Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Қасым Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты Алтын қыран орденімен марапаттады

Венесуэланың тағдыры не болмақ?

Венесуэланың тағдыры не болмақ?

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Нью-Йоркте Венесуэланың болашағына қатысты қос бірдей отырыс өтті. Алғашқысы – Манхэттендегі Николас Мадуроның соты болса, екіншісі – Біріккен Ұлттар Ұйымы қауіпсіздік кеңесінің Венесуэладағы әскери операцияға қатысты жиыны.  

Каракасқа жасалған шабуылдың есебін Вашингтондағы АҚШ Конгресі де талап етіп, Трамп әкімшілігіндегілерді сұрақтың астына алды. 

Бұл – Нью-Йорктың Манхэттен соты маңына жиналған наразы халық. Бір топ Николас Мадуроның режиміне қарсылық танытып ұрандатып жатса, енді бірі Трамптың егемен елге баса көктеп кіргеніне ашулы. 

Рафаэль Эскаланте, венесуэлалық мигрант:

- Кері шегінер жол жоқ. Мадуро жылдар бойы елді күйретті. Миллиондаған адам босқынға айналды. Ол менің арманымды, отбасымды, достарымды тартып алды. Сондықтан біз бүгін осындамыз.

Сидни Лавинг, наразы топ өкілі:

- АҚШ-тың Венесуэла президенті мен оның зайыбын өз сотында ұстауға құқығы жоқ. Бұл айыптар жалған. Мұның артында билікті ауыстыру және Венесуэланың мұнайы мен ресурстарына қол жеткізу мақсаты тұр.

Ердана Ержанұлы, тілші:

- АҚШ соты Николас Мадуроға есірткі терроризміне қатысты төрт түрлі айып тағып, жұбайы Силия Флоресті соған болысты деп кінәлады. Алайда ерлі зайыптылар оны мойындаған жоқ. Таныстыру бағытындағы соттың бірінші кезеңі бар-жоғы жарты сағатқа созылды. Келесі отырыс 17 наурызда болады. Оған дейін заңгерлер құрамы толық бекітіледі. Арасында Джулиан Ассанжға қорғаушы болған танымал адвокат Барри Поллактың да бар екенін білдік. NBC арнасының хабарлауынша Поллак соттан «өзге егемен елдің президентін осылай тұтқындап әкету қаншалықты заңды» деп сұрайтынын айтқан.

Бұл сұрақ осы уақытта Біріккен Ұлттар Ұйымының қауіпсіздік кеңесінде де қойылып жатты. Шұғыл шақырылған жиында Венесуэла елшісі АҚШ әрекетін қатаң айыптады.

Самуэль Монкада, Венесуэланың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі:

- Егер мұндай әрекеттер жауапсыз қалса, құқықтың орнын күштің басуы қалыпты құбылысқа айналады. Бұл ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің негізін шайқалтады. Бүгін сынға түсіп тұрған тек Венесуэланың егемендігі ғана емес, халықаралық құқықтың беделі мен БҰҰ-ның абыройы. «Бірде-бір мемлекет өзін әлемдік тәртіптің қожасы әрі орындаушысы деп жариялай алмайды» деген қағида бос сөз болып қалайын деп тұр.

Әскери операцияны Ресей де, Қытай да заңсыз деп танып, АҚШ-тан Мадуроны босатуды талап етті. Ал Вашингтонның өкілі оған былай деп жауап қатты:

Майк Уолтц, АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі:

- Мемлекеттік хатшы Марко Рубио айтқандай, АҚШ Венесуэлаға да, оның халқына да қарсы соғыс жүргізіп отырған жоқ. Біз ешбір елді басып алмадық. Бұл – ондаған жыл бойы күшінде болған заңды айыптаулар аясында жүзеге асқан құқық қорғау операциясы. АҚШ өз халқына соңғы 15 жыл бойы зиян келтірген есірткі саудагерін тұтқындады. Енді ол Америка Құрама Штаттарында заң үстемдігі қағидатына сай сот алдында жауап береді.

Ердана Ержанұлы, тілші:

- Ал Марко Рубио бастаған Трамп әкімшілігі Конгресс алдында жауап беруге мәжбүр болды. Әскери операцияларды депутаттардың рұқсатынсыз жасамайтын АҚШ билігі Каракасқа шабуылын үн-түнсіз өткізгені үшін Капитол ғимаратында бірнеше сағаттық жиналысқа қатысты. «Бұл – әскери шабуыл емес, заң аясындағы құқық қорғау операциясы» деген желеуді естіген конгресмендер екіге бөлінді.

Чак Шумер, сенатор:

- Брифинг ұзақ болды, бірақ жауаптан гөрі сұрақ көп. Венесуэлаға қатысты жоспар нақты емес, үмітке ғана сүйенгендей әсер қалдырды. Мұндай әрекеттердің басқа елдерде қайталанбайтынына да еш кепіл берілген жоқ. Бұған дейін де билікті күшпен ауыстыру алдымен АҚШ-тың өзіне зиян келтірген, бұл жолы да солай болуы мүмкін деген оймен шықтым.

Майк Джонсон, АҚШ өкілдер палатасының спикері:

- Бұны Венесуэладағы билікті ауыстыру емес, биліктің әрекетін өзгертуге қойылған талап деп түсіну керек. Қазір онда уақытша үкімет құрылды. Венесуэла нарко-террористермен және америкалықтарға зиян келтіретін халықаралық қылмыстық ұйымдармен байланысын тоқтатуы тиіс. Бізде ықпал ету тетіктері бар, оның ішінде мұнай экспортының тәркіленуі де бар. Венесуэла аумағына әскер орналастыру немесе тікелей үкіметіне араласу жоспарда жоқ. Алдағы уақытта Венесуэлада сайлау өтеді деп күтеміз, бұл ел экономикасы мен тұрақтылығын сақтау үшін аса қажет.

Бұл уақытта Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригез Тelegram-дағы арнасында АҚШ-пен сындарлы диалог жүргізуге мүдделі екенін жазып, Дональд Трампқа Венесуэла халқының бейбіт өмірге лайық екенін жеткізген. Ал Блумберг басылымы «айлап созылатын сот процесі Мадуроның үкімін 2027 жылы бір-ақ шығарады», - деп жазды. 

Авторлары: Ердана Ержанұлы, Эндрю Фан

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:194
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қаңтар 2026 12:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see143

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see138

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see137

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see135

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see132

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see132

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see128

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see121

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see120

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see119

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see117

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see116

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see116

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see115

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see113

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see111

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see110

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see110

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see110

Қасым Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты Алтын қыран орденімен марапаттады

06 Қазан 2026 15:57see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары