саяхатшы ат басын тіреген. Биыл Тұйық ауылындағы сарқырамаға электр желісі тартылып, Қайыңды көліне  апаратын жолға асфальт жабыны төселеді. Сонымен қатар «Көлсай 1» және «Көлсай 2» көлдеріне аспалы жол тартылады. Қара шатқалға шытынау эффектісі бар әйнек көпір салу жұмыстары басталып кетті. Жобаны жүзеге асыруға 3 млрд теңге көлемінде жеке инвестиция тартылды.

Айбек Оспанов, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

- Аспалы көпір бойынша қазіргі уақытта автотұрақты тегістеп қойды, орнын тегістеп жатыр. Енді болашақта, осы биылғы жылы көпірді бастаймыз деп отыр. Туристер жылына 400 мыңнан 600 мыңға дейін келеді деп жоспарлап отыр. Көпірдің ұзындығы 200 метр болады. 

Жалағаш пен Жылысай ауылдарында  мәдениет үйі салынып, пайдалануға берілді. «Ел іші – өнер кеніші» демекші, бұл ауыл өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдарына қуаныш сыйлады.

Баян Тойжанова, Жылысай ауылының тұрғыны:

- Біздің ауылға мәдениет үйі салынғалы екі айдың жүзі болып қалды. Сондай қуаныштымыз біз. Бізде медпункт салынып жатыр. Ауылдың көшелерін қандай көркейтіп жақсы жасады, светтер орнатты. Жақсы бізде жағдайымыз. Өте ризамыз. Ауылдың адамдарына жұмыс та табылып, жұмыс істеп жатырмыз. 

Сонымен қатар 6 білім беру нысаны ағымдағы жөндеуден өтті. Кегендегі мектеп-гимназияның материалдық-техникалық базасы  жаңартылды. Аудан өрендері облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық бәсекелерде жақсы өнер көрсетіп жүр. Көкпаршылар үш жыл бойы облыс жеңімпазы атанса, волейболдан қыздар командасы үшінші мәрте өңір чемпионы болып, аудан намысын абыроймен қорғады.

Бауыржан Тәліп, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:

- Қазіргі уақытта Кеген ауданында 12 ауылдық округінде 10 спорт түрінен спортпен айналысады. Оның жетеуі олимпиадалық спорт түрі, үшеуі ұлттық спорт түрлері. Жалпы 967 адам Кеген ауданы бойынша спортпен айналысады осы балалар мен жасөспірімдер мектебінде. 

Ауданда мал тұқымын асылдандыруға арналған жұмыстар жүріп жатыр. Ақтасты ауылындағы шаруашылық Австралия әдісі бойынша 1500 ірі қара ұстайды. Ал Қарқара ауылында тауарлы сүт фермасы жұмыс істеп тұр. Мұнда тәулігіне 2 тонна сүт өндіріледі.

Ардақ Айбарұлы, Аят Дүйсенбаев, Аманжол Жөңкешов

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:184
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қаңтар 2026 22:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары