Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Алматыда Цифрлық кодекс талқыланды

Алматыда Цифрлық кодекс талқыланды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Биыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланғаны белгілі. Жыл басталы­сы­мен дәл осы бағытты ілгерілетуде еліміз алғашқы қадамын жасап үлгерді. Таяуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Цифрлық кодекс туралы құжатқа қол қойды. Аталған ресми құжат цифрлық ортада мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру, азаматтардың жеке деректерін қорғау сынды өзекті мәселелерді қамтиды. Цифрлық кодекс туралы құжат «AMANAT» партиясы фрак­циясы депутаттарының бастама­сымен әзірленген. 

– Қазір біз кәсіби қауымдастықпен бірлесіп кодекстің негізгі ережелерін белсенді түрде талқылап жатырмыз. Себебі қазір оған қатысты қосымша заңнамалық, нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу кезеңі басталды, сондай-ақ Цифрлық кодекске ғылыми-практикалық түсіндірме дайындау жұмысы қолға алынды. Алда атқарылар мін­дет көп, сондықтан бұл құжатты қол­данатын нарық өкілдерімен, оны іске асыратын тараптармен кері байланыс орнату біз үшін өте маңызды, – деді Екатерина Смышляева.

Цифрлық кодекс – еліміздегі цифр­лық экономиканың, жасанды интеллект пен деректер айналымының құқықтық негізін қалыптастыруға бағытталған кеш­енді құжат. Сарапшылардың сөзінше, оның қабылдануы жаңа тәуекелдер мен қоғам алдындағы жауапкершілікті күн тәртібіне шығарады. 

– Айта кету керек, кодексті әзірлеу барысында IT және сараптамалық қауым­дастық өкілдері аса белсенді бол­ды. Жиынға қатысушылардың, шамамен жартысынан көбі де – сол жұмыс тобының мүшелері. Қазір бәрімізге осындай ашық диалог қажет. Бұл Цифрлық кодекс нормаларын дұрыс қолдануға және ұғынықты түсіндіруге мүмкіндік береді. Бұған дейін елімізде мұндай кодекс болған емес, – деді Мәжіліс депутаты.

Цифрландыру саласын дамыту үшін нарыққа ең алдымен білікті кадрлар қажет. Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс уни­верситетінің ректоры Ғани Сақ­тағанұлының сөзінше, бүгінде Қазақ­стан­дағы 115 жоғары оқу орнының жартысынан астамы IT және цифрлан­дыру саласында маман даярлайды. Бұл – қазіргі еңбек нарығында сұранысы жоғары бағыттардың бірі. Университет те осы үдерістен шет қалмай, IT саласы бойынша беделді оқу орындарының қатарына енген. 

– «Ақпараттық қауіпсіздік» маман­дығы бойынша университетіміз «Атаме­кен» ұлттық палатасының рейтингіне сәйкес үздік үштікке енген. Сонымен қатар «Ақпараттық жүйелер», «Ақпарат­тық технологиялар», «Жасанды интел­лект», «Деректерді талдау» сынды аса қажетті мамандықтар бар. Бұл бағыттарға жастардың қызығушылығы өте жоғары. Университет энергетикалық бағыттағы жетекші оқу орны болғанымен, IT факуль­теті де сұранысқа ие құрылым­дар­дың біріне айналып отыр. Өйткені жастар IT саласының болашағы мен жасанды интеллектің маңызын жақсы түйсінеді, – деді Ғани Нығыметов.

– Бүгінде қоғам екі үлкен бағытқа бөлініп отыр: дәстүрлі және цифрлық орта. Қазір көптеген мәселе цифрлық форматта шешіледі, деректер пайда болады. Бұдан туындайтын басты сұрақ – сол деректерді қалай жүйелі пайдалану керек, оларды қалай қорғау қажет? Міне, осының барлығын реттейтін негізгі құжат – Цифрлық кодекс. Дерек­тер қауіпсіздігі мәселесінің мемлекеттік саясат деңгейінде нақты көрініс табуы қуанарлық жайт, – деді ректор. 

Жиын барысында ICT саласындағы индустриялық кеңестің төрағасы Асқар Марат Алматы энергетика және байланыс университеті еліміздің цифрлық дамуы үшін кадрлар даярлайтын жетекші жо­ғары оқу орындарының бірі ретінде бұл бағытта өзін белсенді көрсетіп келе жат­­қанын негізге алды. «Цифрлық кодекс­ке сәйкес нормативтік-құқықтық базаны толық сәйкестендіру бойынша ауқымды жұмыс атқарылуға тиіс», – дейді ол.

– Біз цифрландыру саласындағы негізгі, іргелі құжатты қабылдадық. Ен­ді­гі кезекте ел тұрғындары бұл кодекс­тің не екенін, не үшін қажет екенін, қан­дай қоғамдық қатынастарды реттейтінін жақсы түсінуі керек. Өздеріңіз білетіндей, Президент биыл Цифрлан­дыру және жасанды интеллект  жылы деп жариялады. Осылайша, алдағы кезеңге нық әрі нақты саяси негіз қа­ла­нды. Бұл кездесуде код­ексті әзірлеуге қатысқан мамандар оның негізгі ереже­лерін түсіндіріп, жаңа заңға қатысты толғандырған сұрақтарға жауап береді. Қазір бізде халыққа арналған ашық үкіметтік кеңес жұмыс істейді, – деді ол.

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Алматы қаласы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:183
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қаңтар 2026 05:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see138

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see136

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see134

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see133

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see132

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see131

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see130

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see129

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see126

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see124

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see119

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see119

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see118

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see116

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары