Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Алтын Ордадан аймақтық державаға

Алтын Ордадан аймақтық державаға

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Сурет: e-history.kz

«Орта держава» немесе «аймақтық держава» термині 2010 жыл­дары алғаш рет Орталық Азия елдері туралы ағылшын тілін­дегі басылымдарда қолданыла баста­ға­ны­мен, бұл ұғымның шығу тарихы сонау XVI ғасырдан бас­тау алады да, «қырғи қабақ соғыс» кезінде ерекше өзектілікке ие болды. «Орта держава» немесе «аймақтық держава» ретінде танылудың өзіндік талаптары бар. Бұл ретте экономикалық тұрақтылық, дипломатиялық бел­сенділік және әртүрлі интег­ра­циялық форматтарға қатысу көр­сет­кіштері басшылыққа алынды.

Германияның «Stiftung Wissenschaft und Politik» (SWP) зерттеу орталығы «Орта державалар – халықаралық сая­саттағы маңызды қатысушылар» атты мақалалардың кешенді жинағын жариялап, онда «орта державаларға» жаһандық саяси және экономикалық аренада маңызды рөл атқаратын мемлекеттерді жатқызып, Түркия, Израиль, Үндістан сияқты елдерді қамтитын орта державалар тізіміне алғаш рет Қазақстанды да енгізді.

SWP сарапшыларының пікірінше, Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерінің арасында салиқалы сыртқы саясатымен ерекшеленеді, бұл оны аймақтағы негізгі ойыншыға айналдырады.

Сарапшылар Қазақстанның ха­лықа­ралық саясатта лайықты орын табуға тәуелсіз­дік­тің алғашқы жылдарында-ақ қамдана бастағанын мойындайды. Мысалы, мемлекетіміз Еуро­падағы қауіпсіздік және ынты­мақ­тастық ұйымына (OSCE) және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етті, Сирия қақтығысында («Астана процесі») арағайындық жасады. 2018 жылдың өзінде-ақ Қытай басшысы Си Цзиньпин Қазақстанды ық­палды аймақтық держава ретін­де танитынын атап өтті.

Бұдан өзге, аймақтық «The Times of Central Asia» басылымы Орталық Азия елдеріне салыстырмалы талдау жасап, олардың қайсысын 2025 жылы «орта державалар» санатына жатқызуға болатынын зерттеді. Зерттеу қорытындысы бойынша осы елдердің экономикалық күшіне, дипломатиялық ықпалына, стратегиялық әлеуетіне және бас­қару сапасына сараптама жасай келе, Қазақстанның аймақтағы жал­ғыз «орта держава» екенін анық­тады.

2025 жылғы сараптамада елдер­дегі  жан басына шаққандағы ІЖӨ және номиналды ІЖӨ, экспортты әртараптандыру, несиелік рейтинг және табыс немесе мемлекеттік қарыздың төмендігі сияқты нақты көрсеткіштер негізінде Қазақстан 2025 жылы аймақтағы «орта держава» ретінде танылған жалғыз ел болды.

Кез келген мемлекетің дамуы, ондағы қайта құрулардың табыс­ты жүруі, халықты біріктіру үшін ұлттық-мемлекеттік идеология­лар қол­данатындығы белгілі. Кеңес­тік жүйенің құлауы мен Орталық Азия республикаларының тәуелсіздігінен кейін ұлттық және мемлекеттік идео­логия мәселесі осы мемлекеттерде аса өзекті және тіпті өткір сипат алды.

Идеология – әлеуметтік құры­лым­ның ажырамас бөлігі және мем­лекеттің қалыптасуындағы қа­жетті элемент. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ешбір мемлекет өзінің идеологиялық бағытынан бас тартқан емес. Өйткені мемлекетке әрқашан идеяға, идеалға, тұ­жырымдамаға берілген адамдар қажет.

Бүгінгі жаһандану жағдайында Қазақстан әлемдік саяси, мәдени және экономикалық интеграция үдерістерінен тыс қала алмайтыны анық. Бұл үдерістер қазақ ұлтының ыдырауына емес, оның ортақ мәдениеті мен идеясы бар біртұтас организм ретінде әлемдік қоғамдастыққа кірігуіне ықпал етуі керек.

Белгілі бір ұлттық-мемлекеттік идеяның биік деңгейге көтерілуі және қоғамның талаптарын қана­ғат­­тандыруы үшін ол екі негізгі талапқа сай болғаны дұрыс.

Бірін­шіден, ең алдымен, ол осы елде тұратын халықтың мақсаты мен мүддесіне толық сәйкес келгені жөн. Әйгілі француз философы Монтескье айтқандай, «заңдар қалыптасқан үкіметтің табиғаты мен қағидаттарына; елдің физикалық қасиеттеріне және оның климатына, топырақтың қасиеттеріне, оның халқының өмір салтына, халықтың дініне, әдет-ғұрыптарына, т.б. сәйкес келуі керек».

Екіншіден, идеологияның мемлекеттік сипатқа ие болуы үшін қажетті тағы бір қасиет – ол осы мемлекеттің тарихымен байланысты болуы және осы қоғамда ұзақ уақыт бойы әдеттегі, жетекші идеологиялық деңгейде қалуы керек. Тек өзін-өзі ақтайтын сенім, халқымыздың мемлекеттік дәстүрлерімен тығыз байланысты, ұлттық-мемлекеттік идеология міндетін орындай алады.

Осы қағидаттарды түсінген көр­ші, туыс мемлекеттер – Өзбек­стан мен Қыр­ғызстан өздері­нің ұлттық-мемлекеттік идеоло­гия­сы­ның іргетасы ретінде Бахауаддин Нақшбанди, Манас мұраларын, Қырғыз мемлекеттілігінің, Әмір Темір империясының тарихын таңдады.

Қазақ елі де Жошы ұлысының тарихи мұраларын зерттеуге кірі­сіп, бұл саяси құрылымның мәде­ни, тарихи, рухани мұраларын темірқазық етіп алуға кірісті.

2026 жылдың 19-20 мамыр ара­лығында ЮНЕСКО қолдауы­мен өткен «Алтын Орда – дала өркениетінің моделі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиум Жошы ұлысының тарихи мұ­расын және оның Орталық Еуразия кеңістігіндегі өркениеттік үдерістердің қалып­тасуындағы рөлін жан-жақты зерделеу мақса­тында отандық және шетелдік жетек­ші ғалымдарды, сарапшылар мен халықаралық ғылыми қауым­дастық өкілдерін бір алаңға бірік­тірді.

Симпозиумның мақсаты – Қазақстан Республикасын Алтын Орда мұрасын зерттейтін жетекші халықаралық орталық ретінде таныту, сондай-ақ Жошы ұлысының саяси, экономикалық, мәдени және рухани мұрасын кешенді пәнаралық талдау арқылы Орталық Еуразия өркениеттерін зерттеу сала­сындағы елдің ғылыми әлеуетін көр­сету және оның Еуразиядағы қазіргі интег­­ра­циялық үдерістер үшін маңызын айқындау.

Бұл іс-шара және осы тақы­рыпта өтіп жатқан ғылыми жиын­дардың барлығы, еліміздің ұлт­тық-мемлекеттік идеологиясы ре­тінде Жошы ұлысы мен сол кезеңге дейін және содан бері жалғасын тауып келе жатқан тарихи үдерістердің сабақтастығына мемлекеттің айрықша ден қойып отырғандығын көрсетеді.

Біле білсек, мемлекет тарапынан жүйелі түрде насихатталып келе жатқан тарихи кезеңнің маңыздылығы ерекше. Өйткені бұған дейін ұзақ жыл бойы жүргізіліп келген идеологиялық бағдарлар «жылтырақ», жасанды, тарихи тамырсыз болып келсе, ендігі кезеңде нақты тарихи дәлелді, ұлттық сипаттағы, еліміздің аймақ­тық держава дәрежесіне лайықты, халық пен билікті біріктіретін, рухты көтеретін жаңа, шынайы идео­ло­гия­лық темірқазық белгіленді.

Ендігі кезекте, Алтын Орда десе Еуразия құрлығында салтанат құрған, өнеге алып, мақта­нуға лайықты, Ғұн, Түркі қағанат­та­рының, Шыңғыс хан империя­сы­ның заңды жалғасы, ұлттық мәде­ниет пен мемлекеттік дәстүрдің алтын бесігі – Алтын Орда феномені еске түсіп, кеудемізді ұлттық мақ­таныш сезімі кернеуге тиіс.

Еліміз бен халқымыздың бола­шағына бейжай қарай алмайтын әрбір азамат осы темірқазықты бағдар етіп, ұлттық-мемлекеттік идео­логияның рухани және мате­риал­дық негізінің нығаюына қыз­мет ету керек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумда сөйлеген сөзінде: «Қазақстан соңғы жылдары ауқымды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырып жатыр. Мұның еліміз үшін аса маңызды және өте жауапты қадам екені сөзсіз. Сондықтан біз алдымызда тұрған міндетті де жақсы түсінеміз: сана өзгермей, қоғам да жаңғырмайды, мемлекет те өркендемейді. Бұл – ақиқат. Соның ішінде тарихи сабақтастықты сақтау мәселесі аса өзекті. Онсыз ешқандай даму болмайтыны анық. Өткенге құрметпен қарамасақ, жарқын болашаққа қарай бет алу да қиын болмақ. Сол себепті біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарай нық сеніммен қадам басамыз» деген болатын.

Бүгінде «Аймақтық державаға» ай­на­лып отырған Қазақстанның осы мәр­тебені сақтап қана қоймай, тек ай­мақта ғана емес, әлемдік қоғам­дас­­тықтағы беделі мен абыройы өсе түсу үшін тарихи танымды ұлт пен мем­лекеттің мақтанышы, темір­қа­зығына айналдырудың маңызы аса зор.

Жомарт ЖЕҢІС,

Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бас директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:144
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Шілде 2026 12:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see161

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see145

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see140

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see134

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see130

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see129

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see128

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see126

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see126

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see126

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see125

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see124

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see121

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see120

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see115

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see111

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары