Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Алматыда 40 қабатты кешеннің ендігі тағдыры не болмақ

Алматыда 40 қабатты кешеннің ендігі тағдыры не болмақ

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

RAMS Beyond деп аталатын 40 қабатты ғимараттың Тимирязев көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысындағы құрылысына қатысты халық арасында көп пікір айтылды. Редакция бұл нысан бойынша жағдайды нақтылау үшін Индустрия және құрылыс министрлігіне ресми сауал жолдады.

Кімдер жазаланды

Вице-министр Қуандық Қажкеновтің айтуынша, «Коммерциялық және жерасты автотұрағы бар көпфункционалды ғимарат (ЖК Beyond)» жобасының тапсырыс берушісі әрі жер учаскесінің иесі — «BR Construction Qazaqstan» ЖШС.

Қала әкімдігі жер иесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 316-бабының 1-бөлігі мен 321-бабы бойынша әкімшілік шаралар қабылдап, анықталған заң бұзуды жою үшін құрылыс жұмыстарын тоқтата тұру туралы нұсқама берген.

— Бүгінгі таңда анықталған заң бұзуды жою туралы нұсқамаға сәйкес құрылыс тоқтатылған, — деді вице-министр.

Жобаның ендігі тағдыры не болмақ

Қуандық Қажкеновтің айтуынша, салалық заңнамаға сәйкес елді мекен аумақтарын дамыту, оның ішінде құрылысқа рұқсат беру мәселелері жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде.

— Бұл нысан бойынша қала әкімдігі сәулет-жоспарлау тапсырмасын және келісілген эскиздік жобаны берген. Құрылыс қазіргі таңда тоқтатылған. Осы жылдың төртінші тоқсанында министрлік жоспарлы тексеріс жүргізуді жоспарлап отыр. Тексеру барысында рұқсат құжаттарының заңды не заңсыз екені қаралады. Егер заң бұзу анықталса, тиісті шаралар қабылданады, — деді вице-министр.

Министрлік өкілі бұл жоба бойынша сот ісі жүріп жатпағанын айтты.

Әкімдік не дейді

Жуырда Алматы әкімі Дархан Сатыбалды 40 қабатты ғимаратқа қатысты депутаттық сауалға жауап беріп, қала құрылысы бақылау басқармасы тарапынан құрылыс компаниясына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілгенін мәлімдеді.

Нәтижесінде, құрылыс компаниясы сәулет-жоспарлау тапсырмасын алып, эскиздік жобаны келісуден өткізгені анықталған. Сондай-ақ, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылған. Бұл аумақта сквер немесе әлеуметтік нысан салу жоспарланбаған.

Бұған дейін әкімдік Абай даңғылының оңтүстігінде, әл-Фараби даңғылының солтүстігінде, Яссауи көшесінің шығысында және Үлкен айналма жолдың батысында тоғыз қабаттан биік көпфункционалды ғимараттарды салуға тек олардың қоғамдық маңызы дәлелденген жағдайда және барлық талап сақталған кезде ғана рұқсат берілетінін хабарлады.

Еске салайық, тамыздың соңында Алматыда қоғамда үлкен дау тудырған 40 қабатты RAMS Beyond кешенінің құрылысы уақытша тоқтатылған еді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:150
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2025 16:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары