Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

AMANAT CUP: Астанада AMANAT партиясының кубогына арналған пікірсайыс турнирі мәреге жетті

AMANAT CUP: Астанада AMANAT партиясының кубогына арналған пікірсайыс турнирі мәреге жетті

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Астанада «AMANAT» партиясының кубогына арналған  AMANAT CUP  XХIІI республикалық пікірсайыс турнирі мәреге жетті. «Жастар рухы» Жастар қанаты мен  Qazaq Debate  қозғалысы ұйымдастырған сайыста ел аумағындағы үздік спикерлер анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

 «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек ел Президенті еркін ойлы жастардың зияткерлік әлеуетін дамыту ісіне әрдайым қолда қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті.

«Мемлекет басшысы біздің жастар айрықша түсінуге тиіс үш маңызды бағытты атап өткен еді. Олар – терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет. Сондықтан бұл пікірсайыс – тек сөз жарысы емес, ол ел тағдырына бейжай қарамайтын азаматтардың мектебі. Түптеп келгенде, мұның бәрі – интеллектуалды ұлт қалыптастыру жолындағы жүйелі саясаттың бір бөлігі», – деді ол.

Биыл сайысқа 150-ге жуық өтінім келіп түсті. Олардың арасынан 60 команда іріктеліп, қазақ (40 фракция) және орыс (20 фракция) командалары Британ, Америка және Линкольн-Дуглас форматтарында ойын өрнегін көрсетті.

Өз кезегінде Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Болат Керімбек пікірсайысшылар арасындағы бәсеке дамып келе жатқанын жеткізді.

«Бұл пікірсайыс жастардың ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін дамытуға және болашақта азаматтық белсенділігін арттыруға тың серпін береді. Осы орайда «AMANAT» партиясы жастардың таным көкжиегін кеңейту ісіне ерекше үлес қосып отыр. Белсенді жастарды қолдау қадамы әркез айрықша маңызға ие», – деді халық қалаулысы.

Ал  QAZAQ DEBATE  қозғалысының жетекшісі Ерболат Мұхамеджан сайысқа қатысушылардың ойын алдында тақырыпты жіті зерттеп, тыңғылықты дайындық жүргізуі мәселесіне тоқталды.

«Студенттік лига қатысушылары арасынан алдыңғы толқын пікірсайысшылардың орнын басатын талантты жастар шығатынына сенімдімін. Жұмыс істеп жүрген азаматтар осы лигаға қолдау білдіруі қажет. Ал студенттер турнир тақырыбын жіті зерттеп, тыңғылықты дайындықпен қатысуы керек. Сондықтан көбірек кітап оқып, сарапшылардың, саясаттанушылардың және профессорлардың пікірін ескеру маңызды. Сондай-ақ пікірсайыс кезінде логика мен дәлелді аргументтерді қолдану, эмоцияны дұрыс көрсету қажет», – деді ол.

 

«AMANAT» партиясы «Жастар рухы» Жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерованың айтуынша, турнирдің басты мақсаты – ұтымды ұсыныс айта алатын белсенді жастарға қолдау көрсету.

«AMANAT CUP  турнирі 2 жылдан бері партияның қолдауымен дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Биыл жобаға жүзден астам өтінім келіп түсті. Бұл – жастардың пікірсайысқа деген қызығушылығының айқын көрінісі. Қазақ және орыс лигаларымен қатар, биыл алғаш рет Студенттік лига енгізілді. Бастама студенттердің көпшілік алдында сөйлеу, ойын жүйелеу сияқты дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді», – деді ол.

Белгілі блогер Яков Федоров «AMANAT» партиясы пікірсайыс қозғалысының дамуына айрықша ықпал еткенін атап өтті.

«Бірнеше жыл бұрын осы  AMANAT CUP  турниріне қатысқан едім. Сол тұста бұл сайыс жас азаматтар үшін әлеуметтік лифтке айналды. Бүгінде осы пікірсайысқа қатысқан азаматтар мемлекеттік қызмет саласында еселі еңбек етіп жүр. Демек, пікірсайыс – ойды дәлелмен жеткізуге, аргументпен жұмыс істеуге және дұрыс шешім қабылдауға үйрететін орта. Осы күні турнирлер «AMANAT» партиясының қолдауымен жоғары деңгейде ұйымдастырылып келеді. Мұндай бастамаларды қолдау маңызды. Себебі талантты пікірсайысшылар тек Астана мен Алматыда ғана емес, шағын қалалар мен ауылдарда да бар. Партияның қолдауы олардың дамуына жол ашып отыр», – деді ол.

Осылайша, екі күнге жалғасқан ойын нəтижесі бойынша қазақ лигасында жүлделі 1-орынды – Дильназ Бауыржанқызы және Жәкен Нұрхан (Астана және Алматы қалаларының құрамасы) иеленіп, «AMANAT» партиясының кубогын қанжығалады. Ал 2-орынға – Жансерік Жолшыбек және Алтынай Қалдыбай (Алматы қаласы), 3-орынға – Асхат Есенов пен Сапарғали Батыржан (Ақтөбе облысы) және Зарина Бозова мен Ақерке Шайқы (Батыс Қазақстан облысы) лайық деп танылды. «Үздік спикер» – Дәулет Нүркен, «Үздік төрешілер» – Бақытжан Тұрсынов және Бакира Олжас.

Бұл ретте орыс лигасында Сұлтан Сатыбалды мен Камила Құрамысова жеңімпаз атанды. Ал 2-орынды – Айгерім Айбасова пен Дінмұхаммед Сағатбеков, 3-орынды – Самат Саяқов пен Мұратбек Нұрлан және Ерұлан Мейіржан мен Аруна Найманова иеленді. Осы лигадағы барлық қатысушылар – Астана қаласының намысын қорғады. «Үздік спикер» – Дінмұхаммед Сағатбеков. «Үздік төреші» – Жібек Әкімова.

Сондай-ақ Студенттік лигада 1-орынды – Нұрқадыр Серікқазы мен Дидар Арчин (Семей қаласы), 2-орынды – Махаббат Алипчеева мен Ақерке Дарханбек (Алматы облысы), 3-орынды – Аяулым Сайлауова мен Нұртас Нұрай (Ақтөбе облысы) және Нұрханым Бермұханбет пен Жадыра Қайратова (Атырау облысы) иеленді.

Еске сала кетейік, AMANAT CUP  турнирі аясында «Жастар рухы» Жастар қанаты мен Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Жастар форумының Еуразия аймақтық орталығы (ICYF-ERC) бірлесіп ұйымдастырған халықаралық  Model OIC  симуляциялық ойынына 60 қатысушы іріктеліп, төрт комитет бойынша бақ сынады.

Жеңімпаздар: Орталық Азия мен Кавказдағы геосаяси және қауіпсіздік сын-қатерлері комитеті – Рустам Таисынов (Best position paper), Дінмұхамед Омаров (Best speaker), Жанерке Маратқызы (Best delegate); Экономикалық және көлік интеграциясы комитеті – Дания Берікқызы (Best speaker), Камила Мұхтарова (Best delegate), Шыңғыс Шайкенов (Best position paper); Әлеуметтік-экономикалық даму және тұрақты өсім комитеті – Қажат Шәнті (Best delegate), Санжар Қойшыбек (Best position paper), Ақбота Нығметолла (Best speaker); Адам құқықтары, азаматтық қатысу және қақтығыстарды реттеу комитеті – Айкүнім Жұбан (Best delegate), Айдана Қаумет (Best position paper), Иссабек Абдуллазиз (Best speaker).

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:136
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қараша 2025 01:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see159

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see152

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see144

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see143

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see141

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see140

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see137

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see122

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see121

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see119

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see119

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see118

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see117

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see116

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see113

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see112

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see110

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see109

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see108

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары